kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

    Көшпелі халық қазақ жұртының қиыр жайлап, байдың ауылы бұл жайлауға ерте көшкен еді. Көлдің жағасына келіп көш басын тіреді. Көгал қуалай қонған қалың ауылдар жарыса кереге жайып, шаңырақ көтерісті. Айдын көлге сансыз аққу келіп қонғандай болды. Көк шалғыны теңіздей тербеліп, толықсып тұрған дала әп-сәтте төрт түлікке толып кетті. Құлындар шұрқырап, қозы-лақ шулап, аспан асты әуенге толды.
    Осы ауылдың Бүркіт деген байы болыпты, оның көздің қарашағындай жолбарыстай айбатты бір ұлы болыпты. Айдай сұлу, көркіне сай ақылды жолдасы болыпты.
    Ауылы өте бай екен. Шұрқыраған жылқылары, сай-сайдың іші толған мал болыпты. Бәрі жақсылықта, махаббатта, баршылықта өмір сүріп жатыпты.

   Бірақ адамдар осы байлықты көтере алмай бір-бірімен ұрсыса бастапты.

   Бір-біріне қастық жасап, малдарын ұрлай бастады. Ауылы бөлініп, ауылдардың арасында соғыс басталды. Балалар әкелерінен айырылып жетім болып, әйелдер ерлерінен айрылды. Бұны көрген Құдай:

   - Мен адамзатқа бір сынақ жіберейін - деді.

   Өзінің қаһарын аспаннан түсіріп, жер үстіне қара құйын түсіріп, аспанда найзағай ойнап, бұлттар жерге түсіпті. Жерді топан су басыпты, толассыз шелектеп жауған жаңбыр тоқтамапты.

   Бай өз елінің болашағына қатты қынжылыпты. Бүркіт бай халқын құтқару үшін, кешірім сұрауға жолға шығады.

   Ол ұзақ жол жүрді, алдынан талай қиындықтар кездесті. Биік-биік таулардан, өзендерден өтті.

   Ең биік таудың шыңына шығу керек болды, жарқылдаған найзағай, қатты жауған жаңбыр Бүркітті артқа тартса да, оның көз алдында өзінің халқы тұрды. Таудың шыңына шыққанда жарқыраған күн сәулесінен оның көзі ашылмады. Құлағына: "Ей адамзат, мында қандай жұмыспен келдің?" - деген дауысты естіді.

   Бүркіт ақырын көзін ашса алтын тақта, ақ киімді, басындағы тәжінде жарқыраған күн, екінші жағында ай. Белінде белдігі алтыннан, қымбат тастардан жасалған - екен. 

   Бүркіт тізерлей сала Құдайдан кешірім сұрады:

   - Халқымды құтқарыңызшы. Елімді су басты, халқымды құтқарыңызшы - деп, жалынды.

   Оған аспан Тәңірі:

   - Бүркіт сен өз басының пайдасын ойлап келген болсаң көмектеспеуші едім, халқыңның болашағын ойласаң көмектесейін - деді.

   Сонда Құдай былай дейді:

   - Өз елің судың астында қалмасын десең бұлттарды көтеруің керек. Ол үшін тауға айналасың - деді.

   Бүркіт бай көп ойланбастан өз шешімін айтты.

   Бүркіт өз еліне келіп, елімен қоштасып, аулының үстіне көк аспан түспеу үшін, бұлттарды жоғары көтеру үшін тауға айналады. Аспанның бір жағын, бұлттарды көтере алмаған Бүркітке оның сұлу әйелі келіп көмектеседі. Анасын және әкесін қимаған, өз елі үшін жанын пида етіп жалғыз көздің қарашығындай ұлдары келіп аспанға тіреу болады.

   Сол ерте кезден бері таудың аты - Бүркіт. Әлі күнге дейін өз халқын қорғап, биік басы ашық аспанды тіреп халқына қарайлап тұр. Оның ауылы Опытное поле.

Әдебиеттер тізімі:

Ахметкалиева С. Бүркіт тауы // "Менің Отанымның аңыздары" Республикалық сайысы: Сайыс шығармаларының жинағы. - Өскемен, 2018. - Б. 20-21.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений