Алты қыз жайлауы - Катонқарағайда. Осы туралы аңыз былай болып келеді. Баяғыда осы тауды мекендеген бір байдың алты қызы болыпты. Олар бір қыста тойға барып келе жатқанда, қатты боран соғып, адасып кетеді. Жолда отыратын жалғыз басты Қоңқай есімді шалдан жөн сұрағанда, ол шал қыздарды әдейі теріс жолға салып жібереді. Әбден тоңып, әлсіреген қыздар өлетін болған кезде, алты құсқа айналып кетеді. Бір кебісін жоғалтып алған кенже қыз көкекке айналады да, бір аяғы қызыл қалпында қалады. Кейін ерке кенже қыз жұмыртқасын өзі баспай, апайларына бастырып алады екен дейді.
Талантты жазушы Оралхан Бөкей осы аңызды негізге ала отырып, «Қар қызы» повесін жазған.
Әдебиеттер тізімі:
Жұмағұлова Г. «Алтай аңыздары» әдістемелік құралынан алынды