kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Биылғы жылдың 9 қаңтары күні бұрынғы Большенарым, қазіргі Үлкен Нарын ауданының құрылғанына 90 жыл толғалы отыр. 1935 жылы қаңтар айының 9 жұлдызында Зырян, Катонқарағай және Күршім аудандарының жерлерінен бөліне отырып Болшенарым ауданы құрылады. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті (ВЦИК) оны 1935 жылдың 31 қаңтарында бекітеді. Ауданның құрылуымен 1935 жылы жұмысшылар, шаруалар және қызылармияшылар депутаттарының аудандық кеңесі құрылады. Аудандық атқару комитетінің бірінші төрағасы болып Спиридонов Константин Петрович сайланады. Ол 1895 жылы 14 желтоқсанда Қазан қаласында туған, әкесі – ұста, шешесі – тігінші, 1914-1917 жылдар аралығында бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, одан кейін қызыл қылыш эскадрильясының командирі ретінде Қазаннан Қытай шекарасына дейін азамат соғысына қатысқан, 1921 жылдан БКП(б) мүшесі. Жауапты хатшы Баймурдин, аудандық жер бөлімінің бастығы Акижанов болады. (толық аты-жөндері табылмады)

1935-1936 жылдары ауданның саяси-экономикалық ахуалы төмендегідей болады: жер көлемі 3698 шаршы километр, халқының саны 25947 адам, олардың 3779 қазақтар, 22168 орыстар және басқа ұлттар, 8971 - жұмысшы, 14725 - кохозшылар, 1915 - кедей адамдар, орта шаруалар - жоқ, бай, кулактар - 336; халықтың 74,49% - сауатты, 8,96% - жартылай сауатты, 16,55% - сауатсыз; орташа тығыздығы бір шаршы километрге 7 адамнан келеді.

Ауданның әкімшілік бөлінісі: орталығы – Большенарым ауылы, ауылдық кеңестер – 22, елді мекендер саны – 41. Сол кездегі ауылдық кеңестер мен олардың орталықтары: Буранов ауылдық кеңесі (орталығы Буранов), Хайрузовка (Хайрузовка), Егізтөбе (Нагуманов), Усть-Нарым (Усть-Нарым), Малокрасноярка (Малокрасноярка), Трушников (Трушников), Үркер (Свинчатка), Көкөзек (Көкөзек), Жұлдыз (Кіші Қоңқай), Малонарым (Малонарым), Солоновка (Солоновка), Новополяковка (Новополяковка), Сенное (Сенное), Огневка (Огневка), Орджоникидзе (Малонарым тау-кен кәсіпорны), Ульяновка (Ульяновка), Солдатово (Солдатово), Яры (Яры), Майемер (Майемер), Үштөбе (Үштөбе), Новоберезовка (Новоберезовка), Большенарым (Болшенарым). Егізтөбе, Үркер, Көкөзек, Жұлдыз, Майемер және Үштөбе ауылдық кеңестерінде қазақтар басым болса, қалған ауылдық кеңестерінде орыс ұлтының өкілдері басым болды.

Сол жылдары: 39 ұжымшарлар (олардың 13 ірі), 604 жеке шаруашылықтар, 52 «бай кулактардың» шаруашылықтары, І және ІІ буынды 36 мектеп, 55 сауат ашу және ересектерге арналған мектептер, 15 клуб, 16 оқу үйлері (изба читальня), 1 киноқондырғы, 4 радиоузель (Большенарым, Малокрасноярка, Новоберезовка, Солдатово ауылдарында), 20 төсек-орындық аудандық аурухана, емхана және дәріхана, 13 партия, 44 комсомол, 8 кәсіподақ ұйымдары болған. 1936 жылдың желтоқсан айынан бастап 1000 дана тиражбен «Сталинская путь» атты аудандық газет шыға бастаған.

Колхоздарға Большенарым және Новоберезовка ауылдарындағы екі МТС қызмет еткен. Большенарым ауылындағы МТС 1934 жылы құрылып, құрамындағы 61 трактор, 11 жүк және 2 жеңіл автокөліктерімен 12 ұжымшардың 17024 га егістігін өңдеген, директоры И.Кива деген адам болған. Новоберезовка ауылындағы МТС 1936 жылы құрылып, құрамындағы 44 трактор, 6 комбаин, 7 жүк және 1 жеңіл автокөлік, 3 қос аттық арба (бричка), 13 жұмыс аттарымен 47 жұмысшы 10 ұжымшардың 10662 га егістігін өңдеген, директоры Пипа деген адам болған.

Аудан орталығында мал өнімдері шикізатын дайындайтын Семей «Главмясо» ет комбинатының бөлімшесі болған. Алтын өндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз ететін мекемеден басқа Большенарым және Малокрасноярка ауылдық тұтыну қоғамдары (сельпо), Большенарым, Малокрасноярка, Новоберезовка, Солоновка ауылдарында ашық базарлар қызмет атқарған. Большенарым және Малокрасноярка ауылдық тұтыну қоғамдарында нан, ет және жем дайындайтын дайындау пункттері болған. Ауданға және көрші Катонқарағай ауданына механизатор кадрларды дайындау үшін механизаторлар мектебі ашылып, оның курстары Солоновка ауылында да ұйымдастырылады. Соңынан осы мектептің негізінде механизаторлар дайындайтын училище құрылып, СПТУ-16 деп аталып, 1935-1980 жылдар арлығында 13 мыңға жуық механизаторлар дайындайды. Олардың ішінде Слабодчиков К.С., Сычук А.Е. Социалистік Еңбек Ері атанып, көпшілігі еңбектері үшін орден медальдармен марапатталды.

1935 жылы ауданда өнеркәсіп кәсіпорындарынан: Оңтүстік Алтай кеніш басқармасы (43 жұмысшы, 38 қызметкер), алтын өндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз ететін мекеме (золото-продснаб) (14 жұмысшы, 33 қызметкер), қала маңындағы шаруашылық (пригородное хозйство) (39 жұмысшы, 11 қызметкер) – бұлардың үшеуі де Солдатово ауылында болды, кен басқармасы Бүкілодақтық маңызды иеленді; сондай-ақ екі алтын өндіру кәсіпорны Теректі (173 жұмысшы, 4 қызметкер), Малонарым (900 жұмысшы, 14 қызметкер), бұлардың барлығында 1169 жұмысшы, 100 қызметкер еңбек етті. Жыл сайын мамыр-тамыз айлары аралығында алтын өндіру жұмыстарына сырттан 500 жуық адамдар келіп еңбек етіп отырған. Кен орындарының жұмысы құпия болып, олар алтын өндіру бойынша Бүкілодақтық «Алтайзолото» тресінің құрамына кірген. Кейіннен Майемер және Свинчатка кен орындары ашылған.

Ауданда Усть-Нарым, Солдатово және Солоновка ауылдарында жылына 1600 центнер май шығаратын үш май зауыттары болған, оларда 25 жұмысшы, 4 қызметкер еңбек еткен. Үш зауыт та жылқы жетекті құрылғылармен қамтамасыз етілген, олар Большенарым, Катонқарағай, Зырян, Бұқтырма, Самар және Күршім аудандарын қамтитын ауданаралық Малокраснояр зауыт басқармасына қарайды.

1954 және 1957 жылдары Қазақстанда жергілікті кеңестерді қайта құру жүргізіліп, сол жылдары Шығыс Қазақстан облысының да көптеген селолық және ауылдық кеңестері таратылып, басқа кеңестерге біріктіріледі. 1954 жылы 13 тамызда: Боран және Большенарым – Большенарым, Егізтөбе, Көкөзек және Жұлдыз — Жұлдыз, Майемер, Үштөбе, Яры, Орджоникидзе және Новоберёзовка — Новоберёзовка, Малонарым және Солоновка — Солоновка, Огнево және Ульяновка — Ульяновка, Үркер, Усть-Нарым және Хайрузовка — Хайрузовка ауылдық кеңестеріне біріктірілді.

Шағын ұжымшарларда материалдық-техникалық базаны дамыту, техникалар мен еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану және басқару тиімсіз болғандықтан 1950 жылдан бастап шағын ұжымшарлар ірілендіріліп біріктіріле бастайды. 1957 облыстық атқару комитетінің шешімімен экономикалық тұрғыдан нашар ұжымшарлар кеңшарларға (совхоздарға) біріктіріліп, ауданда кеңшарлар дәуірі де басталады. Осыған байланысты аудандағы ұжымшарлар біріктіріліп ұлғайса, кейбіреуі кеңшарларға айналады.

1956 жылы Новоберезовка ауылындағы «2 бесжылдық», Майемера ауылындағы «Амангелді», Яры ауылындағы «Баррикада» және Үштөбе ауылындағы «Ворошилов» ұжымшарлары «Ворошилов» атындағы ұжымшарға бірігіп, орталығы Новоберезовка ауылы болып белгіленеді. Новоберезовкадағы МТС-ті 1957 жылы 1 миллион сомға несиеге ұжымшар сатып алып, 1958 жылы толық өтейді. 1958 жылы Огневкадағы «Буденный», Красная Полянадағы «Красная Поляна», Ульяновкадағы «Ленин» колхоздары «Ворошилов» атындағы ұжымшарға бірігіп, «Ленин» атындағы ұжымшар болып аталады. Бұл ұжымшарды 1956 жылдан бастап ұзақ жылдар Бошай Кітапбаев басқарады. Бошай Кітапбаев 1971 жылдың 8 сәуірінде ауылшаруашылық өндірісін дамытудағы және егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін мемлекетке сатудың бес жылдық жоспарын орындаудағы жетістіктері үшін Ленин орденімен және "Орақ пен Балға" алтын медалімен марапатталып, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болады.

30 жылдары Солоновка ауылында «Мирзоян» атындағы және «Новая жизнь» атты екі ұжымшарлар, ал Малонарым ауылында «Пламя революции» және «Жданов» атындағы ұжымшарлар болады. 1937 жылы «Мирзоян» ұжымшарынан «Ильич» атты ұжымшар бөлініп шығады. 1940 жылы «Мирзоян» ұжымшары, 1952 жылы «Новая жизнь» ұжымшары «Ильич» ұжымшарына бірігеді. 1944 жылы Малонарымдағы «Пламя революции» ұжымшары «Жданов» атындағы ұжымшарына бірігеді. 1958 жылы Солоновкадағы «Ильич» ұжымшары мен Малонарымдағы «Жданов» ұжымшарларының бірігуімен «Жданов» ұжымшары құрылады. «Жданов» ұжымшары табысы бойынша «миллионер» ұжымшар атанып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары үнемді (высоко рентабельный) шаруашылық атанады. Ұжымшарды 1964 жылдан бастап ұзақ жылдар Ленин орденінің иегері, одақтық ұжымшарлар Кеңесінің мүшесі Қапышев Құмарбек Қапышұлы басқарады.

Солдатово ауылындағы «Муравей» ұжымшары 1950 жылдың басында жалпы жиналыстың қаулысы негізінде «Калинин» атындағы ұжымшарға ауысады. Сол жылдың желтоқсан айында осы ауылдағы «Большевик» ұжымшары «Калинин» ұжымшарымен бірігеді. Ұжымшарды 1955 жылдан 1973 жылға дейін отызмыңдықтар қатарында Москва қаласынан келген Николай Иванович Лозовой басқарады. Лозовой Н.И. 1966 жылы 23 маусымда астық, жемшөп дақылдарын өндіру мен дайындауды ұлғайтқаны және ауыл шаруашылығы техникасын жоғары өнімділікпен пайдаланғаны үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.

1961 жылы 30 қаңтарда «Сталин», «Абай», «Красный Октябрь» және «Хрущев» ұжымшарларының бірігуімен «Красный Октябрь» кеңшары құрылады, көп ұзамай бұл кеңшардың атауы «Хрущев» кеңшары болып өзгертіледі. Осы жылдың қараша айында «Хрущев» кеңшарынан Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшар бөлініп шығады да орталығы Большенарым ауылы болып белгіленеді. Кеңшардың алғашқы директоры болып Слямов Батырхан Слямұлы тағайындалады. «Хрущев» кеңшарының орталығы Новохайрузовка ауылы болып қалады. Кеңшардың директоры болып Кнаус деген адам тағайындалады. (бұйрықта аты-жөні толық жазылмаған) 1964 жылдан бастап Хрущев кеңшарының атауы Хайрузов кеңшары болып өзгертіледі.

1974 жылы шілде айында «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы кеңшардың бірнеше бөлімшелері (Новополяковка, Сенное, Бесүй) мен «Ленин» атындағы ұжымшардың Ульяновка, Красная Поляна, Огневка ауылдарындағы тактор-дала бригадалары біріге отырып «Ульяновка» атындағы кеңшар құрылады. Кеңшар директор болып Шапорев Николай Иванович тағайындалады.

Бұқтырма су электр станциясы салынып біткеннен кейін Ертіс өзені мен оған құятын өзен-сулар тау аңғарларына құйылып Бұқтырма су қоймасы пайда бола бастайды. Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының 332,8 мың гектар жері су қоймасының астында қалатындығы анықталып, ол жерлердегі елді мекендер 1955-1958 жылдар аралығында көшіріледі. Барлығы 95 елді мекен, 9600 отбасы (27,5 мың адам) қоныс аударуға мәжбүр болады. 50 ұжымшар мен бір кеңшардың жерлері, 11 мың гектар орман алқаптары, бірқатар жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ бес мұнай базалары, 6 өзен айлақтары (пристань), «Шығыс айналма жолы» деген атаумен белгілі болған кеңестік маңыздағы жолдың 97 шақырымы су астында қалды. Сол кезде Большенарым ауданының 12 елдімекені көшірілген еді, олар: 1956 жылы Малокрасноярка ауылынан – 195, Үркер ауылынан – 85, Усть-Нарым ауылынан – 199, Қызылту ауылынан – 11, Свинчатка ауылынан – 399, Малокрасноярка айлағынан (пристань) – 8 отбасы, 1957 жылы Трушниково ауылынан – 68 отбасы, 1958 жылы Хайрузовка ауылынан – 174, Нагуманов ауылынан – 56, Жаңатал ауылынан – 12, Буранов ауылынан – 77, Васильевка ауылынан – 16 отбасы көшірілген еді. Осыған байланысты Малокраснаоярка және Трушников ауылдық кеңестері таратылады.

1963 жылы 2 қаңтарда Катонқарағай ауданы таратылып, Большенарым ауданына біріктіріліп, олардың негізінде Большенарым ауылдық ауданы құрылады. Оның құрамына 15 ауылдық кеңес кіреді: Белое, Большенарым, Жұлдыз, Катонқарағай, Маркс, Медведка, Новоберёзовка, Новополяковка, Сенное, Солдатово, Солоновка, Ульяновка, Өрел, Хайрузовка, Чернова.

1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданына қалпына келтіріліп, оның құрамына 7 ауылдық кеңес берілді: Белое, Жамбыл, Катонқарағай, Маркс, Медведка, Өрел және Чернова.

Кейінірек Ульяновка және Сенное ауылдық кеңестері таратылып, Новополяковка ауылдық кеңесіне, Жұлдыз ауылдық кеңесі таратылып Большенарым ауылдық кеңесіне біріктіріледі.

1997 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Большенарым ауданы таратылып, аумағы Катонқарағай ауданының құрамына енеді. Орталығы Большенарым ауылына көшіріледі.Ол кезде ауданның құрамында 13 ауылдық округ болады, олар: Белое, Большенарым, Жамбыл, Катонқарағай, Коробиха, Медведка, Новоберёзовка, Новополяковка, Солдатово, Солоновка, Өрел, Хайрузовка, Чернова.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы шешімімен Большенарым ауылының атауы Үлкен Нарын ауылы болып өзгертіледі.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрынғы Большенарым ауданының аумағында орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы құрылды. Ал Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылынан Қатонқарағай ауылына көшірілді.

 

Өлкетанушы Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений