kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(1893-1984)

Gomartov tokkara«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» деп, Қасым ақын айтқандай, жан алысып, жан беріскен қаһарлы ахуал жалғыз майдан шебінде ғана емес, тылда да қалыптасқан-ды. Әйелдер мен жас жеткіншектер таңның атысы, күннің батысына дейін колхоз жұмысына жегілсе, жасы 45-тен асқан кексе азаматтар «тұртармия» (орысша «трудовая армия») тырнағына ілінді. Соның бірі абайлық азамат Тоққара Жомартов еді. Ол 1893 жылы Шыңғыстаудың Көшек пен Еділдің қойтасы баурайынан бастау алатын Тоқпанбет өзені бойында дүниеге келген.

Тоқаң ақсақал, 1930 жылы ашаршылық басталғанда, бала-шағасымен Семейге, одан әрі Сібір бағытына жылжып, Барнауыл арқылы Кемероваға барып тұрақтаған.

1934-1935 жылдары Қазақстанның бірінші хатшысы Левон Мирзоянның қаулысы шыққан соң, аман-есен елге оралып, аудандық шикізат дайындау мекемесіне жұмысқа тұрады.

Сол сұрапыл соғыс өрті лаулаған 1943 жылы 50 жасты толтырған Тоққара Жомартұлы еңбек армиясына шақырылып, Горький облысы Выксунский ауданындағы әскери зауытқа тап болады. Мұндағы әскери зауыт соғыс жылдарында еліміздің мықты арсеналдарының бір еді. Волга мен Ока өзендерінің жағасынан майданға атақты «катюшалар» мен танктер, самолеттер, қарулар мен минометтер, оқ дәрілер, киім –кешек пен азық-түлік тоқтаусыз жіберіліп тұрды. Орманнан ағаш дайындап, оны соғыс мұқтажы үшін эшалондар арқылы әртүрлі бағыттарға жөнелтіп тұрған. Еңбек армиясында болғандардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы өте төмен еді. Соған қарамастан жанкештілікпен Жеңіс жолында аянбай еңбек еткен ісіне мығым, төзімді, еңбек озаты Тоққараның табан ақы, маңдай тері еленбей қалмады. 1945 жылдың жазында КСРО Кеңесі Советі Президиумының Жарлығымен «Еңбек ерлігі үшін» медалімен марапатталып, оны зауыт әкімшілігі 1946 жылы 29 маусым күні салтанатты жағдайда тапсырған.

Осылайша еңбек көрігін қыздырған Тоққара Жомартов еңбек үздігі атанып, 1947 жылдың мамыр айында ғана Қазақстанға оралады. 1985 жылы 9 мамыр – Жеңіс күні құрметіне «1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісінің 40 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

Тоққара Жомартов елге оралған соң, қайтадан еңбек майданына қызу араласты. 1947 жылдың күзінде 1958 жылдың соңына дейін Қарауылда өзі ұйымдастырған «Одақтық аңшылар қоғамын» басқарды. Шыңғыс тауының іші-сыртынан аң кезіп, ит жүгіретін сол кездегі ауылдың аңшы ақсақалдарымен аңшылықты өрістетеді, облыстың жүлдегері атанады.

Тоққара тыл майданына алынғаннан кейін, жұбайы Ақгүл Дәуітқызы тұрмыс тауқыметін жалғыз тарта жүріп, шиеттей 4 баласын да жеткізді. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ұлын ұяға, қызын қияға қондырып бақытты ғұмыр кешкен қос қария 90 жастан асып бақилық дүниеге аттанды.

Омаров, Асан. Отты жылдардың еңбек ері [Мәтін] /А.Омаров // Семей таңы.-2015.-7 мамыр.-Б.10.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений