kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

ust kamenogorӨскеменнің бұрынғы, тарихи атауы – Кеңгір-Тұра. Америкадағы әйгілі Гарвард университетінде жұмыс істейтін, сондағы Фэрбанк Қытай зерттеу орталығының зерттеуші ғалымы Нұрлан Кенжеахмет мұхиттың ар жағынан осындай тарихи құндылығы жоғары, тың мәліметті жеткізді. Қазақ тарихшысының айтуынша, американдық Бенджамин Сэмюэль Леви есімді студент 2013 жылы «Жоңғар босқындары және қытайлық Цин-Қазақ шекарасында империяның құрылуы, 1759-1773» («Jungar Refugees and the Making of Empire on Qing China's Kazakh Frontier, 1759-1773») тақырыбында докторлық диссертация қорғаған екен. «Ағылшын тіліндегі диссертацияны тек Гарвард кітапханасынан оқуға болады. Оның ғылыми жұмысында Кеңгір-Тұра сөзі үш жерде (біреуі түсініктемеде) кездеседі. Докторлық диссертацияның 212 бетіндегі түсініктемеде: «Kengger Tura is known as Ust-Kamennaya in Russian. It was the southern most outpost on the Russian “Irtysh Line” that marked the boundary of the Russian Empire» деп жазылған. Қазақша мағынасы: «Кеңгір Тұраны орысша Усткаменная деп атайды. Бұл Ресей империясының шекарасын белгілейтін «Ертіс сызығының» ең оңтүстігіндегі форпосты болды». Американдық студент ғылыми еңбегін мәнжүр тіліндегі архивтерге сүйене отырып жазған. Мәнжүр Қытайды 250 жыл билеген ұлт. ХХ ғасыр басында қытайлар ұлт ретінде жойып жіберген. Бір ғажабы, 1600-1911 жылдар аралығында өмір сүрген мәнжүрлер өз тілдерін 311 жылда дүние жүзіндегі ең ұлы тілдердің біріне айналдырды. Қазір мәнжүр тілін үйренушілер латын тілін үйренушілерден кем түспейді. Сұраныс өте жоғары. Мұның бізге де қатысы бар. Себебі, Абылай хан заманындағы қазақ тарихының сыры мәнжүр тіліндегі архивтерде. Қазақ тарихы туралы деректер неше мыңнан асады. Өзім мәнжүртанушы емеспін, алайда мәнжүр картасындағы топонимдерді зерттеу үшін Гарвардта мәнжүр тілін үйреніп жүрмін. Қазір мәнжүр картасындағы топонимдерді, мәнжүрше мұрағаттарды оқи аламын. Ал біз сөз етіп отырған американдық студенттің диссертациясының құндылығы – 100 пайыз Шығыс Қазақстан туралы жазылғандығында. Болашақта бұл еңбекті қазақ тіліне аударса игі іс болар еді» дейді тарихшы.
Қытайда білім алған, Германияда жұмыс істеген қазақ тарихшысы Өскеменнің 1757 жылға дейін Кеңгір-Тұра деп аталғанын бұған дейін өз сұхбаттарында айтқан болатын. «ХVІІІ ғасырдағы қытай деректеріне талдау жасасақ, Кеңгір-Тұраның қазіргі Өскемен қаласы екенін білеміз. 1757 жылы Әмірсананың ізіне түскен Цин генералы Шуньдэна өзінің мәлімдемесінде былай жазады: «Цянлун жылнамасының 22 жылы 6 айдың 16-сы күні (1757 жылы) Эсюньчоцюетэ тауынан асып, Та-эргунь өзеніне жеттік. Осы арадан қарақшылардың (Әмірсананы меңзейді – Н.К.) із-дерегін білдік. Келесі күні орыс территориясындағы Кеңгер-Тұра қаласына барып, адам жіберіп жайымызды хабарладық. 18-і күні орыс капитаны Ертіс бойына келіп, бізбен кездесті». Осы арадағы Та-эргунь өзені – Ұлан ауданы жеріндегі Тарғын өзені. «Цяньлунь нэйфу юйту» («Цяньлун патшаның орда картасы», 1769 жылы сызылған) картасындағы түсіндірмеге сүйенсек, Кеңгір-Тұра Ертіс өзені жағасында. Қытай ғалымы Тан Цисян құрастырған «Қытайдың тарихи атласының» VІІІ томында Кеңгір-Тұраны Өскемен қаласы деп ескерткен, оның пікірін басқа ғалымдар да құптайды. «Сиюй шуйдао цзи» кітабының V цзюаньында Ертіс өзені туралы: «Талигунь (Тарғын өзені – Н.К.) өзені (Ертіс өзеніне) батыстан қосылады, ... (осыдан соң) Ертіс өзені солтүстік шығысқа қарай ағады да, Кэнгэ-эр туланың шығысын жанай өтеді. Кеңгір Тұра орыстың шағын қаласы... Одан тағы солтүстік шығысқа қарай ағып, Сэнболотэ қаласынан (Семпалат, қазіргі Семей – Н.К.) өтеді» деген еді Нұрлан Кенжеахмет «Abai.kz» ақпараттық порталында берген сұхбатында.
Тағы бір қызықты дерек, көне Ренат (Ренат Юхан Густав деген шведтің әскери қызметкері 1716-1733 жылдары жоңғарлардың тұтқынында болған кезінде осы картаны сызған дейді) картасында Шығыс Қазақстанда Шүлбі, Үлбі және Бұқтырма өзендерінің ортасында Кеңгір деген өзен атауы көрсетілген. Аталған карта ағылшын саяхатшысы Джон Бадделидің «Ресей, Моңғолия және Қытай» деп аталатын екі томдық монографиясына да енген. Бұл тың мәліметті де бізге шет елдегі қазақ тарихшысы Нұрлан Кенжеахмет жеткізген еді.
Байқасақ, ертеректе Өскеменнің бір емес, бірнеше атауы болған секілді. Тарихшы Құрбанғали Халид «Тауарих Хамса» атты кітабында Өскеменді қазақтар бекініс салынғанға дейін «Дом» деп атағанын жазғаны мәлім. Өскемендік тарихшы, өлкетанушы Зайнолла Қайсенов «Шығыс Қазақстан облысының тарихи очерктері» атты еңбегінде Ұлан ауданы Сағыр ауылының тұрғыны Жүніс қарияның әңгімесіне сүйене отырып Дом атауына қатысты мынадай бір қызықты деректі келтіреді: « – Е, бір қазақ Ақ Ертістің (Үлбі өзенін ертеде қазақтар осылай атаған екен) бойына үй салыпты деседі. Бұл жақтан барған туысы ма, не жолдастары ма, ол күнде Ертісте көпір жоқ, атпен өтіп барса, әлгі қазақ тарсылдатып ағаш шауып жатыпты. Барғандар шаруасын бітіріп, бері өткенде бірі: «Әлгі тарсылдатып не істеп жатыр, соны сұрай салшы?» депті. Сонда ол «дом, дом салып жатырмын» деп дауыстапты. Сол жылдан бастап Өскеменге барамын деудің орнына «домға барамыз», «домнан келеміз» деп жүріпті жергілікті қазақтар. Крепость тұрған жер болмаса, орыстардың өздері де ертеректе Өскеменді «Дом» деп атаған екен».
Жалпы, соңғы жылдары Өскеменнің бұрынғы атауларына ғана емес, арғы тарихына қатысты да тың мәліметтер шыға бастады. Жергілікті археологтардың пайымынша, қала тарихы тереңде, оны қола, сақ, қимақ, ерте түрік деп бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыру қажет. Белгілі археолог Зейнолла Самашев бір сұхбатында Өскемен қаласының ішінен көне қалалардың іздері табылып жатқанына тоқталып: «Мәселен, қаланың Кірпіш зауытына бара жатқан тұстағы жерден топырақ қазып алып жатқанда талай бүлініп кеткен қорғандар табылған. Бұл – Х ғасырға жататын қорғандар. Одан табылған заттар қазір облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тұр. Яғни, бұл жерде орыстар келгенге дейін немесе келгеннен кейін де жергілікті этностың тіршілігі, тарихи сабақтастығы жойылып көрген жоқ» деген болатын.

Азамат ҚАСЫМ,
Шығыс Қазақстан облысы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений