kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Talaptan imanbaevФәниден ерте өтті деуге де, кеш өтті деуге де аузым бармайтын, алпыстың сызығынан асып жығылса да, артында қалған ізін ажыратып білу қайсысымызға болсын қиын тиіп жүрген Талаптан Иманбаевтың өмірі әрі жұмбақ, әрі жайдақ. Жайдағынан суыртпақтайын, жұмбағына бәрібір еріксіз соғамын.

Талаптан екеуміз ауылдас болдық, бірақ балалық шағымыз арналас болған жоқ. Әкесі Қасым тым кедей, тым момын, тым жуас болыпты. Мен ол кісіні бертінде, зейнеткер жасында көрдім: ассалаумағалейкүміңе “уағалейк...” деп күбірлей салатын да, ары қарай ауыз ашпайтын, үлкен адам болып әңгіме бастағанын, аты-жөнімізді сұрап білгенін көрген емеспін. Еш нәрседе, ешкімде шаруасы жоқ, отыра беретін. Сонау колхоздастыру жүрген кезде кеңес өкіметін суханы сүймеген, бірақ көнбеске айласы болмаған, оның есесіне екі ортадан пайда күреуді көздеген қулар: Совет өкіметі – кедейлердің өкіметі, билікке кедейлер ие болуы керек, сөйтсек қана саясатымыз жүреді! – деп ұрандап, ең кедей Иманбаев Қасымды колхоз бастығы етіп сайлап, “қой аузынан шөп алмас” жігіттің бармағы мен мөрін емін-еркін пайдаланып, екі жылда колхоз малын құртып тыныпты. Ол сотталып кете жаздап, әйтеуір, аудан басшыларының бірі оның жаратылысын кеш те болса танып, аяушылық жасап, аман қалыпты. Одан соң “бастық жолдас” үй шарусынан тысқары аттамапты, әйелінің әмірінде жүріпті, ал бәйбішесі пысық еді. Талаптан Өскеменге оралып, жұғымдылығының арқасында көп ұзатпай үш бөлмелі пәтерге ие болып, ауылдағы әке-шешесін көшіріп алып, кілең құралпас жас отаулар ақар-шақар араласа бастағанымызда көрдім ол кісіні, қала тірлігіне тез көндігіп, пәтерді тап-тұйнақтай етіп ұстады, немерелерін мұнтаздай етіп бағып-қағып жүрді.

“Балалық шағымыз арналас болған жоқ” дегенім: тірі жетімдікті тым ерте көрген Талаптанды бір ағайыны Өскеменге апарып, мектеп-интернатқа тапсырған да, Талаптан сонда оқып, сонда есейіп, одан Алматыға, сурет училищесіне жіберілген. Мектепте суретшілік қабілетімен танылған шәкіртті қамқор мұғалімдердің бірі жіберткен көрінеді. Училищеде ол Хакімжан Наурызбаевтың құзырында болып, айы оңынан туған. Білімдар, талантты ұстаз оның талабын ұштап, ағасындай жанашырлық жасап, інісіндей, баласындай еркелете тәрбиелеп, өнер ұясынан шыңдап, маман етіп ұшырған. Алматыда қалдырғысы да келген, бірақ Талаптан қала алмаған, ауылдағы ата-анасына алаңдаған, өзінен басқа асырап-сақтарлары жоқ қарттарының қолдарын жылы суға малуды ойлап, Өскеменге қайтқан. Облыстық гәзетке суретші болып орналасқан. Біз сонда табыстық. Мінезі ашық-жарқын, аңқылдақ. Үлкенге де, кішіге де көмектескісі келіп, құрақұшып жүргені. Әзілге шорқақ, нені болсын тура қабылдап, тулай қалуы да, сабасына түсе қалуы да тез. Жаратылысы жұмсақ. Балажан. Барған үйдің балақайларымен шүйіркелесе кетіп, қағазға сурет салып береді, немесе пластилиннен неше түрлі мүсін-қуыршақ жасай қояды.

Талаптан көбінесе Алматы, ұстаздары, әсіресе Хакімжан Наурызбаев жайында небір қызықты әңгіме айтады. Рас, әңгімеге тым шорқақ, қарадүрсіндетіп жібереді, бізге сонысының өзі құнды. Алматыны көрмегендеріміз көп, армандап, құмартып тыңдаймыз. Сурет училищесінде оқу, мүсінші болып шығу ғажап қой! “Мен – біздің облыстағы тұңғыш мүсіншімін!” дейді Тапай (біз Тапай деп атайтынбыз). Мүсінді пластилиннен жасаушы да, оны не гипске де, тасқа да көшіруші – өзі. Таңсық өнерін сан тамашаладық. Облыстың еңбектегі атақты адамдарының, тарихи тұлғаларының, Ұлы Отан соғысында Совет Одағының Батыры атағын алған жерлестеріміздің кеуде мүсіндерін жасап жүрді, ол үшін керігіп ақы да сұрамайтын, аз берсін, көп берсін, – есептесіп көрген жоқ. Кейін төлейміз деп алдап кеткендер де болды, олармен соттасқан емес. “Өй, өздері қызық екен, өтірікші екен! Ендігәрі ондайларға жоламаспын!” деп қолын сілтей салады да, тағы алданып қалып жүргені.

Талаптанның Сәбит Мұқанов және басқа жазушылардың үйлерінде, Хакімжанға көмекшілікпен ғалымдардың, артистердің, суретшілердің мүсіндерін жасауда “балшықшы” болғанын әңгімелегенде мен шынайы қызығып:

–Тапай, ей, осы айқандарыңның бәрін жазсаңшы, гәзетке берейік, кейін де керек болар, – дедім бірде.

–Мұның дұрыс екен, ойланайыншы, байқайыншы, – деген Тапай бірнеше әңгіме-естелігін қағазға түсіріп, маған берді, мен мұқият оқып, қайсыбір тұстарын өзімше көркемдеп түзеттім. Бірақ, ол ешқайсысын қайыра әкелмеді, гәзетімізге ұсынбады.

–Тапай, әңгімелерің қайда? – дедім бір күні.

–Оларды кейін көрермін, қазір кроссворд (сөзжұмбақ) жасап жүрмін, Алматының бір баспасынан жинақ шығармақшы едім, қолжазбамды өзіме қайтарып, тағы бір қарап шығуымды, толықтыруымды сұрапты, соны тездетпесем болмайды, – деді.

–Ондай да өнерің бар ма еді?! Бәрекелді! Гәзетке де беріп тұрайық, оқырмандарымызға керек қой! – деп қуандым.

Талаптанның атына заты сай талапты болғаны – бір ғажап. Таудай талабымен игермеген өнері аз еді. Кейінде сөзжұбақтан үш жинағы шықты (ол - бұл өнердің Қазақстандағы тұңғыш иесі). Соның ізіне құлай түскені сондайлық, уақытының көбін соған беріп, әңгімелерін қайта шолып ұсынуға мұрсат таппады. Келіншегі Зейнеш (“Зика” дейтінбіз): - Е, кроссворд – біздің жігіттің тоқалы ғой! - деп күліп жүрді,

Өскеменде суретшілердің бөлімшесі ашылып, бұрында бет-бетімен күнкөрген суретші, мүсінші атаулы сонда табысып, көрмелерін өткізіп, жетісіп қалды. Бірақ, содан бастап Тапайға тағы бір “өнер” дарыды – ол арақ деген пәлеге жуықтады. Тым аңқылдақ адам көңілшек келеді. “Енді қайтем, аналар ұйымдастырады, мен жырылып кете алмаймын”, дейді Талаптан, ренжіген бізге бар шынын айтып. “Ендігәрі көп ішпеймін!” деп уәдесін де береді. Амал не, сөзінде тұруы сирек. Мен жасымыздың қарайластығын пайдаланып, оңашалап алып, қатты-қатты сөйлейтінмін. Тапай мінін мойындап, қалбалақтап кешірім сұрап: “Қойдым, бітті, оллаһи! Айтқаным – айқан, міне, қолым!” деп жуаси күлетін. Десе де, көңілшектігінен, жігер күшінің пәстігінен кесірді көп көрді. Онысы үшін өзінен өзге кінәлі жоқ екенін түсініп те жүрді.

Ол бес ұл, бір қыз сүйді. Тұңғышы Талапкерден немере көрді. Талапкері Мәскеуде жоғары білім алды, Ресейде біраз жыл қызмет істеп, сонсоң Алматыға келді, аз уақытта ауызға ілініп, әжептәуір порфельді шенеунік болды. Содан бір қор құрып, ресми жиналыстарда жиі қара көрсетіп, үкімет құзырында жүрді. Алайда, бұдан төрт жыл бұрын әлгі “қордың қаржысын қалтасына басып алып, шет елдің біріне қашып кетіпті” деген хабары дүңк етті. Содан бері “қашқын” есебінде. Өз басым оның сондай теріс қылық жасағанына сенбеймін, оның тегінде өйтетін алаяқтық жоқ! Сірә, біреулердің арандатуына жем болып кеткен шығар. Талаптан, әйтеуір, ұлының ол жаманатын естімей өтті. (1993-жылы 59 жасында).

Талаптан адам ретінде арманына жеткен болар, ұрпағы өніп-өсіп жатыр. Ал мүсінші ретінде арманына жеткен жоқ, атақты жерлестерінің: бес-алты кеудемүсіннен өзге шын мәніндегі кесек туындысы қалмады. Кезінде қаламынан шыққан әңгімелері, естеліктері қайда екені беймәлім. Өмірінің жұмбағы – сол.

Ғаббас Қабышұлы,

Қазақстанның Құрметті жазушысы, 

Халықаралық әдеби "Алаш" сыйлығының иегері

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений