Ауылда тудым, ауылда өсіп келемін
Кездім шарлап ойлы, қырлы белеңін
Тұнық суын, таза ауасын сімірдім
Ауыл маған берді барлық берерін, -деп«Ауылда тудым» атты өлеңінде ақын өзі жырлағандай Үржар ауданында тұрып, сол жерде ақын болып қалыптасқан.
30 маусым күні ақын Жабайыл Бейсенов А. С. Пушкин атындағы кітапханаға «Ауылым –алтын қазынам» атты кітабын сыйға тартты. Бейсенов Жабайыл – ақын, сазгер. 1935 жылы 9 қарашада Қытай Халық Республикасы Тарбағатай аймағы Толы ауданы Жайыр тауының етегінде дүниеге келген. 1935-1942 жылдар аралығында ата-ана тәрбиесінде болып, 1943 жылдан 1951 жылға дейін Толы ауданындағы орталау мектепте білім алды. 1952-1956 жылдары Шәуешек қаласындағы қазақ гимназиясында оқыды. 1957-1961 жылдары арасында ШҰАР, Үрімші қаласындағы педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетін бітірді. 1962 жылы Қазақстанға келгеннен бастап, 1996 жылға дейін бұрыңғы Мақаншы ауданы (қазіргі Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысы), Жарбұлақ орта мектебінде ұстаз болып жұмыс атқарды.
Жинаққа енген өлеңдер ақынның туған жері, алтын бесік ауылы туралы сыр шертеді. Өлеңдерінде бүгінгі уақыт тынысы, ізгілік, адамгершілік ұстаным көрініс тапқан. Кітапты шығаруға демеушілік жасаған Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы.
Танымал есімдер-http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/pisateli-i-poetykz/1691-.html
Кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі Уалханова Рақия Нұралықызы