Желтоқсан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлығына қол қойды.
Мемлекеттік сыйлыққа әдебиет саласы бойынша "Кешіріңдер келгенімді өмірге" атты өлеңдер жинағы үшін ақын Гүлнар Салықбаева лайық деп табылды.
Бірнеше жыр жинақтарының авторы - ақын жерлесіміз бүгінде "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының бас редакторы.
Оқырмандар атынан шын жүректен құттықтай отырып, Гүлнар Сейітжанқызына шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тілейміз! Шаттық нұрына бөленіп, жүзіңізден күлкі кетпесін!