Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Түркия Республикасы "Medeniyetin Burçları" ұйымының қолдауымен, 100 жаңа есім бағдарламасына енген үржарлық ақын, "Серпер" жастар сыйлығының иегері, докторант Ержан Жұмабектің "Sonsuzluk Şûlesi" атты жыр жинағын шығарды. Кітаптың тұсаукесері КАЙСЕРИ қаласында өтті.. Шығармашылық кешті ұйымдастырған түрік ағайындар.
Өлеңдерінің тақырыбы туған жерден басталып, лирикалық өлеңдермен аяқталады. Мына өлеңдерінен ақынның болашаққа өмірге деген талпынысын көруге болады.
Болашағым басымда жобаланып,
Алтын күндей жайнайды домаланып
Қиялыма түйреуіш тағып қойдым,
Бір бақыттың, бұйыртса болары анық, деп өзі жырлағандай бүгінгі 100 есім бағдарламасының жеңімпазы.
http://100esim.el.kz/ru/bio/erzhan_zhumabek
http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/100-janaesim/1698-.html