kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Abai urpaktary

Әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы теңдесіз шығарма екені әмбеге аян. Бұл кітапқа қажетті деректердің көбін Мұхтар Әуезов ауыл тұрғындарынан хат арқылы да жазғызып та алып отырған. Ол Абай еліне келген әр сапарында көнекөз қариялармен сөйлесіп отырғанды жақсы көреді екен. Осылайша келе-келе Мұхаң жақсы араласып, сыйлас болған адамның бірі жазушы Кәмен Оразалин еді. Кәмен аға Мұхтар Әуезовтің бастамасымен қолға алынған «Абай ұрпақтары» қолжазба журналының ұзақ жылдардағы шығарушы бас редакторы болған адам. Осы журналды шығаруға 30 жылдық өмірін, еңбегін арнаған.

– Мұхтар Әуезов 1928, одан соң 1939 жылдары елге келген еді, – дейді жазушының ұлы, Абай аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Елдар Кәменұлы, – содан біраз жыл ауылға келе алмай, 1943 жылдың жазында ғана жолы түсіп, Аягөз қаласы арқылы Құндызды, Шет өңірлерінде болып, әкем Кәмен Оразалинмен жүздеседі. Айтуынша, «Абай» романының келесі кітабын жазып жүр. Үлкен қариялармен әңгімелесіп, Абай заманын біле түсуі керек екен. Мұхтар Әуезовтің қасында Сапарғали Бегалин, сыншы-ғалым Есмағанбет Смайылов, орыс жазушысы Полоцкий болған. Мұхаңды бүкіл ел-жұрт болып қарсы алып, арасында біздің әкей де жүреді. Әкем Кәмен Мұхтар Әуезовті сонда тұңғыш көрсе керек, былай дейтін: «Соғыстың ең қиын кезі. Сол кезде жұрттың көңілінде не жоқ дейсің? Біреулердің сөйлеуге тілдері келмей кемсеңдеп, енді біреулердің көзінен жас үнсіз парлайды. Бәрі-бәрін де Мұхаңа шаққалы келе жатыр. Мен Мұхаңды қалай көрсем екен деп көпшілікпен бірге тұрған едім, Мұхаң көліктен түсті. Сол кезде ғана жақындаңқырап барып көрдім. Мұхаңнан көз айырмадым. Қоңырқай жүзді, тұңғыш рет Мұхаңның көзінен жас көрдім, сұмдық. Мен өзім қалай жылап жібергенімді білмеймін, Мұхаңның көзіндегі жасты көргенде барлық өзімнің соғыста көрген қиыншылығымды мына кісілер бірге көріп тұрғандай сезіндім. Адам көп, қазақ үйге сыймайды, әкем де барған, шешем де барған, жеңгем бар еді, ол да барған, көпшілігіміз қайтып кеттік» - дейді. Сөйтіп әкем үйге келіп, біраз әсермен отырған кезде Ұлы Отан соғысынан қайтқан Тоққазы деген пошташы бар болатын. Сол кісі келіп, «Кәмен, сені Мұхтар аға шақырып жатыр» дейді. Сөйтіп әкемнің заңғар жазушымен таныстығы осылай басталады.

akemmen tuskenАлматыға барған соң 1943 жылғы елге сапары туралы Мұхтар Әуезовтің «Социалистік Қазақстан» газетінде «Ақын ауылында» атты очеркі жарыққа шығады. Сонда Мұхтар Әуезов былай деп жазған: «...Өр көңілдің өжетін, ез көңілдің керенауын, бойкүйезін айтам десе, онда да Абай таңба соғып, тап басып айтып кеткендей болады. Сондай-ақ Абай үлгісін өсиет етіп, айтып отыратын ірі әңгімешілер бар. Олардың бірі «Жүрек­адырдағы» қарт колхозшы Оразалы. Ол кісіден көп сөз естіп, көп тоқыған баласы Кәмен. Мұның өзі оқыған, өзі жазушы, Отан соғысынан жаралы болып қайтқан жас жігіт, әкесі білген әңгіменің көбін зор ынтамен айтады».

– Сол танысқаннан кейін Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын жазу барысында әкем Кәменге романға қажетті деректерді елдегі Ермұса, Тілеке, Рахымбай сияқты көнекөз қариялардан сұрастыруды және жекелеген адамдар туралы қосымша көптеген деректерді нақтылауға байланысты тапсырмаларды да беріп отырады. «Мұхаңның осы тапсырмаларын орындай жүріп, көп дүниеге қанық болдым» - дейді әкей. Әкем ұлы Абайдың өміріне арналған «Абай жолы» эпопеясының жазылуына септігін тигізгеніне қуанатын, – дейді Елдар Оразалин.

1950 жылы жазушы Кәмен Оразалиннің соғыс тақырыбына арнаған «Жексен» повесі жарыққа шығады. Тұңғыш кітабын сыйламақ болып, Мұхтар Әуезовке Алматыға келеді. Мұхаң «Оразалы ақсақал не деп сәлем айтып жатыр?» - деп сұрайды. Сол кезде Кәмен аға «Әкем Сізге, ақылдас ағаңмен, егерде мүмкін болса Алматыда қаласың ба, қайтесің?» дегендей болып еді» деген кезде, Мұхтар Әуезов салмақты түрде былай деп айтқан екен: «Е, Алматыда саған не бар? Бар жақсы қасиетті дүние елде емес пе. Сен Абай туған жерде отырсың, данышпан іздесең жаныңда Абай жатқан жоқ па? Сен менің тілімді алсаң елде бол, үлкендерді тыңда, көп нәрсені солар біледі. Сенің бойыңда азды-көпті талантың бар екенін көріп тұрмын. Сондықтан сен елде отырып жазатын бол. Сен менің осы тілегімді орындаймысың?» - деп, күлімсірей қарайды. Кәмен Оразалин «Орындаймын, аға!» - деп уәде беріп, кейін өз естелігінде: осылайша мен Абай ауданында мәңгілікке қалып қойдым» - деп есіне алады.

Мұхтар Әуезовтің Абайға деген құрметінің бір белгісі – «Абай ұрпақтары» әдеби-көркем қолжазба журналын шығаруы. 1939 жылы соғыстың алдында Шыңғыстауға келген Мұхтар Әуезов Қарауыл орта мектебінде оқушылармен кездесу өткізеді. Жиын барысында жазушы былай деп аманат жасайды:

«Сендер Абай ұрпағысыңдар. Ақын Абай аталарыңның ұлылығын болашақ ұрпақпен ұштастыратын да сендерсіңдер, олай болса осы мектеп жанынан әдебиет үйірмесін құрып, «Абай ұрпақтары» атты әдеби-қолжазба журналын шығарып тұрыңдар».

Шыңғыстау ауданындағы (сол кездегі Абай ауданының атауы) Қарауыл орта мектебінің жанынан «Абай ұрпақтары» атты қолжазба журналы шығатын болыпты. Оны ұйымдастырған, ақыл-кеңес берген Мұхтар Әуезовтің өзі екен деген ақпарат жер-жерге тарап, тіпті республикалық деңгейде қызығушылық арта түскен. Сөйтіп аудандық партия, комсомол комитеттері бірауыздан қолдау көрсетеді. Журналдың шығуына Шыңғыстау ауданы оқу бөлімінің бастығы Тәттібек Түсіпбаев, аудандық «Социалистік мал шаруашылығы» газетінің редакторы Сәду Ақбергенов, қолжазба газеттің әдебиет бөлімінің меңгерушісі Бейсенғали Кірбетов, комсомолдың хатшысы Қауыс Көзбаевтар ерекше еңбек сіңіреді. Ең алғашқы редакторы 9-сынып оқушысы Талғат Әбенов еді. Бұдан басқа да сыныптың оқушылары Еженхан Құсайынов, Сыбанғали Серікбаевтар да іске белсене кіріседі. Журналдың беттерін оқу­шы Кәбира Сәдуақасқызы қолмен жазып шығарады. Сол мектепте қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ беретін Күлзира Мүлікбаева, Мұхаметжан Әбенов (Талғаттың әкесі), географ, мұғалім Ұлықбек Байырбеков, математик Ғабдолла Асылаевтар да қолжазба журналды шығаруға атсалысқан. Тұңғыш нөмірдегі ақын Абай туралы бас мақаланы оқу бөлімінің бастығы Тәттібек Түсіпбаев өзі жазады.

1939 жылдың желтоқсан айында «Абай ұрпақтары» қолжазба журналының ең алғашқы нөмірі жарыққа шығады. Облыстық, республикалық газеттердің барлығы «Абай ұрпақтары» журналына қолдау көрсетіпті. Жазушы Мұхтар Әуезов, «Октябрь балалары» газетінің қызметкерлері Бәткен Сағындықов пен Баубек Бұлқышев құттықтау телеграммасын салады.

«Абай ұрпақтары» қолжазба журналының тұңғыш санына Мұхтар Әуезов былай деп бата береді: «Новгородтың «Тоз» дәптері, Египеттің ширатпа пергамент «Шөншігі», медресе «Ғалиядағы» кезінде Б.Майлиннің «Шұғаның белгісін» басқан «Садақ» атты қолжазба» журналы сияқты «Абай ұрпақтары» да ел есінде мәңгі сақталады».

1942-1943 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі мектеп директоры, ақын Тұрсынхан Әбдірахманова журналға редактор болып, «Абай ұрпақтарының» бірнеше санын шығарады. Дегенмен соғыс кезінде көп сандары тезірек шықпай, азайып та қалады. Абай орта мектебінің 1945 жылғы түлегі, академик Серғазы Қалиев та журналға көп еңбек сіңіреді.

Ұлы Отан соғысы аяқталған кезде, журналдың қайтадан жандануына еңбек сіңірген жазушы-ұстаз, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Парасат» орденінің иегері Кәмен Оразалин еді.

– Әкем 1944 жылдан бастап, отыз жыл бойы «Абай ұрпақтарының» редакторы болды, – дейді Елдар Оразалин; – журналды шығару үшін талантты жастарды шақырды. Әдебиет бірлестік Рысхан Мусин, Роллан Сейсенбаев, Сұлтан Оразалин, Мерғали Ибраев, Төлеген Жанғалиев, Бейбіт Сапаралы, Тыныштықбек Әбдікәкімов сияқты ақын-жазушылар, Манар Құрманбеков, Мейрамбек Жанболатов сияқты қаламгерлерді, Жәнібек Кәрменов, Арғынбек Ахметжанов сияқты талант иелерін шыңдап өсірді.

«Абай ұрпақтары» қолжазба журналының алғашқы хатшысы Кәбира Садуақасқызының айтуынша, 1940 жылы шыққан жур­налдың үш саны Абайдың 95 жылдығына арналған екен. 1959 жылы журналдың 20 жылдығына байланысты Мұхтар Әуезов былай деп құттықтайды: «Бәрімізге ортақ ұлы Абай атамыздың қадірлі ұрпақтарын, журналдың XX жылдық даңқты мерекесі күні жалынды, достық сәлеммен құттықтаймын. Журналдың гүлденіп өсіп, оның талантты да дарынды жастармен қатарының көбейе беруіне тілектеспін».

Раушан Нұғманбекова,

журналист

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений