kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Tohtarov TҮстіміздегі жылы Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Төлеген Тоқтаров 100 жасқа толады. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Лениногор қаласының №10 қазақ мектебінде оқыған. Төлеген жастық шағынан адал, бір сөзді, өзіне де өзгеге де қатаң талап қоя білетін болып өседі. 1938 жылы он жеті жасында қорғасын заводына жұмысқа түседі. Соғыс басталған кезде өз еркімен соғысқа аттанады. Бұл 1941 жыл болатын. Генерал Панфилов атындағы 8-ші Гвардиялық дивизияның автоматшылар ротасында жүрген кезде өзінің батырлығымен, тапқырлығымен майдандастарының зор сүйіпеншілігіне бөленеді. Қарулас жолдастарын үнемі ерлікке, жеңіске бастап жігерлендіріп отыратын. «Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің»,- дейтін. Сөйткен Төлеген, ер Төлеген ерлікпен қаза табады. Төлеген Тоқтаровтың есімі аталса менің ойыма «Жас қазақ» әні оралады.

«Жас қазақ» әнін естіген сайын менің көз алдыма майдан даласы, атылған снарядттар, оң қолына көтерген автоматымен жауға қарсы ұмтылған қайсар қазақ елестейді. Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген, сол бөлімнің саяси жетекшісі болған Совет Одағының батыры, белгілі жазушы М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді: «...1942 жылдың ақпаны... Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген «әуп» деп орнынанатып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды. Төлегеннің сүйегі Бородиноның күн шығыс шетіндегі төбеге жерленді...» -дейді. Неткен ерлік, қандай жанкештілік! Төлегеннің ерлігі аңызға айналды. Саяси жетекші М.Ғабдулиннің жанында писарь болып, санитарлық нұсқаушы болып жүрген композитор Рамазан Елебавқа батырдың ерлігі қатты әсер етеді. Ол жайлы ән нұсқасы орала берді. Соңында жаңа ән туды. Қазан революциясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында, 1942 жылы Калинин майданына Алматыдан бір топ артистер келеді. Құрамында Елубай Өмірзақов, әнші Жүсіпбек Елебековтер бар. Бұл жайлы белгілі жазушы Ғабиден Мұстафин өз естелігінде былай дейді: «Панфилов дивизиясына келгенімізде жауынгерлер бізге өнер көрсетті. Осы жолы Рамазан Елебаев гармонға қосып, өзінің «Жас қабірдің басында» деген әнін айтты.Өлеңнің сөздері маған ұнамады, тым жылауықтау көрінді. Кейін Жүсіпбек маған «Елебаевтың әні жақсы екен. Әттең, сөзі бұзып тұр.Сен осыған жаңадан сөз жаз», -деп қоймады. Сөйтіп, майданда жүріп, әлгі әнге сөз жаздым. «Жас қазақ» деп ат қойдым. Жүсіпбек осы әнді үйреніп, елге алып қайтты» -дейді. Кең тыныспен қайғылы да баяу басталып, ашу-ызамен шырқау биікке самғап, Төлегендей ерді жоқтағандай сарынмен барып аяқталады. Рамазан осылай майдан даласында, окопта туған әнін елге жібереді. Өзі майдан даласынан қайтпай қалады. Ерлікпен қаза табады. Рамазан Елебаевтың бұрындары шығарған «Жолдастар», «Аэроплан, «Қызыл әскерлер маршы» сияқты шығармалары бар. Сонымен, сөзі мен әні кереметтей қауышқан «Жас қазақ» әні Төлегендей батырға қойылған ескерткіш іспетті. Менің айтпағым, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін осындай өнер туындылары кеңінен насихатталып отырса демекпін.

Рауза Исмурзина

Өскемен қаласы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений