2009 жылдың 25 қарашасы ... белгілі режиссер, ақын, актер, шығыстың маңдайына біткен арда ұлы - Рүстем Есдәулеттің өмірден өткен күні.
Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Рүстем Есдәулетті еске алу кеші өтті. Кеш шымылдығын театрдың көркемдік жетекшісі Айдын Салбан Рүстемнің «Өскеменнің қақ төрінен театр ашсам деп едім...» деген өлеңімен ашты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қысқа ғұмырында қазақ театр өнерінде өзіндік қолтаңба қалдырып, өшпес, әрі өміршең дүниелер жасап кеткен ақын, режиссер, өмірден өтсе де көңілден кетпеген Рүстем Есдәулетті еске алды. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қорынан «Өмірге ғашық жүрекпен өнерді сүйген өзгерек» атты көрме көрермендер назарына ұсынылды. Соңынан көрермен қауым Рүстемнің «Толғақ» қойылымын тамашалады. Еске алу кешіне актердің отбасы, жақын туыстары, зиялы қауым өкілдері қатысты.