kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Ерлігің ұрпаққа ұран

(Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов туралы)

(1922-1944)

                                                    

Izgutty AitykovҰлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте-бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.

1814 күнге созылған бұл қатерлі айқаста Отанымыздың экономикалық қуаты, халқымыздың ерік-жігері, олардың саяси бірлігі мен моральдық күші сынға түсті. Отанын шексіз сүйген халқымыз фашист басқыншыларын ойсырата талқандап, бүкіл дүние жүзінде цивилизацияны сақтап қалды.

Қазақстаннан майданға халықтың 25%, соның ішінде 18-50 жас аралығындағы ер адамдарының 70% аттанды. Бұл жалпы ел көлеміне шаққанда өте жоғары көрсеткіш еді. Көптеген Қазақстандықтар майданның алғы шебінде, нақ өрт жалынында жүріп, Москва түбіндегі шайқаста, Сталинград түбінде, Курск доғасында ерлікпен шайқасты. Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 98 қазақ Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды. Солардың бірі, Отанын қорғауда ерлікпен көзге түскен шығысқазақстандық Ізғұтты Айтықовтың ерлік жолы баршаға аян.

І.Айтықовтың дүниеге келген, ес біліп етек жеңін жиған жер қойнауы Шығыс Қазақстан өлкесіндегі Ұлан ауданы Ұранхай ауылы. Айтықов 1942 жылдан майданда болады. Сталинград іргесінде шайқасты, Калинин, Курск, Волгород облыстарыныңжерін азат етуге қатысты. Батыс Двина жағалауына дейін барды. Ержүрек барлаушы Айтықов жау тылында бірнеше рет болды. Оның өзі 50 гитлершіні жойып, бөлімге 22 "тіл" әкелді. Командованиенің жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап шыққаны үшін ол Қызыл Жұлдыз, III-және ІІ-дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Сталинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталды. 1944 жылы 22 шілдеде гвардия старшинасы Ізғұтты Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жыл. 51-гвардияшы атқыштар дивизиясы неміс-фашист әскерлерінің қарсылығын жеңе отырып, батысқа ұмтылды. 158-гвардияшы атқыштар полкінің 2-батальоны дұшпанының тіркес-тіркес жасалған қорғаныс шебін бірінші болып бұзып, кескілескен ұрыстарда Витебск облысының Залужье деревнясын алды.

Батальонның комсоргы, гвардия старшинасы Айтықов атқыштар взводының тізбегінде атакаға шығып келе жатты. Взвод траншеяларды басып алып, жау тылына өтті. Гвардияшылардың шабуылы жойқын да батыл болды. Командир қатардан шығып қалған кезде, комсорг возводты басқаруды өз қолына алды. Келесі күні взвод Першино деревнясын шабуылмен алып, полктың оң қанатын қорғады. Взвод шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуа отырып, 25 июньде Батыс Двина өзеніне жетті де, келген бетте қолдан жасалған құралдармен өзеннен етті. Алғашқы бес батырды Ізғұтты Айтықов бастады. Гитлершілер гвардияшыларды Двинаға шегіндіру мақсатымен екі рет қарсы атака жасады, бірақ олар төрт пулеметінен, 38 солдаты мен офицерінен айырылып, шегінуге мәжбүр болды. Күш жағынан тең болмаса да ұрыста гвардияшылар ұтты. Айтықовтың взводы өзінің табандылығымен дивизиянын басқа бөлімдері мен бөлімшелерінің өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Ал екі күннен кейін взвод Полоцк қаласына алғашқы кіргендердің ішінде болып, көше ұрыстарын бастады.

Дивизияның саяси бөлімі I. Айтықовтың хаты жарияланған листовка шығарды.

"... Совет Одағының Батыры деген құрметті атақты бізді өсіріп төрбиелеген, Отан үшін ұрыстарда бізді шынықтырған Ленин комсомолына арнаймын...

Мен сіздерді, достар, бұдан былай да Ленин комсомолының туын жоғары ұстауға шақырамын!"        

                                                                 Ізғұтты Айтықов

Ақын Алексей Сурков "Совет Одағыны Батыры I. Айтықовқа" деген өлеңінде былай деп жазады:

       Су шайған құмдақ жағаны,                     Ерліктің оты жанарда,

       Айғыздап жатты оқ тесіп.                   Мақсаты одан жүз мықты.

