kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(1916-1992)

Damet apaДәмет Жақсылыққызы 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Әкесі Жақсылық Бошанұлы Қалғұты өңірінің аса ауқатты  байы болатын. Қаратоғай ауылына кіре берісте сол жағындағы Қарасеңгір тауының баурайында қонысы, қора-қора малы болған.

Дәмет сол Жақсылық байдың көзінің қарашығындай жалғызы еді. Ақ пен қызыл айқасқан сол бір зұлматты жылдар Дәметтің жастық шағы сәйкес келе кетті. 1928 жылы басталаған тәркі Жақсылық байдың отбасын да шарпыды.  76 жастағы қарт Жақсылықты Семей қаласына түрмеге қамады. Жасөспірім Дәмет ауылда ағайын туыс арасында қалып қойды.

Жақсылық Бошанұлы болғаным-ай,

Жоқ еді алды-артымда қорғаным –ай... - деп Семей түрмесінен жазған сағынышқа толы хаттары отбасында сақтаулы. Қарындасы Күлімхан апай, немере Інісі Әлімхан аға жатқа айтатын.

Зұлматты жылдарда тәркіні, ашаршылықты басынан қөткізген Дәмет бой жетіп Сағади Сүбебаев деген азаматқа тұрмысқа шығады. Дәметтің бақытын көре алмағандай тағы бір зұлмат – Ұлы Отан соғысы басталады. Сағади 1941 жылдың жазында  қырқынан шығып үлгермеген Кентайын Дәметке тапсырып, қан майданға аттанады. Шиеттей жас баламен қалған Дәмет жан сақтау үшін жұмысқа тұруға мәжбүр болады. «Бәрі де –майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!»  деген ұранның заманы. Жас баласын бауырына басып жүріп, артельдің үй сыпырушысы болып істеді, майданға арнап, шұлық, қолғап тоқыды. Дәмет апа өте еңбекқор, қайратты, әскере таза адам болды. Үйіне кірсең шыққысыз, мұнтаздай тазалық, пен жинақылық бірден көзге түсетін. Мінезі де ер адамдар сияқты тура еді, ақиқатын айтатын.  Әйтеуір тыным жоқ.  

Жұмыс күші жетіспей жатқан кезде жеңіл жұмыс іздеудің дұрыс еместігін сезген Дәмет Еңбек армиясына жұмылдырылғанда бас тартпай Майқапшағай руднигіне алтын жуушылардың бригадасына жұмысқа түседі. Рудниктегі жұмысшылардың дені әйелдер еді. Таңның атысы, күннің бастысы, мұздай суық тау өзенінен тас сүзіп, құм жуу оңай шаруа емес. Жұмыстың барлығы қолмен, қайла-күрекпен атқарылатын. Ат арбаға құм, қиыршық тиеп, Күршімге «обоз» тартатын.  Байдың ақсаусақ қызымын демей, Дәмет ауыр жұмысқа тез төселіп алды. Бар тілегі майдандағы жары Сағадидың елге жеңіспен аман оралуы болатын. Бірақ құдай тілеген көп көріп, Сағадидан қара қағаз келді. Өлгеннің артынан өлмек жоқ, жиырмадан жаңа асқан кезінде жесір қалған Дәмет Жақсылыққызы  Сағадидың аманты  - өмірінің жалғыз жұбанышы Кентайына бар өмірін арнады. Еңбек армиясы қатарында тынымсыз еңбек етіп, кеніш 1951 жылы жабылғанға дейін сонда жұмыс істеді

Өндіріс жабылған соң Қазаловка (қазір Жалаңаш Ақбұлақ ауылының маңы) көшіп барып шахтада жұмыс істейді. 1958 жылы Жалаңаштағы рудник жабылған соң Қаратоғайға көшіп келеді. Ұзақ жылдар совхоздың МТМ-сында күзетші болып істеді. Ауылдастары  1969 жылы Дәмет Жақсылыққызын аудандық Кеңестің депутаты етіп сайлады. Алған сыйлық, марапаттары бір төбе.

Адал жанды адамдардың мерейі әрқашан үстем болмақ. Жемісті еңбегімен, өнегелі өмірімен аналық парызын адал өтеп жалғыз ұлын мықты азамат етіп жеткізді. Бар өмірін жалғызына арнаған Дәмет апамның келіні Алмаш та бағына қарай жақсы адам болып жолықты. Жалғыз Кентайы үбірлі-шүбірлі үлкен отбасына айналды, бүгінде Семей қаласында бақуатты тұрып жатыр. Кеңес заманының барлық ащы–тұщы өмірінің дәмін татқан Дәмет апа тағдырдың салмағына еш мойыған жоқ. Еңбек етті, немере сүйіп, ұзақ жасап 1992 жылы Кентайының қолында өмірден өтті. Еңбексүйгіштік, төзімділік, қайсарлық, жігерлілік сияқты тамаша қасиеттермен қоса, Дәмет Жақсылыққызы сүйген жарға деген адал, шынайы әйел сезімін өмірімен өнеге етіп ұрпақтарына үйретіп кетті.

                                                                          Раушан Абайханқызы, немере сіңілісі 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений