kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(отбасы тарихынан)

Miller AleksandrСаша Миллердің бақытты балалық шағы 3 жасқа толғанда үзілді. Ұжымдастыру басталып, үйге түсі суық адамдар келіп қолдағы барын тартып алғанға дейін Миллерлер отбасы бақытты еді. Ағайынды төрт бала – Саша, Иван, Роберт, Рейнгольд еңбекқор әрі берекелі отбасында тәрбиеленіп жатты. Миллердің ауқымды шаруашылығында батрактар болған жоқ, анасы Аманда мен әкесі Самуил таңның атысы күннің батысы өздері еңбек еткенмен оларды кулак деп санады. Қолдағы барын тартып алып, ештеңесіз қалдырды. Бұл оқиға Поволжьенің, Саратов облысы Бальцер атты (кейін Краснормейский деп аталған) шағын қалашығында болған еді. Отбасына түскен ауыртпалық мұнымен тоқтаған жоқ. Басқа неміс отбасылары сияқты бұларды тез арада поезға отырғызып, шығысқа еріксіз жер аударды. Алматы қаласынан бірнеше жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан Көксу селосына орналастырды. Осы жерден әкелерін алып кетті, содан кейін оны ешкім көрген жоқ. Қайда әкеткендерін де біле алмады. Балаларды анасымен және әжесі Сузаннамен арнайы баракка әкеп орналастырды. Соғыс басталғанда Миллер отбасына арнайы қоныстанушы статусын беріп, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентіне жөнелтті.

- Бізді мектептің Конный двор деп аталған бұрынғы құрылыс материалдары тұрған сарайға орналастырды. Осы жерде қыс түскенше тұрдық. Қысқа қарай саман барактар тұрғызылып, сонда көштік. 40 градустан асатын аязды күндер бірнеше апта тұрып алғандықтан саман қабырғаны қырау басты. Киімі жұқа, қарны аш адамдар ертеңге дейін тірі қалсақ деп армандайтын. Лагердегі тәртіпті комендант қатаң бақылады. Менің бала жадымда комендант жанында пистолет бар адам ретінде сақталды. Жоғары жақтағылардың бірі біздің аянышты өмірімізді көріп, жергілікті халықпен бірге тұруға рұқсат берді. Бірақ көктем шыға баракка қайта оралып, ай сайын комендатураға барып, белгіленіп отырдық. Соғыс біткен соң да 1953 жылға дейін қатаң бақылауда болып, белгіленіп отырдық.

Miller a cТек Сталиннің жеке басына табыну әшкереленген соң саяси қуғын көргендерді ақтау туралы сөз қозғала бастады. Әкеміздің жазықсыз жазаланғаны ескеріліп, отбасына айына 15 рубль ақша төлей бастады. Рейнгольд мектепті алтын медальмен, Роберт 9 класты үздік бітіріп, үлкен ағамыз Иван Малоубинка мектебіне неміс тілін оқыта бастады. Қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ, көп ұзамай үшеуін де еңбек армиясына алып кетті. Ең алғашқы болып еңбек армиясына 1918 жылы туған ағамыз Иван шақырылды. 1942 жылы Рейнгольд (1921жылы туған) пен Робертті (1925жылы туған) алып кетті. Ағайынды үшеуі де Челябинск облысындағы металлургиялық өнеркәсіпте еңбек етіп, ауыр қол жұмыстарын істеді. Олар тәулігіне 12-14 сағаттан жұмыс істеп, ағаш барактарда тұрып, үнемі қатаң бақылауда болған. Александр Самуиловичтің айтуынша ең ауыры аштық пен суыққа шыдау еді. Аш адамдар жуындыға тасталған сүейекке таласатын.

Олар еңбек армиясынан соғыс біткен соң денсаулықтан айрылып, бірақ қайтқан. Әсіресе Роберттің жағдайы қиын еді, кір жуатын ылғалды, булы жерде еңбек еткен оның өкпесіне зақым келіп, туберкулез болып оралды.

- Роберттің жүдеп жадағаны сонша, келе жатып, есінен танып қалатын. Анамыз отбасының жартылай аш, нашар тұрмысына қарамастан Роберттің бетін қаратуға күші жетті, – деп еске алады Александр Самуилович. Осындай ауыр сынақтар ағайындылардың өмір жолына әсерлерін тигізбей қоймады.

- "Басқаларға қарағанда менің жолым болды - деді естелігін жалғастырған Александр – мені алдымен ағаш шеберіне оқыту үшін ФЗУ-ға (соғыс жылдарында 10 айлық жеделдетілген курстар ) алды. ФЗУ арнайы киім, тамақпен қамтамасыз етті. Одан кейін мастердің көмекшісі етіп, училищеде қалдырды. Мастер Герасименконы көп ұзамай саяси тақырыпта қолайсыз анекдот айтқаны үшін тұтқындап әкетті. Жұмыста да, оқуда да үздік болуға тырыстым. Сырттай құрылыс техникумын бітірдім. Құрылыс басқармасында қол шебері, прораб, бас инженер қызметтерін атқардым".

А.С. Миллер талай қызметтерді істеді. Ешкім тең келмейтін консультант, сирек кездесетін құрылыс маманы болды. Күні бүгін жобалар сызып, смета, құқықтық нормативтер әзірлейді. Өңірдегі жаны таза, адал, ешкімнен көмегін аямайтын өз ісінің білгірі.

16 жасына еңбек етіп, 78 жасқа келген Александрдың еңбек өтілі 62 жыл!

Millrt robert

Ағайындылардың арғы өмірі қалай болды дейсіз ғой? Еңбек армиясына дейін отбасылы болған Иван Малоубинкаға оралды. Екі ұлы ержеткен соң тарихи отаны - Германияға қоныс аударды.

Рейнгольд Белоусовкада (ГРП) нормировщик, экономист болып еңбек етті. Еңбек армиясындағы ауыр жылдардың кесірінен 50 жасқа жетпей өкпе ауруынан көз жұмды.

Роберт Белоусовка подхозында есепші, бухгалтер, меңгеруші болып қызмет істеп, 78 жасқа келіп қайтыс болды.

- Саяси қуғын –сүргінге қарамастан, - деп аяқтады әңгімесін Александр Самуилович – өзімізді қоршаған адамдардың көмегімен, қолдауымен біз өз ортамызда сыйлы, қадірлі болдық. Саяси қуғын көргендер жазықсыз жапа шеккендері туралы жетпісінші жылдары құжаттар алып, компенсация, мемлекеттік жәрдемақы ала бастады. Олардың көрген ауыртпашылығын ешқандай ақшамен өтеу мүмкін емес еді. Келер ұрпақ саяси қуғын–сүргін құрбандарының тарихынан сабақ алар ма екен?

Miller babyshka
                                                                               И. НЕМЧЕНКО, К. САРЫЧЕВА.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений