kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Foto ot 23 10Мамыр айының соңғы күні ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Нақ осы жылдары қазақтың ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері жаппай жазықсыз жазаға ұшыраған еді.

Сондай жазықсыз қуғын-сүргін зардабын тартқандардың бірі -  қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, тарихшы-ғалым,этнограф,  қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхамеджан Тынышбаев болатын.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  23 мамыр күні сағат 15.00 –де  кітапханада Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай  «Мұхамеджан Тынышбаев: Ғұмырдан да ұзақ жол» атты ғұмырнамалық кеш өтті.   

Кешке ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мәдениет саласының мамандары, студент -жастармен қатар теміржол саласының мамандары қатысты.

1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы –Садыр болысының Ешкіөлмес тауының маңайында (қазіргі Алматы облысы Қабанбай ауданы) дүниеге келген М. Тынышбаевтың өз халқына жасаған игілікті істері ұшан –теңіз.

«Үлкен террор» құрбаны болған әмбебап ғалым, халқымыздың біртуар перзентінің талайлы тағдыры туралы тамаша естеліктер айтылып, алаш арысының артында қалған мұрасы кеңінен насихатталды. Мұхаметжан Тынышбаевтай қазақтың арда ұлының артында қалған мұрасын насихаттауда, есімін есте қалдыруда ұрпақтарының жасаған ұлықты істерін дәріптейтін бейнефильм көрсетілді.Теміржолшылар династиясын жалғастырушы, ШҚ аймақтық теміржолшылар ардагерлер Кеңесінің төрағасы, М. Тынышбаевтың жерлесі Төлеген Исабаев сөз алып, өз өмір жолында, мамандық таңдауда, М. Тынышбаевтың тигізген ықпалы туралы әңгімеледі. Түрксиб –теміржол торабының халқымыздың экономимкасына тигізген игі әсеріне тоқталды:

«М. Тынышбаевтың есімі ұзақ жылдар аталмай келсе де, біздің ауылдың көнекөздері Мұхаметжанды ұмытпаған еді.Әрі шешеміз жағынан рулас болып келеміз. Оның қажырлы еңбегі мен ұлтына жасаған игі істері ел аузында болды. Өз басым небәрі 27 жастағы Мұхаметжанның Ресейдің 2 Мемлекеттік Думасына делегат болып сайланғынына таң қалдым.Өйткені бұратана халық ішінен таңдау тегін адамға түспесе керек. Осы теміржолшы мамандығын таңдауыма да Тынышбаев туралы естіген әңгімелер әсер етті. Ташкенттің теміржол институтын бітірдім, 40 жылдан артық осы салада еңбек еттім. Қазір зейнетке шықсам да ШҚ аймақтық теміржол ардагерлерінің кеңесіндемін, үнемі жастармен, оқушылармен кездесіп, жастар тәрбиесіне араласып тұрамын. Биылғы жылы бастама көтеріп, Защитадағы Лениногорскя көшесіне – Теміржолшылар, Октябрск көшесіне М. Тынышбаевтың есімі берілуіне көп еңбек сіңірдік.»

Кеш қонақтары «Мұхамеджан Тынышбаев: ғұмырдан да ұзақ жол» атты кітап көрмесімен танысып, қоғам қайраткерінің ұрпақтары жіберген бейнетаспаны тамашалады. Жазықсыз жаланың құрбаны болған тағы бір алаш арысының талайлы тағдырымен танысты.

.

Foto ot 23 1

Foto ot 23 3Foto ot 23 6Foto ot 23 9

 

 

 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений