kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Еңбек Армиясының ері – Манасбай Исанов

(1915-1971)

Isanov ManasbaiФашист басқыншыларына ойсырата соққы берген Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы жақындап қалды. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы игі бастама көтеріп, «Ұлы Отан соғысы жылдары Еңбек Армиясында болған шығысқазақстандықтар (1941-1945)» өмірін зерттеуді қолға алғанын естідім.

Қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған сауапты істі қуана құптадым. Расында «Еңбек Армиясы» қатарында болып, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан осы бір қарапайым адамдардың ерлігі күні бүгін лайықты бағаға ие бола алмады. Бүгінгі ұрпақ «Еңбек Армиясы» деген сөзді білмек түгіл естіген да жоқ. Оның құрамында болғандардың барлығы дерлік бүгінде өмірден өтіп кетті. Олардың адам төзгісіз жағдайда еңбек етіп, ашқұрсақ жүрсе де дыбыстарын шығармай Жеңіс жолында қандай да қиындықтарға төзе білген қайсарлығы, отансүйгіштігі бүгінгі ұрпақ үшін өте қажет.

«Еңбек Армиясы» қатарында жаумен мылтықсыз соғысқан ерлердің бірі менің әкем - Исанов Манасбай, 1915 жылы туған. 1942 жылы Күршім аудандық Әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына аттанады. Бірақ соғысқа жіберілмей Челябинск қаласындағы қорғаныс қару-жарақтарын шығаратын ірі металлургиялық зауытқа жұмысқа апарады.

Таңның атысы, күннің батысымен есептеспей еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға жанқиярлық еңбекпен үлес қосқан жұмысшылар жағдайы өте ауыр болды. Жұмсақ төсек, тойып тамақ ішу деген үш ұйықтаса түстеріне кіргенді қойып, естіп көрмеген. Сыз барақтағы ағаш сәкіде жатып ұйықтап, қандала мен бүргеге таланса да «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен, ертеңгі күнге деген сеніммен адам төзбес жағдайда, күніне 12-14 сағат еңбек еткен. Менің әкем сол зауытта еңбек еткен жалғыз қазақ болған екен.

Соғыс аяқталуға жақындаған кезде пеште қатты жарылыс болып, құлағы естімей, мылқау болып қалады. Біраз ем-дом алып, жазыла қоймаған соң, 1945 жылдың басында елге қайтады.

«Еңбек Армиясы» қатарында болған көптеген біздің жерлестеріміз сияқты менің әкемнің де еңбегі ешқашан не жазылып, не айтылып көрген емес.Тіптен өзін соғыстан қашып кеткен адамдай сезінген күндері де болыпты. Әр жыл сайын тойланатын Ұлы Жеңістің мерекелік шараларының біріне де шақырылмай, еш еленбей, сол соғыстың зардабынан 1971 жылы 56 жасында өмірден өтті. Кезінде мән бермеппіз,ештеңе жазып алғамыз жоқ. Әкем де соғыс жылдарын еске алуды аса ұнатпайтын. «Біздер, еңбек армиясында болғандар, жаумен мылтықсыз шайқастық, сондықтан да өлім–жітім аз болды, сондықтан да қадірсіз болдық... » -деген екен жазушы Оралхан Бөкейдің кейіпкері Ақан. («Бәрі де майдан»)

Елге оралған соң әкем Күршім ауданының Қаратоғай ауылында абыроймен еңбек етті. 1956 жылы Отан қамбасына миллион тонна астық өткізгенге қосқан үлесі үшін «За освоение целинных земель» медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды.  

Күләзия анамызбен шаңырақ көтеріп, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Өзім ұзақ жылдар бойы халық ағарту саласында қызмет еттім. Өмірімнің көбі Қаратоғай орта мектебінде өтті. Көптеген шәкірттер тәрбиеледім. Еңбегім елеусіз қалған жоқ, «Оқу ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің иегерімін. Жолдасым Құрманбек екеуміз бес бала тәрбиелеп өсірдік. Бүгінде бірнеше немере, шөберенің ортасында бақытты өмір кешудеміз. Бауырым Бақытбек те үйлі-баранды. Баршагүл келін екеуі балаларының, немерелерінің қызығын көруде.

Қолына күрек пен қайла ұстап еңбек көрігін қыздырған аталарымыздың қажырлы еңбегі, мықты төзімі, қайтпас қайсарлығы бүгінгі ұрпаққа өнеге. Әр ауылда осы менің әкем сияқты еңбек ерлері бар. Солардың атын ұлықтап, құрмет көрсететін уақыт жеткен сияқты.

Әнікей Манасбаева

Өскемен қаласы.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений