Щербаков Б. В. Шығыс Қазақстан-Еуразия жүрегі. - Өскемен: Восток-Печать баспасы,2017. - 1140 б.
Қазақстанның белгілі жазушысы, ғалым, табиғат зерттеушісі Борис Щербаковтың
көп жылғы еңбегі Шығыс Қазақстанның табиғатымен, геологиялық тарихымен тікелей байланысты. Кітапта облыстың қазіргі таңда қорғауға алынған аумақтары-қорықтар, қаумалдар, бірегей табиғи-аумақтық ландшафтар қамтылып, бүгінде жойылу алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктер сипатталған. Қазақ тіліне тәржімалаған жерлесіміз Қазақстан Республикасы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Азамат Тасқара.
Бұл кітап арқылы сіз алғашқы зерттеуші-саяхатшылар, археологиялық жаңалықтар, аңыздар мен әпсаналар, осы өңірдің тарихына есімі енген тарихи тұлғалар-ақындар, жазушылар, суретшілер туралы көп мағлұмат ала аласыз... Кейбір халық дәстүрлері мен аймақтық және планеталық деңгейдегі айтулы жайттар туралы баяндалады. Кітаптың негізгі тақырыбы-Шығыс Қазақстан табиғатының ерекшелігіне, Зайсанның құмды шөлдері, Алакөл ойпаты, Алтайдың мәңгі мұздақтары мен Сауыр -Тарбағатай жоталары секілді республикамыздың баға жетпес генофонды кіретін бай табиғи аймақтық кешеніне арналған.
Кітап мектеп оқушыларына, студенттерге, мұғалімдерге және Шығыс Қазақстанның табиғатына, оның өткені мен болашағына немқұрайлы қарайтындардың барлығына қызықты болатыны сөзсіз.