       Айтықов жүзіп барады,                          Ел үшін тыным алар ма,

       Өзенде бейне от кешіп.                            Қазақтың ұлы Ізғұтты!

Батырдың батыр болып дүниеге келгеніне ата-тектің де әсері көп болар. Ізғұттының атасы Айтық ақсақал жайында сөз қозғар болсақ ол кісінің қайтпас қайсар, айтқанынан қайтпайтын бір беткей адам екенін байқаймыз. Ұлан аулынан біраз төменде Қаршыға сайы Сарбас бұлақтарының Ұранхайға құйылысында Кеңес Одағының Батыры Ізғұттының атасы Айттық ауылы болған. Айттық баласы Құрманбайдың отбасында 1922 жылы Ізғұтты ағамыз дүниеге келген. Құрманбайдың балалары: Қылышбек, Ізғұтты, Қапар, Қазез, Ақшабике, Алқабике алтауы өз ауылында туса, 1937 жылы Тарғынға көшіп келгенде бір ұл туып, атын Тарғынбай қойыпты. Тарғынбай Алматының ауылшаруашылық институтын қызыл дипломмен бітіріп, Үлкен Нарын ауданында көп жылдар бойы елеулі еңбек етті. Бірақ сұм ажал өмірден ерте алып кетті. Айттық атамыздың ұрпақтары құдайға шүкір баршылық.

Айттық ақсақал өз заманының аса бір қайратты адамы болған. Әсіресе 1906-1916 жылдар арасындағы Столыпин реформасы кезеңінде орыс шаруаларын Шығыс Қазақстан өлкесіне қоныстандыру кезеңінде Айттықтың істеген ісі ауыл ақсақалдары арасында аңыз болып қалған.                                                                          

Сол бір жылдары (1907-1909) Ұранхай бойында отырған Айттықтың ауылына орыс шаруаларына жер бөліп беріп қоныстындырмақ болып Өскеменнен Казанцев деген келіп, Айттық пайдаланып отырған Қаршыға сайы мен Сарбас жазықтарын өлшеп қазық қағып, қоныс аударған шаруаларға беріпті. Ертеңінде Айттық Казанцевтің көзінше жер менікі деп бар қазығын жұлып тастапты. Барлығы жабылғанмен бір-бірден допша қағып, келгендердің бәрін қуып шығып, аяғы сол жер қазіргі күнге дейін «Айттық ауылы» аталып келеді. Айттық атамыздың тағы бір мінезі жайлы айта кеткенді жөн көрдік.

   Бір жылы әртүрлі шаруасымен Өскеменге барып, біраз күн жүріп, үйге қайту үшін паромға отырып, Ертісті өтіп келе жатып паромдағы орыстар Айттықты менсінбей, балағаттап, мазақтап жабыла кетіпті. Орысша жөнді тіл білмейтін Айттық қойыңдар десе, ары бері сүйреп есін шығарыпты.

Әбден ашуға мінген Айтекең әлгілерді бір-бірлеп суға қалпақша лақтырыпты. Аяғы паромды қайта шегіндіріп әкеп Айттықты түрмеге қамапты. Айттық: «Мен кінәлі емеспін, өздері тиіскен соң істедім»,- десе түрме бастығы көнбепті. Бұған қырсықтанған Айттық бір орнынан тұрмай үлкен - кіші дәретін сол жерге жіберіп жата беріпті. Айттыққа түрмедегілердің шамасы келмеген соң бастығын шақырыпты. Ол келіп: «Заңды орындамай астыңа отырғаның үшін 5 сом айып» десе, «әкеңді ұрайын, мені жазықсыз қамағаның үшін саған 10 сом айып», - деп айғай салыпты. Аяғы сол жерде түрме бастығы ішек сілесі қатқанша күліп, Айттыққа 5 сом беріп әрең қайтарыпты.

Ал Айттықтың ұлы Ізғұттының әкесі Құрманбай өнерлі, ұста, әкесі Айттық сияқты бірбеткей, шыншыл адам болыпты. 1937 жылғы науқанға кінәсіз ілініп кеткен. 1937 жылы Жантас ауылында колхоз бастығы Жердеңке деген адам екен. Қырманда астық басып тұрған молотилканың барабанының үш тісі сынып, жұмыс тоқтап қалыпты. Ақыры мысы құрыған Жердеңке Тарғындағы ұста Құрманбайға барып, барабанның тісін пісіріп, жөндеп беруді сұрайды. Ақысын қолма-қол төлесең пісіріп берейін дейді. Қысылып тұрған колхоз басшысы үш күнде төлеп беруге келісіп, Құрманбайды ауылына алып келеді. Сонымен екі-үш сағатта бар жұмысты бітіріп, Құрманбай үйіне қайтады. Уағда бойынша үш күннен кейін Құрманбай келіп ақысын сұраса, колхоз бастығы бере алмайды. Тағы бір күн тос, ертең кел, деп қайтарады. Ертеңінде келсе, солжыры, тауып бере алмайды. Әбден ашуланған Құрманбай беліндегі балғасын алып, өзі пісірген барабанның үш тісін қағып тастап, қайтып кетеді. Ертеңінде ауданнан колхозға уәкіл келіп болған іске Құрманбай кінәлі, «халық жауы»- деп соттатып жіберіп, есіл ер 1937 жылдың құрбаны болады. Міне, осындай өр мінезді екі әкенің тәрбиесін көрген Ізғұтты ата жаумен арпалысқанда тегін ерлік көрсетпегені мәлім.

Сталинград түбіндегі ұрыста барлаушы Ізғұтты бастаған ротаның жауынгерлері бұлтқа оранған Сталинград түнінде кішкене кемеге мінді. Өзенге түскен снаряд пен миналардан аспанға шапшыған су бағаналары жауынгерлерді құйындырып, катерді ұрғылайды. Толқын катермен жаңқаша ойнайды. Барлаушылар жақтауларға жабысып, құдайды, сайтанды, Гитлердің ата-тегін түгендеп сыпайды. Ізғұтты жігіттердің, мұны өздерінің қорыққанын жасыру үшін істейтінін түсінеді. Ойнақшыған кеменің үстінде ол өзін де дәрменсіз сезінеді. Жүзе біледі.

Жарылыстардың жарқ-жұрқ еткен сәулесінде жағаның жар қабағы, қираған үйлер, мұнай цистерналары, сорайған завод трубалары көрініс беріп, қаланың сұсты бейнесін айқындай түседі. Кеме жарқабақтың ығына ілігіп, жау оқтарының кесірінен кұтылды. Міне, катердіңжанасуынан айлақтың өткелдері сықырлады. Ізғұтты табаны жерге тигенде ғана өзін нық сезініп, жеңіл күрсінді. Оның мұрнына күйген темірдің иісі келді. Айнала қираған, өртенген үйлер. Кейбіреулерінің қаңқасы тұр сорайып. Сау қалған бірен-саран үйлер де мүсәпір түрде. Төңіректің бәрі бықсыған түтін, шаң, сасық иіс.

Тамыз айының екінші жартысында Русса маңындағы алдыңғы шептен алынып, осында жіберілген бригада - Сталинградты қорғап тұрған Чуйковтың армиясының құрамына кіріп, оның сол қанатынан орын тепті. Жауынгерлер биік қабақтың бетіне жайғасты. Қызыл әскерлерге окопты терең қазып, бекінуге бұйрық берілді.

Барлаушыларға жау күшін анықтау, бригаданың бекініс шебі туралы жаудың дерек алуынан мүмкіндік бермеу міндеті қойылды. Жігіттер жаңа жердің ойы мен қырына зер салды. Гитлер әскерлерінің қорғаныс шебін бақылады. Өз шептеріне жау барлаушыларының келеді деген жолдарына тосқауыл қойды. Ал өздері, неміс бекіністеріне дейін барып жүрді.

Айдың өлеусіреген көгілдір жарығында төменде сүлделер қозғалады. «Немістер ғой?» - Ізғұтты: «Жатыңдар!», - деді сыбырлап. Көлеңкелер жотаны қиялай бұлардыңжолын кесе қозғалуда. «Байқап қалған екен.. қоршап алып қолға түсірмекші...», Айтықовты ашу қысып, төбе шашы тікірейіп кетті: «Келіңдер, көрейік әуселеңді».

- Командир, бомба ойып кеткен шұңқырға шегінейік, - деді серіктерінің біреуі. Ізғұтты келісті. Барлаушылар айнала шеп құрып жатты.

- Оқты үнемдеңдер! Көздеп атыңдар!

Командир көлеңкелерді санап, отыз шақты деп шамалады. «Біз бесеуміз... Жатқанжерімізжоғары. Граната тастайтын қашықтыққа жеткенше селдіретіп жібермейміз бе!?». Сүлделер бұқпантайлап жақындап келеді. Барлаушылар ата бастағанда, олар жер бауырлап жылжыды. Қараңғыда ара қашықтықты дәл мөлшерлеуге тырысыпжатқан Ізғұтты: «Граната даярлаңдар! Қоршауды бұзып шығамыз», - деді. Немістер жақындаған кезде жігіттер граната тастап, автоматтан оқ бората ілгері ұмтылды. Соңдарына түскен жау болған жоқ. Өліп жатқан фрицтердің арасынан кездескен жаралы біреуін өздерімен бірге ала кетті.

Барлаушылар жау күшін топтап, шабуылға шығуға даяр тұрғанын мәлімдеді. Роталарда, батальон мен дивизиондарда митингілер өткізіліп, онда Сталинград облыстық партия комитетінің қала еңбекшілері мен оны қорғаушыларға арналған үндеуі оқылды. Жауынгерлер «Еділдің арғы бетінде бізге жер жоқ. Қаланы қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз!» деп ант етті. Ертеңінде немістер шабуылға көшті. Жазық далада шағын төбешіктің үлкен маңызы бар. Ол қарсы жақтың қимыл-қозғалысын бақылап, нысанаға алып отыруға мүмкіндікбереді. Бригада шебіндегі 134,4 биіктігі үшін қырғын шайқастар бір тынбады. Жотаны құрамадағы таңдаулы деген екінші батальон қорғады. Барнаул қаласы еңбекшілерінің Қызыл туы осы бөлімшеде болатын. Сондықтан оны кейде Қызыл тулы батальон атайтын. Екі күнгі толассыз шайқастан кейін, жау биікті басып алды. Бірнеше жауынгер Қызыл туды алып шығып, «Мен жараландым. Он адам қалдық. Екінші батальон өз міндетін орындады. Алтайдың туын жаудың қорлауына бермедік», - деген батальон комиссары Рыловтың соңғы хатын жеткізді.

Түнде аға лейтенант Хлыбовтың өзі бастаған барлаушылар тобы жотаға барып қайтты. Олар жан шошырлық көрініске тап болды. Жүздеген немістердің және біздің жауынгерлердің өліктері жайрап жатыр. Траншеялардағы жарықшақтардан, шашылған гильзалардан аяқ алып жүре алмайсың. Батальоннан тірі қалған ешкімді таба алмады. Ізғұттының мұндай қырғын орнын бірінші көруі, жүрегі айнып есі шықты. Бірақ, ол өзінің күйін жолдастарына сездірмеуге тырысты. Оған қараңғылықта көмектесті.

Төбені қайтару керек. Бригаданың резервінде теңізшілер атанатын төртінші батальон бар. Ол жол үстінде қосылған Балтық теңізшілерінен жасақталған еді. Матростар жауды тұтқиылдан соғып, биікті басып алды. Бірақ, немістер күшін үсті-үстіне әкеліп төге берді. Бірнеше күнгі үздіксіз қиян-кескі ұрыстардан кейін, фашистер жотаны тағы датартып алды. Төбені қайтарып, шепті қалпына келтіру үшін полковник Батраков қосалқы бөлімше жауынгерлерімен толықтырып, өзінің соңғы резерві - барлау ротасын жіберді.

Күн аяусыз күйдіріп түр. Оңтүстіктен ескен құмды даланың ыстық лебі бетті шарпиды. Азаннан шабуылға шыққан жауынгерлер еш нәтиже шығара алмауда. Жау пулеметтері оқ боратып, бас көтертпейді. Әсіресе, немістердіңсол қанатындағы пулеметі бүйірден атып, берекені кетіріп тұр. Оны құрту үшін жіберілген бірнеше жауынгер, орта жолда қозғалмай қалды. Міне, тағы екеуі еппен жылжып барады. Бәрінің назары сол екеуінде. Олар граната тастайтың деңгейге жетіп қалған сияқты. Бірақ біреуі қозғалмай қалды. Екіншісі граната тастар ма екен?! Біразда «көмектесіңдер» деген дауыс естілді. Бәрі үнсіз. Көмекке бару-өлімге тіленіп шығумен бірдей. Жәрдем сұраған дауыс тағы естілді. Қарап тұрып жолдасына қол ұшын бермеуге Ізғұтты шыдамады. Оның есіне әжесі жиі айтатын «жалаңаш бар да жауға шап, ажалың жетпей өлмейсің» деген мақалы түсті. Бұл кеткендер Ахметов пен Костин еді. Нар тәуекел.

- Рұқсат етіңіз? - Хлыбов үнсіз басын изеді.

Окоптан секіріп шығып еппен жылжи жөнелді. Есіне Ахметов пен Костин қатысқан барлау түсті. Тапсырма күні бұрын белгіленген пулеметшілер демалатын бункерден «тіл» алу. Жортуылға төрт барлаушы шықты. Жол таныс. Айтықов пен Муравьев траншеймен бойлап блиндажға жетті. Онда алты солдат мүлгіп отыр. Барлаушылар төртеуін жайратып сап, екеуін байлап алды. Сонда Ахметов пен Костин сақшыны құртып, тосқауыл болып еді жараланған Костин екен. Оны арқасына салып, Ізғұтты кейін жылжыды. Оқтар айналасында зуылдайды, шаңды бұрқыратады. Түрегеліп жүгіріп кетуге болсашы. Мына тұрған жер таусылмай-ақ қойды. Бет-аузын тер жауып кетті. Көзіне тер құйылады. Өкшесіне бірдеңе сарт ете түсті. «Жараландым», - деп ойлады ол. Бірақ ауырғанын сезген жоқ. Біраздан кейін барып, өкшесі қақсап, сол жағы жылымши бастады. Костинды оңжағына қарай ауыстырып, жылжи берді. Құлағының ұшын күйгізіп кетті. Әлі құрығанын сезді. «Маған не болды, сонша езіліп», - деп жас жігіт өзіне-өзі ыза болды. Бірақ, шамасы бітті. Тағы бір ұмтылып, тасалау жерге жетті. Костинді жерге жатқызды. Үстін сипалап еді, сол иығы мен жеңі қан екен. «Ештеңе етпес, жазылар», -деп ойлады Ізғұтты. Сосын жолдасына дем берейін деп: «Қазір, демалып алайын», - деді, бірақ өз дауысын өзі естіген жоқ....

Айтықов бастаған барлаушы ротасы тағыда бірнеше жерлерді Беларуссияның астанасы Минскіні, Прибалтика, Литва жерлерін жаудан азат етті. Ізғұтты Айтықов ерен ерлігімен, қырағылығымен көзге түсті, бірнеше гитлершілдің қазасына куә болып, өзі тағы да ауыр жарақаттанды.

Айтықов Литваны неміс басқыншыларынан құтқару кезінде 1944 жылы 22 шілдеде ауыр жарақаттанып, 26 шілдеде қайтыс болды.

Бүгінде І.Айтықов атында мектеп, көшелер бар. Ұлан ауданы Тарғын мектебіне есімі берілген. Тарғын ауылында жерлес мүсінші Т. Иманбаев жасаған батырдың мүсіні орнатылған. Мұхитта жүк таситын үлкен кеме (лайнер) «Ізғұтты Айтықов» -Николаев қаласындағы «Океан» заводында жасалып, 1974 жылы пайдалануға берілген. Одесса мен Жапония арасында жүк тасыған.

                         Алда еді жарқын күн ғажап –

                         Жеңіске жеттік біз құтты.

                         Себепкер соған бір қазақ –

                        Айтықтың ұлы Ізғұтты.

«Ер есімі – ел есінде» деп тегін айтылмаса керек, бүгінде сол бір сұрапыл соғыс зардабын көрген ата бабаларымыздың қатары азайып, алыстаған сайын олардың ерлік істері жылдан- жылға жаңғырып ұрпақ жүрегінен орын алары сөзсіз.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений