«Шежіре» деген сөздің төркіні арабтың «шыжре» - бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан. Шежіре - бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын түсіндіретін атау.
Еліміз егемендік алғаннан кейін, өткен-кеткенді екшелеп, жеті атасын іздеп жатқан оқырмандарымыз көптеп табылады. Оқырман сұранысына ие Найман тайпасының Ергенекті руынан шыққан Сарыжомарт ішінде Жиенбет (Құйымшақ) тармағын тарататын жаңа кітапты оқырмандар назарына ұсынамыз:
Қоңырбаев Қ. Қасенов Ә. Найман шежіресі: Ұлан батыр/Ергенекті/ Сарыжомарт-Жиенбет.-Алматы, 2015.-136 б.
Шежірені кітапханаға сыйға тартқан оқырманымыз Құсайынов Рахымға алғысымызды білдіреміз!