kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

1928 жылы Семей губерниясының Зайсан уезіне қараған Терісайрық ауылдық кеңесінің жерінде Егіндібұлақ ауылының негізі қаланды. Терісайрық ауылдық кеңесіне Еңбек, Теріскей Бөкенбай, Күнгей Бөкенбай, Бесбұғы, Ащылы бұлақ, Жалаңаш елді-мекендері қараған. Байларды тәргілеу нәтижесінде ортақ меншікке айналған астық тұқымы, ат-арба, соқа-сайман, т.б құралдар ТОЗ құрамында қалыптасқан бригадаларға таратылды. 1930 жылы басшысы Сейітбай Далабаев болды. 1931 жылы өз арызымен Егіндібұлақ аулына келді. Бұл жерде мойынсерік құрылып, басшысы Нұғыман Сатенов, хатшысы С. Далабаев болып сайланды. 1935 жылы шаруалар «Калинин атындағы» ұжымшар құрамына кіреді. Ұжымшарда 250 бас ірі қара, 120 бас жылқы, 3000 бас ұсақ мал, жиырма шақты түйе, 300 гектарға таяу салынған егіндігі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында көп азаматтар майданға аттанып ұжымшар басшысы Желдібаев Жанбағыс сайланды. Ұжымшар құрамында құрылған бригадаларды: Далабаев Азанғұл, Дүсіпов Нәби, Үкіртаева Нәзигүл, Қабдуали Рақымжанов басқарды. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда жұмыс өте қауырт, ауыр жағдайда іске асты. Егін орағы кезінде далада босанған әйелдер де болды. Егіндібұлақ жерінен майданға аттанған 40 азаматтың 18 елге оралып, 22 хабарсыз кетті. 1951 жылы Калинин және Еңбек ұжымшарлары бірігеді. Кеңшар құрылар алдында шаруашылықта 22 бас қой, 1300 бас ірі-қара, 1100 бас жылқы, 100-ден аса түйе, 3400 га. егіндік жер болды.

Соғыс кезінде 1946 жылға дейін колхоз бастығы Желдібаев Жанбағыс болды. Руы-Қалқаман. Өте еңбеккор адамекен, Егіндібұлақтың үстіне су шығарған, мол егін еккізген. Саржанында құйылған сынап болған, сол арқылы судың тау беткейіне өрлеп шығуын мөлшерлеп отырған. «Калинин» ұжымшары басқармасының төрағасы Жамбағыс Желдібайұлының (1899-59) Ұлы Отан соғысы жылдарында Қасқарбай жазығына тоған салып, су шығарып, егін еккен ерлігі ел арасында аңыз болып таралды. Б.Шалов «Жамбағыстың тоғамы» атты отты өлеңін жолдаса, өлкетанушы, қарт ұстаз А.Жүнісов «Шежірелі тау қойнауы» атты кітабының 171-182 беттерінде ердің ерлігін паш етіп жазады. Ж.Желдібайұлының ұрпағы Мәкеш апамыз 10 бала тәрбиелеп-өсірген «Батыр ана», Қалжыр ауылының тұрғыны. Көнекөз қарттардың айтуынша, 1929 жылы Қаратоғай, Ақши, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдары «Мойынсерікке» бірігіп, Марқакөл ауданына қарады. Жергілікті ұжымшар басшысы Тамен Малшыбаев. Терісайрықта орналасқан мешіт кейін ұжымшар кеңсесі ретінде пайдаланылды. Кеңсе басшысы Мәли Түгелбаев. Десятник Майғожин, балташылар Болысхан Ұлтарақов және Көшер Мықыжановтардың қатысуымен 1931-32 жж. өңірде үйлер тұрғызыла бастады. Арнаулы мектеп ғимараты болмағандықтан бос үйлерде аудандағы алғашқы мұғалімдердің бірі Қасен Сейітқожиннің бастауымен сабақтар жүргізілді. Сол уақыттағы ауылдық кеңестерді, ұжымшарларды басқарған тұлғалар қатарында: Қойбақ Бақтыбаевты, Тойша Тілеужановты, Халел Смағұловты, Нұрмұханбет Жаманаевты , Әмірхан Байболовты, Тоқабай Нұржақияновты, Қабдуали Рақымжановты, Біркенов Мұхаметкәрімді, Ақатай Ибраевты атаймыз.

1930 жылға дейін ТОЗ болған. Осы кезде Егіндібұлақты Сәтенов Нұғыман басқарған. Жәркебай деген ауқатты адам кәмпеске кезінде өз еркімен малын ортаға салып, Мамыттардың басын қосқан екен. Өзі атақты қамшыгер, жылқышы болған екен. Өкінішке орай ашаршылық кезінде аштан өліпті.

1947 жылы Рақымжанов Қабдуали бастық болған. 1951 жылы Қалғұты, Еңбек, Калинин колхоздары бірігіп, Орталығы Қаратоғай ауылы болған. Осы жылы Егіндібұлақ ауылынан барлық үй Қаратоғай мен Еңбекке қоныс аударып, 4 үй ғана қалған. Олар: Далабай, Тұқпи, Мұхамади, Әбдіке ақсақалдардың отбасы. Соғыс жылдарында жылқы шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін Байсақалов Тұқпи Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған. 1953 жылға дейін Ибраев Ақатай колхоз бастығы болған.

Егіндібұлақ ауылы «Калинин» деген атпен 1957 жылы құрылған «»Қалғұты» совхозының бір бөлімшесі болып бекіп, қайтадан ел қоныстана бастады. Ұзақ жылдар Калинин қызыл отауының меңгерушісі болып, Қалиса Шәріпханова (атақты генерал-губернатор Шәріпхан Көгедаевтің қызы, 60 жылдары Қытайдан келген) еңбек етті. Ақтылы қой өсіруге қосқан үлесі үшін аға шопандар Лепесова Мәрия, Тұқметов Оралхан, Көшеров Тоқтарбас, Ықыласов Секіман, Ықыласов Әйтікен, Манабаев Құмар т.б. әртүрлі марапаттарға ие боды. Алғашқы жүргізушілер- Сомбаев Тұрсынбек, Юсупжанов Қабылқан, Бардосов Советбек болатын.  1930 жылы Егіндібұлақ ауылында төрт кластық мектеп ашылды. Мектепте зайсандық Көкіш Дайрабаев сабақ берді.

Директоры Малдыбаев Шәри болды. 1971 жылы сегізжылдық мектептің ашылуына ферма меңгерушісі Абайхан Мұхтарханов көп еңбек сіңірді. Мектеп директоры болып оңтүстік жақтан келген Мұхитов Шайқысләм екеуі сол жылы шопан балаларына арнап интернат ашқызды. Кейінгі жылдар мектеп директоры болып, Соғысбек Арапов, Қапантай Болатов, Бауыржан Қыдырханов, Гүлмайра Байпелова істеді.

20 ғасырдың 70-80 жылдарында бөлімше еңбеккерлері қозы алу, жүн өндіру, мемлекетке ет өткізу, мал басын аман сақтау жолында еңбек етті. Аудан бойынша Калинин фермасы қысы қатал, жем-шөп қоры аз, өте ауыр фермалардың бірі болды. Қар қалың түсіп бірнеше күн бойы соққан желден жол болмай, мал жайылымдарға шыға алмай қалатын күндер есімізде.

14 қыстақта 25 отарға дейін қой болған. Малға шабындық жер аз болғандықтан шалғайдағы 70-80 шақырым жердегі Шеңгелді, Мульковоедан шөп дайындап тасымалдайтын.

1995 жылы нарық заманына орай Қалғұты қой совхозы тарай бастады да Егіндібұлақ бөлімшесі бірнеше шаруа қожалықтарына бөлінді. Ол да ұзаққа бармай еңбеккерлер «пәйға» алған малдарын өздері бағып қағып жекешеленіп алды.

Ауылда жұмыс орны жабылды. Жұмыс іздеген ауыл тұрғындары әржаққа қоныс аударуға мәжбүр болды.

2012 жылы 12 мамыр күні жан –жаққа тарап кеткен егіндібұлақтықтар жиналып ата- бабасына құдайы ас берді. Оны ұйымдастырғандар осы ауылдан шыққан екі азамат –Нәжбиев Марат пен белгілі кәсіпкер Сағатбаев Мұрат.

Дайындаған: З. Мұқтарханқызы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений