kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Ауылымды Таңба дейді Еңбек дейді,
Осынау алып жатқан кең беткейді.
Басқаның талғамында жұмысым жоқ,
Мен үшін бұл ауылға жер жетпейді.
Төлеген РАҚЫМЖАНҰЛЫ.
ZhingistaiҮстіміздегі жылы Катонқарағай ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Қазіргі аудан құрамындағы ірілі-уақты 54 ауыл-селоның әрқайсысының аудан тарихынан алар өзіндік орны бары анық. Әрине, олардың бәрі бір мезетте пайда бола қалған жоқ. Халықтың өсіп-өнуіне, орналасуына, шаруашылық түрлерінің дамуына байланысты өркендеді. Сан алуан қоғамдық формациялардың ауысуына, Бұқтырма теңізінің пайда болуына байланысты бірен-саран ауылдар мен елді мекендер жойылып кеткен.
ХХ ғасырдың басында қазіргі Катонқарағай ауданының аумағы Өскемен уезіне қарап, Нарын, Алтай және Шыңғыстай болыстықтарын қамтиды. Шыңғыстай болысы 10 әкімшілік ауылдан құралған. Шыңғыстай болысын жиырма бес жыл үздіксіз билеген Әбдікерім Ережепов. Болыстық оған әкесі Ережеп Ноқайұлынан қалған мұра. Әбдікерім бұл мұраны қара басының қамына ғана пайдаланбаған. Әрі текті жерден шыққан, байлық та бар, ел сөзін сөйлеуге ұста,өзі зерек, ауыл молдасынан оқыған білімін өмір мектебімен ұштастыра білген. Ондай адам өлкені билеуге Ресей шенеуніктеріне де керек болған. Осындай беделге сүйеніп Әбдікерім ауыл-аймағына көп қарайласқан. Мемлекеттік Думаға екі дүркін сайланып, ел сөзін жоғарыға жеткізе білген. Қиын-қыстау кезеңде орыс үкіметімен тіл табысып, оқу орнын ашуға мүмкіндік алған. Ы.Алтынсарин үрдісін Шыңғыстай өңірінде алғаш жалғастырушы да осы Әбдікерім Ережепов.
Әбдікерім өз оқуын одан әрі жалғастыра алмаса да, Шыңғыстайға екі сыныптық мектеп аштырып, Қаратай еліне адал қызмет етті. Әбдікерім негізін қалап кеткен сол Шыңғыстай мектебі елімізге қаншама білімді мамандар, атақты адамдар тәрбиелеп шығарғанын лайықты мақтан етеміз.
Аудан тарихында содан кейінгі елеулі орны бар ауылдардың бірі – Таңба(Еңбек). Осы ауылдың тумасы Мұса Рүстемұлы(1865-1928жж) жоғарыда айтқан Әбдікерім Ережепұлының әрі тұстасы, ақылшысы, кеңесшісі, Қаратай елінің биі болған. Оны «Мұса да шықты Маядан, жылқысы кетпес саядан» деп он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Қаратай елінің ақыны Мақажан жырға қосқан екен.
Nazyrbaev_Kairdy.jpgМұса би Өр Алтайдың Тарғабатай, Шабанбай өңіріне қатты қызыққан патша өкіметі Х1Х ғасырдың аяғында қазіргі Катонқарағай, Марқакөл аудандарына баса-көктеп кіріп, переселендерді топ-тобымен айдап келе бастады. Қоныстан, жайлау мен өрісінен айырылған дәрменсіз қазақ пана таппай сандалғанда Мұса жер бөлу комиссиясына мүше болып кіріп, шамасының келгенінше халқының намысын қорғайды. Петербург, Омбы, Семей, Өскемен қалаларына барып, әкімдермен де, заңмен де таласып жүріп ел мен жерінің мүддесі үшін күреседі. Сөйтіп жүргенде, орыс оқымыстылары, өлке зерттеушілері Потанин, Самойлович, Радловтармен танысып, өз халқы жайлы көптеген мағлұматтар берген.
Жиырмасыншы жылдары қазақтың аса көрнекті оқымыстысы Әлкей Марғұлан да екі дүркін Өр Алтайда болып, Найман елінің шежіресін жинағанда оған Мұса би көп көмегін тигізген.
Әлихан Бөкейханов Алаш партиясының платформасы мен бағдарламасын талқылау мақсатымен 1920 жылы Семейге келеді. Баяндама біткен соң бірінші болып сөз алған Әбдікерім Ережепұлы екен. Пікір алысу үстінде Әлекең Әбдікеріммен және Мұсамен кеңірек танысады.
Мұсаның білімдарлығына, шешендігіне разы болған Әлихан бірнеше күн Семей қаласында ертіп жүріп маслихаттас болған екен.
«Әттең, ең болмағанда біз қатарлы оқыса, дүниенің төрт бұрышын білгендей екен-ау. Білімдінің барлығы Мұсадай болса, қазақ бүйтіп сорламас еді ғой» деген Мұса би туралы Әлиханнан қалған сөз бар.
Найман шежіресінің негізін құрастырып кеткен де Мұса би. 1914-15 жылдары Қаратай елінде болған Сұлтанмахмұт Торайғыровқа да Мұсаның шапағаты тиген. Мұса би де, Әбдікерім де Абайды оқыған, Шәкәріммен, Тұрағұлмен аралас-құралас болған.
Ақылы мен әділдігіне тәнті болған адамдар мұңы мен арыз-арманын айтып Мұса биге жиі жүгінген. Соны мойындаған Әбдікерім болыс та әр түрлі дау-дамайға, шешімі қиын шаруаға Мұса биді салып отырса керек.
1929 жылы тәргі мен қиянаттан қан жұтып, сұм заманнан түңілген Мұса өзін ұстап әкеткелі келе жатыр деген хабарды естіп, қандауырды бүйрекке салып жіберіп, жарық дүниемен қош айтысқан. Зираты Еңбек ауылының шығыс жағындағы «Ұзын жотадағы» қорымда жатыр.
Еңбек ауылынан шыққан айтулы тұлғалардың бірі, Ленин орденді ардагер ұстаз Садық Түкібаев (1898-1971жж). Садық 1912-16 жылдары Әбдікерім Ережеповтың Қақан деген баласымен бірге Башкирияның Уфа қаласындағы «Ғалия» атты медресесінде білім алған, одан кейін Шыңғыстай мектебінде оқыған. 1922 жылы өзінің туған ауылы Таңбада мектеп ашқан. Кеңес үкіметі тұсында Сәкең Таңба, Шыңғыстай мектептерінің алғашқы меңгерушісі міндеттерін атқарған.
С.Түкібаев 1928 жылы Петропавл қаласындағы иниспекторлардың өлкелік курсын бітірген соң, Семей губерниясы, Шыңғыстай аудандық оқу бөлімінің инспекторы, қазіргіше меңгерушісі болып тағайындалады. Сәкеңнің басшылығымен ауданда сегіз бастауыш мектеп (Майемер, Топқайың, Қабырға, Жаңаүлгі, Қиынжыра, Таңба, Ақшоқы, Жазатыр) ашылады.
1931 жылы Шыңғыстай және Катонқарағай аудандары біріккен соң, Катонқарағай аудандық оқу бөлімінің иниспекторлығына ауыстырылады. Сауатсыздықты жою, кедейлер комитетінің төрағасы міндетін атқарады, бір жылдай аудандық ішкі істер бөлімін басқарады.
1933 жылы Шыңғыстай шаруа жастар мектебінің (ШКМ) директоры, 1934-35 жылдары тағы да Катонқарағай аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Содан соң Күршім ауданындағы Маралды орта мектебінде (1937-1941 жылдары) директор, Тарбағатай аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі (1942), Тарбағатай аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы (1942-1945 жылдар) болып жұмыс атқарады.
Соғыс аяқталған соң, 1945 жылы Сәкеңді облыстық оқу бөлімі Марқакөл аудандық оқу бөлімін басқаруға жібереді. Ал 1949 жылдан бастап он бір жыл бойы Ленин атындағы Жаңаауыл орта мектебінің директоры болып істейді.
Сәкеңе ерен еңбегі үшін 1947 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалі және сол жылы «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озаты» белгісі, 1954 жылы Ленин ордені беріледі. 1960 жылы Марқакөлдіктер қарт ұстазды республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шығарып, туған жері Катонқарағай ауданындағы Еңбек ауылына құрметпен шығарып салды.
Садық Түкібаев 1971 жылы дүниеден өткенімен, оның есімі ескерусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 сәуірдегі №523 қаулысы бойынша 1922 жылы өзі негізін қалаған Еңбек орта мектебіне Садық Түкібаевтың есімі берілді.
Аядай Еңбек деген шағын ауылдан ауданымыздың оқу-білім, мәдениеті мен экономикасын нығайтуға өзіндік үлестерін қосқан көптеген адамдардың шығуында біз сөз етіп отырған Еңбек орта мектебінің лайықты үлесі бар.
Бұл мектептің Садық Түкібайұлының басшылығымен ашылғанын жоғарыда айттық. Мектеп ауыл тұрғыны Қанапия Қойшыбаевтың қос бөлмелі үйінде орналасқан. Ал 1928 жылы қызыл қарағайдан бастауыш сыныпқа лайықталған мектеп үйі салынған. Таңба бастауыш мектебінің алғашқы шәкірттері Мұхтар Сахарияұлы, Нұрлан Жарылғасынұлы, Күлзада Айтбайқызы, Берікбол Қашқынбайұлы, Омар Тлеуұлы, Мырзабек Оспанбайұлы, Солтанбек Бисатұлы болды. Солтанбек Шыңғыстайда 7 сыныпты бітірген соң, Семей педагогикалық техникумынан мұғалімдік мамандықты алып шықты. Нұрлан Жарылғасынұлы да ұстаздық жолды қалап, өмір бойы аудан мектептерінде абройлы еңбек етті.
Таңба бастауыш мектебі 1936 жылы жеті жылдық орталау мектеп болып құрылған. Осы мектепте балаларға дәріс берген ұстаздардың бірқатары Семей жақтан келген мамандар болған. Солардың қатарындағы Жұмаділ Серікбай,Сымықов Байхан, Үлкенбеков, Аханов секілді азаматтар 1937-38 жылдары қуғын-сүргін құрбаны болып кеткен көрінеді.
Сол жылдарда осы мектепте Серікбол Қашқынбаев, Бекбау Әбілев, Сағымбай Жәкежанов, Сағди Сләмбаев, Күлзиға Қанапина, Әбдіразақ Сахариев, Серікбол Жұмаділов, Жүкенбеков, Қабдуали Дәниев, Әйіп Ауғанбаев, Құрманғажы Өскенбаев, Тахан Жолаушинов, Зәбила Алпысова, Бияхмет Мыңбаев, Марусья Барсукова, Зейнелғабит Тоғызов, Қабиба Мыңбаева, Мырзабек Оспанбаев, Бақан Елбалина, Нұрахмет Хамитов, Қаматай Дубаев, Зарқұм Амренов, Ниязбек Серменов,Әлібек Тәшенов, Қабиба Ташенова, Әутәліп, Әлібек Тариндер, Сейітбек Сағидолдин,Елжан Қабдолов,Солтанғазы Абалақов, Қайникамал Захарина, Сакко Қашқынбаев, Нұролда Бияров, Оқа Сқақов,Құрман Балабаев, Әсия Досова, Күлзипа Сейтенова, Қатира Сахариева, Түгелбай Сахариянов,Дарияхан Қоджанбекова және басқа да азаматтар мұғалімдік қызмет атқарған.
Соғыстан кейін Мұсатай Садықов, Тақан Жолаушинов, Бияхмет Мыңбаев,Сәменхан Мұқамбеков, Қалиасқар Құмашев, Мәулетхан Нұрғазин,Әутәліп Бұлтинов, Оқа Сқақов, Құрман Балабаев,Қатира Сахариева секілді азаматтар мектеп директоры болды.Оның ішінде Қалиасқар Құмашев бес жыл, Құрман Балабаев он жыл, қалғандары бір-екі жылдан басқарған.
Мектепті ең ұзақ басқарған осы ауылдың, осы мектептің түлегі Төлеген Рақымжанұлы. Ол 1962-71 жылдары оқу ісінің меңгерушісі, 1971-78 және 1985-2000 жылдары мектеп директоры болды. Төлеген Рақымжанұлының белсенді жұмысының арқасында орталау мектеп 1994 жылы орта мектеп болып құрылды. Төлегеннің ұйымдастыруымен 1994 жылы мектептің 70 жылдық мерейтойы атап өтілді.
1994-95 оқу жылында мектеп өзінің тұңғыш түлектерін ұшырды. Он бір жылдықтың алғашқы түлегінің бірі Абалақов Дидар Оралбекұлы Катонда Рыков мектебінде ұстаздық етіп, кейін Риддер қаласында тұңғыш «Жерұйық» қазақ газетін ашып, редакторлық, "Шаңырақ" мектеб»нде ұстаздық, мемелекеттік тілді оқыту орталығында, білім бөлімінде, Халықтар Достығы үйі директоры, «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ-да, облыстық «Менің өлкем» газетінде журналист қызметтерін атқарған талантты жастардың бірі. Бұл күнде мектеп ашылғаннан бері түлеп ұшқан түлектер саны 2300-ден асыпты. Олар халық шаруашылығының, білім мен мәдениеттің әр алуан салаларында өздері қалаған мамандықтары бойынша абройлы еңбек етуде.
2000 жылдың тамыз айында Ғалия Сейтқұмарқызы Күршімбаева аудан әкімінің өкімімен Еңбек орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Ол бұл мектепке 1987 жылы келген жас маман еді.1988 жылдан 2000 жылға дейін мектеп оқу ісінің меңгерушісі міндетін атқарған,содан бері мектеп ұжымына басшылық етіп келеді.
Бұл ауылдан ел таныған, есімі елге белгілі текті адамдар көптеп шыққан. Мәселен, колхоз өндірісін дамытуға ерекше үлес қосқан, шаруаның жайын, ел басқаруды жеттік білетін іскер азаматтардың қатарында осы ауылдан шыққан Шанақ Ауғанбаев, Берікбол, Серікбол Қашқынбаевтар, Сейтқазы Тұрбаев, Бекбау Әбілев, Уәли Тұрсынов, Қаби Жамиғазин, Сәкөлек Серікбаев, Самархан Көбешов, Сағилан Мамырханов, Қабимолда Әбдікеров, Мамырбек Қайсанов, Мұхтар Сахариев, Нұқтарбай, Мұқтархан, Бабағұмар Раисовтар және басқалар бар.
Таңба ауылының тумасы Нұролда Бияров(1916 жылы туған) Семейдегі мұғалімдер дайындайтын училищені бітірген соң, 1934 жылдан бастап Терісбұлақ,Сорвенка, Қабырға ауылдарында бастауыш мектептің мұғалімі болған. 1943 жылдан 1946 жылға дейін Отан соғысына қатысып, одан аман-есен оралған соң Еңбек ауылында бастауыш мектепте мұғалімдік қызметін одан әрі жалғастырып, осы мектепте табан аудармастан 41 жыл ұстаздық етіп, зейнет демалысына шығады. Нұролда ақсақал зайыбы Күлзи екеуі отбасында жеті ұл тәрбиелеп өсірді. Олардың бәрі бірдей жоғары білім алып, жақсы қызмет істеп, еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан айтулы азаматтар болды.
Нұролданың үлкені Төлеухан (1949-2008 жж) физика-математика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстан-Британ техникалық Университетінің деканы, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Мұқтархан – Алматы сауда және инвестиция палатасы ЖШС-ң бас директоры, Базархан – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде оқытушы, профессор, Бердібек – филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың аға оқытушысы, доцент, Рафхат – Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебінде ұстаздық етеді. Ал, Есен мен Қаныш өздерін жақсы маман ретінде танытып жүрген шағында өмірден озды.
Ал, Бияровтар әулетінің ең үлкені Төлеуханның да нағыз ғалым ретінде өзін көрсетер шағында өмірден өтуі өкінішті. Бір айта кетер жай, көрнекті ғалым Төлеухан Нұролдаұлы Бияровты есте қалдыру жөнінде ауданда ешқандай іс қолға алынбай отырғаны қынжыларлық жайт.
Мектеп осы ауылдағы Сахариевтер әулетінен шыққан түлектерді де заңды мақтан етеді. Баламер Сахариев (1929-1979жж) – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, көрнекті ғалым, аудармашы, әдебиет сыншысы. Ол «Қазақ совет әдебиеті» оқулығының, «Уақыт тынысы», «Күрескер тұлғасы» атты сын кітаптарының, бірнеше аударма кітаптарының авторы. Ол 1962-79 жылдары М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер иниститутының аға ғылыми қызметкері болып істеген.
Ермек Сахариев – әуілгіде өзіміздің ауданда білім беру саласында еңбек етсе, кейіннен журналистика саласына бет бұрып, Алматыда «Түркістан», «Ана тілі», «Заман-Қазақстан» газеттерінде қызмет істеп жүр. «Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары» атты бірнеше кітаптардың авторы.
Сахариева Құралай – жоғарғы оқу орнында оқытушы, доцент. Сахариева Арай – тележурналист. Сахариева Нұрғаным – қазақ тілі мен әдеиетінің маманы, жоғары санатты ұстаз. Көп жыл Катонқарағайдағы Е.П.Рыков атындағы орта мектебінде, аудандық партия комитетінде қызмет істеді. Сахариянов Ақылбай Жүнісбекұлы – биология ғылымдарының кандидаты, Алматыдағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің оқытушысы. Ақылбайдың үлкен ұлы Марат Тайланд корольдігінде, Бангкок қаласында Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясында жұмыс істеді. Қазір Австриядағы ҚР елшілігінде істейді, Вена қаласында тұрады. Екінші ұлы Қанат ҚР «Хабар» агенттігінің бас директорының бірінші орынбасары, Астанада ашылған «Қазмедиа орталығының» тұңғыш бас директоры, «КТК» телекомпаниясының бас директоры қызыметтерін атқарды. Қазір «Аtameken Business Channel» телекомпаниясының бас директоры, PhD докторы, Астанада тұрады. Ақылбайдың кенжесі Ажар халықаралық бизнес университетін. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау иниститутының (ҚМЭБИ) магистратурасын бітірген. Алматы қаласында еңбек етеді.
Ауылдағы Бияровтар мен Сахариевтар әулетінен шыққан ұл-қыздар ауылдың да, мектептің де лайықты мақтанышы, үлгі-өнеге тұтар жандар.
Алайда, Еңбек ауылы мен Еңбек мектебінен түлеп ұшқан айтулы азаматтар жоғарыда айтылған әулеттермен шектеліп қалған жоқ. Ауылдың ғана емес, аудан тарихында өзіндік орны бар айтулы азаматтар аз емес. Төлеген Рақымжанұлы тірі болса биыл сексенге толар еді.Ол Еңбек мектебінде 40 жыл ұстаздық етті, «Халық ағарту ісінің үздігі». Талантты ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы. Төлеген – «Туған жер сені жырлаймын», «Буырқанған Бұқтырма», «Асылдарым», «Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» атты өлеңдер жинағының авторы.
Бақытжан Раисова – ұстаз, қазір Өскемендегі Жамбыл мектеп-гимназиясында еңбек етеді.Ол – талантты ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бақытжанның «Ай мен Алтай», «Сезім сәулесі», «Шағылға біткен шынармын», «Ғасырдың мұңы», «Кәусар дүние» атты өлеңдер жинағы жарық көрген.
Мұратбек Қабимолдин – Еңбек орталау мектебінде ұстаздық етті. Катонқарағай аудандық радио редакциясында жауапты редактор, аудандық «Арай» - «Луч» газетінде редактордың орынбасары, редакторы болып қызмет істеді.Өте алғыр, қарымды қаламгер еді.Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Мұратбек Қабимолдин 2000-2006 жылдары аудан әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарды.
Сқақов Ержан Оқаұлы – «Өскемен-құрылыс» компаниясы серіктестігінің және «Көкжал» шаруа қожалығының төрағасы,облыстық маслихаттың экс-депутаты,облысқа есімі кеңінен танымал меценат.
Осы жолдардың авторы ретінде менің өзім де Еңбек мектебінің түлегі екенімді мақтан етемін. Өмірде азды-көпті жетістіктерге жетсем осы мектептен алып шыққан алғашқы білімнің арқасы деп білемін. Бүгінде елге белгілі журналист, ақын, баспагер ретінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Республикасы Баспа және Полиграфия ісінің және Мәдениет қайраткері, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы атақтарының иесі және «Қаратай баба зираты», «Таудағы таңба», «Катонқарағай», «Қаратай батыр», «Бәйтендер шежіресі», «Өмір өтіп барады», «Катонқарағай қаламгерлері» атты кітаптардың авторы болсам, соның бәрі де өзімнің туған мектебімнен, сондағы ұстаздардан алған білімнің нәтижесі деп білемін.
Әрине, ауылдың ауыл болып ойдағыдай өмір сүруі үшін ондағы адамдардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы саласында еңбек еткен адамдар туралы айтпай кетуге болмас. Біздер ауылда колхоздардан соң совхоздар құрылған мезетті көріп қалдық. Еңбек ауылы 1957-59 жылдары «Алтай» совхозының бір бөлімшесі болып, одан соң «Өрел» қой совхозына қарады. Совхоз орталығы Өрел ауылында орналасты. Бөлімшеде егін шаруашылығы жоққа тән, негізінен жылқы, қой өсірілді. Біздің ес білген кезімізде, жылқы шаруашылығында, сауын бие бағуда Кеңесбек Мерғазин мен жұбайы Нүрсия, Жәнібек Тарин мен жұбайы Құбақ, Сапалақов Имансақып пен Жамал, ұлы Аманжол, бойдақ жылқыда Кеңесхан Мейрамбаев, Сайран Сахариев, Әлмұхан Қанапин және басқа азаматтар жүретін.
Далама Қошпанов, Айтқұрман Райымбеков, Аманжол Түкебаев, Елтай Кәсенов, Жанат Құдайбергенов, Кәрім Қожабаев, Қазбек Тлеуов, Дәулетбек Князбаев, Тарғыбатай Игіліков, Алтай Слямбаев, Нұржақып Самарханов, Әуелбек Скендіров, Ақжайық Қалибеков, Есболат Құйқабаев, Әйтөш Базарбаев, Қабдуали Саниязов, Асқар Асылбаев, Имашкөн Әкіжаев секілді механизаторлар қысы-жазы трактор мен машина рулінен түспейтін.
Шопандар Қақан Закариянов, Қамбар Нұрқастаев, Манап Қайсанов, Қазбек Сүгірбаев, Ақтай Рыспаев,Уания Ахметов, ауыл ұсталары Мәлғажы мен Әбілғажы Құдайбергеновтар және басқалар бөлімше экономикасын дамытуға зор үлестерін қосып жүрді. Жоғарыдағы аты аталған шопандар мен жылқышылар төл алу мен жүн қырқудағы, қымыз өндірудегі жоғары жетістіктері үшін партия мен үкіметтің әр алуан марапаттарынан кенде болған жоқ. Олардың бәрі де коммунистік еңбек екпіндісі, социалистік жарыс жеңімпазы, бесжылдық озаты белгілерімен марапатталып, Құрмет грамоталарын алды. Мәселен, Манап Қайсанов екі дүркін «Еңбек Қызыл Ту», Қақан Закариянов үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы», Кеңесбек Мерғазин «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Қамбар Нұрқастаев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.Бұлар сан рет ауылдық, аудандық Кеңестің депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланып, сан рет ақшалай, заттай сыйлықтарға ие болды.
Жетпісінші және тоқсаныншы жылдар аралығында бөлімше басқарушылары болған Мұхтар Сахариев, Қажан Қанапин, Мұхтархан Раисов, Дәулетхан Тоқсанбаев, Бауыржан Қанапин, Оралбай Бердіғожинов, Тохтархан Сақпанов секілді ауыл азаматтары шаруашылыққа өзіндік үлестерін қосып,іскерлікпен ел басқарған жандар. Ауылда көп жыл орманшы болып істеген Қабдрасөл Аманғұлов, Оралбек Абалақов секілді жігіттердің табиғат қорғау саласындағы еңбектері айтарлықтай.Бүкіл саналы ғұмырын бөлімшеде бухгалтер болып өткізген Зейнолда Төлегенов ақсақалдың еңбегін елемей кетуге болмайды.
Материалдың көлемі көтермейтіндіктен ауыл мен мектеп тарихын тереңдеп жазуға мүмкіндік болмады. Бүгінде Еңбек орта мектебінде 20 мұғалім қызмет етіп отыр. Бәрінің де жоғары білімі бар. Мектептегі оқушылар саны 76. Ұстаздар қауымы оқу-тәрбие саласында алға қойылған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруда.
Биыл қыркүйектің басында аталып өткелі отырған Катонқарағай ауданының 90 жылдығына орай біз осы аудандағы бір мектеп пен бір ауыл туралы шет пұшпақтап қана сөз еттік. Бәрін қамту мүмкін емес.
Сөз жоқ, аудан тарихында әрбір ауылдың, әрбір мектептің лайықты орны бар.
 Қайырды Назырбаев, жазушы, өлкетанушы,
Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений