Жоңғар бекінісі – XVII ғасырдағы бекіністі будда монастыры. Негізін 1654 жылы тайшы Абылай қалаған. Монастырь ғылыми ортада ежелден белгілі болған. Осыдан 200 жыл бұрын Абылайкитте бума қағаздардың көп болғаны соншалық, он атқа тиеп әкету мүмкін болмаған. Өкінішке орай, ол қолжазбалар қазіргі күнге дейін сақталмаған. | |
Андреев кафедралдық шіркеуі. Православие ғибадатханасы, Өскемен епархиясының кафедралдық шіркеуі болып табылады. Екі мың адамға арналған. Орыс Православие сәулетінің үздік дәстүрімен салынған: бес күмбезді, кіреберісінде қоңырау мұнарасы бар. Шіркеу Өскемен қаласында Қасиетті Троицкі ерлер ғибадатханасы аймағында орналасқан..
|
|
Берел патшалар қорғаны. Б.э.д. IV ғ. сақ кінәзінің қорымы. Қазба жұмыстары кезінде таңғажайып ғылыми-археологиялық жаңалық ашылған аспан астындағы мұражай кешен. Обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттар, органика, киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар мәңгілік тоңның нәтижесінде шірімей жақсы сақталған.
|
|
Халифа Алтай мешіті. Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі, республикамыздағы ең үлкен үш мешіттің бірі. Үш мың адамға арналған. Мешіт өңір тұрғындары, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың қайырымдылық көмегі және Араб Әмірлігінің демеушілік қолдауымен салынды. Мешіт құрылысына 20 мыңға жуық адам ат салысқан.
|
|
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Қазақстандағы ең бай көркемөнер құндылықтары жинағының бірі. Мұражай қорында 3600-ден астам өнер туындысы сақталған. Мәскеулік Невзоровтар отбасы соның 569 данасын Семей қаласына сыйға ұсынған. Мұражай 1870 жылғы сәулет ескерткіші ғимаратында орналасқан. | |
Мұзтау. Алтай тауларының ең биік нүктесі (4509 м), әлемдегі ең ірі шыңның бірі. Ол халық арасында қасиетті саналған. Биік сеңгірлер, тік жартасты рельефтер, мұздықтар – бәрі үндесіп, тауға ерекше асқақ келбет береді. Мұзтауға жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген альпинистер келіп шыңды бағындырады. |
|
“Қазақстан” - мемлекеттік рәміздер тауы. ҚР мемлекеттік рәміздері орын тепкен жер. Рәміздер павильоны Аблакетка тауында орналасқан, онда 6 метрлік әріптермен «Қазақстан» сөзі жазылған. Тауда 12х24 көлеміндегі Қазақстан туы желбірейді. Ол көлемі жағынан Қазақстандағы екінші ірі Ту. | |
Курчатов қаласы. Қалада Қазақстанның Ұлттық Ядролық орталығы орналасқан. Қала атауы, осында ұзақ уақыт тәжірибелік іс-сапарда болған физик - Игорь Курчатовтың құрметіне қойылған. Ядролық сынақ бақыланатын жабдық үлгілері, жарылыс іздері қалған материалдар полигон мұражайында сақталған. | |
Борис Александров атындағы спорт сарайы. Өскемен мұзайдын сарайы. «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан хоккейінің көшбасшысы. Ол халықаралық жарыстарда республикамыздың үмітін ақтап келеді. | |
Халық шығармашылығы мұражай-үйі. Үш қабатты ескі қамал. Мұнда бәрі ағаштан жасалған. Бір шебердің ғана қолынан шыққан бірегей жәдігерлер. | |
«Жидебай» қорық-мұражайы. Ұлы ойшыл және ақын Абайдың «Жидебай- Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайы Семей қаласының орталығынан ауқымды орын алып жатыр. Абай ауданындағы мұражай-қорық бөлімдері: «Жидебай» мұражай-қорығы және Бөріліде М. Әуезов мұражай-үйі.
|
|
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық саябағы. Қазақстандағы ең ірі ұлттық саябақ. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандары қатарының тізіміне енген. Саябақ аумағында 3 сарқырама, Берел қорымы орналасқан. Құстардың 400, өсімдіктердің 1000, жан-жануарлардың 100 түрі бар. |
|
Солжағалау саябақтар кешені. Қазақстандағы ашық аспан астындағы ірі сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай. Саябақ аумағы ботаникалық саябақ, зообақ, әскери және этнографиялық этноауыл кешендері, отбасылық демалыс орны және шаруашылық зоналарға бөлінген. Кешеннің ауданы 120 га. | |
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мазары. Қазақ халқының лиро-эпостық поэмасының кейіпкерлері есімімен байланысқан мазар қазірге жеткен көне ескерткіш. 1982 жылы мазар Қазақ КСР-ның тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынған. | |
Марқакөл ұлттық қорығы. Марқакөл көлі - Шығыс Қазақстанның меруерті болып табылады. Қорықта көптеген шипалық қасиеті зор өсімдіктердің 700-ден аса түрі, сүтқоректілердің 55 түрі бар. Қорықтың жан-жануарлар әлемі де өте бай. Ускуч балығы - Қазақстан көлемінде тек осы көлде ғана кездеседі. |
|
«Жеңіс» мемориалдық кешені. «Жеңіс» мемориалдық кешені 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға арналған ескерткіш. Жеңіс ескерткіші Ертіс пен Үлбі өзенінің сағасындағы «Стрелка» ауданында орналасқан. | |
«Өлімнен де күшті» мемориалдық кешені - Семей ядролық полигоны құрбандарына арналған зәулім монумент. | |
«Ақ бауыр» үңгіртасы. «Ақ бауыр» үңгіртасы - неолит дәуіріне жататын ең көне ескерткіш кешен. Ол Қазақстанда атақты Стоунхедж іспеттес. Жартас суреттері ғалымдардың «мұнда астрономиялық бақылаулар жүргізілген» деген пікірін нақтылайды, ал петроглифтер пиктографиялық жазбалардан хабар береді. | |
Алакөл - малта тастар мен қиыршық құмнан тұратын әлемдегі бірегей жағажай. Алакөлдің шипалық қасиеті көптеген тері ауруларын, сондай-ақ, қимыл-тірек қозғалысына, жүйке-жүйені емдеуге жағымды әсерін тигізеді. | |
Рахман қайнарлары. Барлық ауруға шипалы бұл көл туралы аңыз әңгімелер аз емес. Дегенмен, «Рахман қайнары» шипажайының негізгі емдік қасиеті - табиғи минералды жерасты радон сулары болып табылады. | |
Осинов асуы «Шығыс айналымы» автокөлік жолы - таңғажайып табиғатымен ерекшеленеді. 56-72 км. құлама жолы, 180 градустық шұғыл бұрылыстарымен «серпантин» деп аталған.
|
|
Аспалы көпір. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір - Семей қаласының көрікті орнының бірі. Ол Қазақстанда жалғыз және әлемде 17-ші орынды иеленеді. Көпір құрылысын «IHI» жапон фирмасы түріктің «Аларко Алсим» фирмасымен бірігіп салған. | |
Бұқтырма өзені. Қазақстандағы ірі үш өзеннің бірі және әлемдегі жасанды су қоймаларының ең ірісі. Ертіс өзенімен жүретін кемелерге ыңғайлы су жолы, балық шаруашылығы кең дамыған. Туристердің демалыс аймағы, әсіресе, әсерлі әрекеттер мен сезімдерге толы экстремалдық рафтинг үшін өте ыңғайлы демалыс аймағы болып табылады. |
|
Поперечка ауылы. Риддерде ауылдық және экологиялық туризмнің сәтімен дамуының жақсы үлгісі. Қонақ үйлерге жыл сайын көптеген туристер келіп демалады. Өлкенің ғажайып табиғаты шетелдік туристерді де тамсандыруда. | |
Қиын-Керіш шатқалы. Топырағы мен жер қыртысы ерекше қызғылт түсті жер. Бұл мекенді марсиандық көрінісіне қарай «Аруақтар қаласы» деп атайды. Екінші атауы – «Алаулаған адырлар», яғни табиғи келбеті алаулаған жалынға ұқсайды. Қиын-Керіш аумағынан құстардың бірқатары - бірқазандар мен суқұзғындар тұқымдастары кездеседі. |