Қазынаға бай Алтай тауының ерке Ертіс атты ұлы болыпты. Ерке болып өсіп келе жатқан Ертіс, Алтайдағы тастарды жарып өтіп, көп асыр салады екен. Бірде ол әкесіне келіп: «Әке, мен мына шағын аймаққа сыяр емеспін, мені босатшы, еркіммен кетейін» - депті. Алтай қарт болса, ары-бері ойланып, оны босатпаймын деген шешімге келеді. Ұнжырғасы түсіп отырған Ертіс аспанға қарап қалықтап кетіп бара жатқан, бұлттарды көреді. Аспан аяқ астынан бұзылып, бұлттар бір жаққа асыққандай орындарын ауыстырып бара берді. Ол қатты асығып бара жатқан жел екен.
Ертіс желге тіл қатты:
- Жел, сендер қайда ұшып барасындар?
- Мен Обь есімді, сұлу қызға ұшып барамын.
- Сендер кімсіндер?
- Біз бұлттармыз.
- Сендер қайда қалқып барасыңдар?
- Алыста кең далада, теңізде құстар әнімен сұлу қыз Обь билеп жүр. Кешір біз асығыспыз. Сұлу қызға асығып кетіп барамыз.
- Сұлу Обь?! Мен де сені көруге жүгіремін! - деп, Ертіс лүпілдеген жүрегін қолына алып, ойланып қалды. Көзінен мөлтілдеген жастары маржандай түсіп ағып кете барды.
Ертісті көрген шағала:
- Ертіс сен неге жалғыз жылап отырсың?
- Бұлт пен жел маған сұлуқкыз Обь турапы әңгіме айтты. Мен оны көргім келеді, бірақ таба алмай адасып қалдым - деп, жауабын айтты Ертіс.
- Мен білемін менімен бірге жүре бер, саған жолды көрсетемін» - деп, тіл қатты шағала.
Ертіс асыға шағаланың артынан ере берді. Бірнеше күндер өтті. Алыстан күн көзіне шағылысып, ойнап, сылдырлап ағып жатқан ерке Обь өзенін көріпті.
- Обьті көріп риза болдың ба? - деп, сұрады шағала.
- Әрине, мен өз сұлу қызымды Обьті көріп тұрмын. - Ертіс есін әрең жинап Обьке тіл қатты:
- Қымбаттым сенімен бірге жүзуге рұксат берші?
- Жүр, өзіңмен бірге күшіңді алып, екеуіміз теңізге барайық - деп, күлді сұлу Обь.
Қаһарланған қария Алтай:
- Қайда менін ұлым Ертіс? - деген, даусы аспанды жарды, таудан тастар құлады.
- Ол қайда қашып кетті? Оны жел мен бұлт бірге алып кеткен шығар...
Балам-ау Ертісім, Ертісім, Ертісім...
Әдебиеттер тізімі:
Токтажанова Н. Ертіс туралы аңыз // "Менің Отанымның аңыздары" Республикалық сайысы: Сайыс шығармаларының жинағы. - Өскемен, 2018. - Б. 4-5.