kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Shanak1Сыбызғышы – Шанақ Ауғанбаев 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының еңбек ауылы маңындағы Төтей тұмасы деген жерде дүниеге келіпті. Әкесі Ауғанбай артық байлығы жоқ, орта шаруа болған. Үш баласының бірі-Шанақ. Ауылдық жерде ән салып, домбыра шерпейтін, бір-екі өлең шығармайтын адам кемде-кем. Сондықтан да болар, Шанақтың құлағына музыка туғаннан ақ ұялады. Оны 10 жасында Найман Саржомарт руының атақты сыбызғышысы Шерубай Орсайұлының (1857-1933) тыңдауы өміріне ұмытылмастай әсер қалдырды.

Күйлердің терең мағынасын, орындау шеберлігін жете түсінбеседе, жас Шанаққа сыбызғы үні құпиялы сыры мол, өзгеше бір өмірге жетелегендей болады. Ол үйіне «Менде Шерубайдай сыбызғышы болсам»,-деп қайтады. Ертеңінде таудың теріскейінде өсетін қара қурайды кесіп әкеліп, үш жерден тесік ойып, сыбызғы жасайды. Бірақ одан дыбыс шығара алмай, көп әуреленеді. Сыбызғыдан үн шығаруды үлкен әкесінің інісі-Олжамұраттың Тотиынан үйренеді. «Сен сыбызғышыларды көп тыңда, сонда ғана сыбызғышы боласың», - деп үлкендер оган кеңес береді. Шанақ сыбызғышы келіпті дегенді естісімен алыс, жақын демей, іздеп барып күй тыңдайды. Үйіне келіп естігенін сыбызғыға салады.

Осылай әр күйдің басын шалып, түгел ойнауға талпынып жүргенінде аулына, 1925 жылы өзінің нағашысы Құттыкелдінің Сүлеймені (1880-1932) көшіп келеді. Сулеймен-Шерубайдың шәкірті, ол да елге аты әйгілі сыбызғышы болыпты. Шанақ Сулейменнен сыбызғыдан үн шығару тәсілін жетілдіреді. Сонан соң Шерубайдың «Балқурай», Мұсаның Бөгісінің (1898—1924) «Жамал-ай» атты әнінен бастап, халықыц күйлері «Жорға аю», «Қалмақ пен қазақтың бөлініскені», «Қоңыр күй», «Жесір әйелдің зары», «Жетім қыз», «Көк бура», «Мұңлық-Зарлық», «Бозінгей», «Кеңес күй», «Шерубайдың қоштасу күйін» тыңдайды.

1926    жылы Жапаш, Қашқын, Қасқа деген іpi сыбызғышылардан «Алтай Қоңыр», «Аққабаның толқыны», «Қалмақтың қоңыр күйін» тыңдайды.

Шерубайдың және Калмақ шеберлерінің сыбызғысының үні жуан және өз дауысын көкейден қайыратын тәсілінен өзгерек тартатын Моңғолия жерінен келіп жүретін Мұса бақсыны («Үкілі бақ сы») Шайад 1931 жылы тыңдайды. Мұса сыбызғының үнін сызылта шығарьш, сыңсыта ойнайды екен. Шанақ ол кісіден «Мұсаның күйі» деген өз шығармасы мен халық күйлері-«Қылаң батыр», «Балжықгерді» үйренеді, 1932 жылы Совет шекарашыларына арнап тартқан «Шәужі қалмақтың күйін» автордың өзінен үйренеді.

Шанақ кәсіби сахнаға шықпаса да, сыбызғы күйлерін ойын- сауықтарда үнемі орындап жүреді. Тіпті сыбызғымен шектеліп қалмай, домбыра тартып, сықақ өлеңдер, насихат термелер де айтады. Қазақ сахарасының жігітті сынайтын бір өнері күрес болса, Шанақ-жамбасы жерге тимеген палуан.

1936 жылы аудан басшылары Еңбектегі мал шаруашылығы меңгерушісі болып жүрген жерінен Чапаев колхозына төраға етіп жібереді.

1949жылы 37 жасында Өрнек колхозына ауыстырады. 1957 жылы Шанақ Топқайың колхозын басқаруға жіберіледі.

Ауғанбаев Шанақ 1956 жылдан КПСС мүшесі болды. Ол көп жылдар колхоз бастығы, совхозда бөлімше меңгерушісі болып, шаруашылық басқарды. Өмірінің соңына дейін Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында тұрды.

1972 жылғы шілдеде Қазақ ССР Ғылым Академиясы өткізген қазақ-совет поэзиясының алыбы-Жамбыл Жабаевтың 125 жыл толуына байланысты тойына Шанақ арнайы шақыртылды, ол той үстінде түрліше өнер көрсетіп, жүлдегер атанды. Грампластинкаға жиырмадан астам халық күйлерін және өзі шығарған «Тоғызыншы бесжылдық күйін» жаздырды.

Фольклорды социологиялық тұрғыдан зерттеу жайлы 1974 жылдың күзінде Алматы қаласында өткізілген Бүкілодақтық пленумға Қазақстан композиторлар одағының шақыруымен Ш. Ауғанбаев та қатысты. 1974 жылдың 26 қараша күні ол Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның сәулетті үлкен залында этнографиялық концертке қатысты.. Шанақ бұрын-соңды өзi көріп білмеген Мұзды мұхит жағалауының тұрғындарымен танысты

29 қарашада М. О. Әуезовтың мемориалды музейіне, «Қалалық қазақ әдебиеті мен өнерінің халық университеті» тыңдаушыларымен кездесіп, сыбызғыда күй тартып, термелер айтты.

Шанақ Ауғанбаев үлкен сахнаға шықпаса да, сыбызғы күйлерін ауылдағы ойын-сауықтарда, әр алуан отырыстарда орындап жүрген. Шанақ жамбасы жерге тимеген палуан болған. Отбасында алты ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Ұлдары Сайфолда, Әлібек, Қаткен шаруашылық басқарған. Ел таныған іскер азаматтар болды. Қаныбек, Жәнібек, Сәйін, Сәнді ұстаздық қызмет атқарды.

Ш.Ауғанбаев туралы әдебиеттер – Литература о. Ауганбаева Ш.

Кітаптар-Книги

Асқаров, Әлібек. Алтай алтын бесік, ата жұрт [Мәтін] : тарихи-танымдық тұрғыдағы саяхат (сафари) жазбалары / Ә. Асқаров. - Астана: Фолиант, 2009. - 290 б.-

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен: ШҚМУ, 2006. - 432 б.-Шанақ Ауғанбаев : Б. 379-381

Назырбаев, Қайырды. Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев. - Астана: Фолиант, 2011. - 280 б. –Сыбызғышылардың соңғы тұяғы : Б. 240-241

Анаш, Думан. Алтайдан Алакөлге дейін [Мәтін] / Д. Анаш. - Алматы: Arna-b, 2017. - 328 б. – Бесаспап: Б. 89-97

 Мақалалар-Статьи

Бекхожина, Т. Сыбызғышы - Шанақ Ауғанбаев / Т. Бекхожина. – [Мәтін] // Арай. - 1975. - 9 сентябрь. - Б. 4.

Бекхожина, Т. Сыбызғышы -Шанақ Ауғанбаев / Т. Бекхожина. – [Мәтін] // Коммунизм туы. - 1975. - 3 сентябрь. - Б. 4.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений