kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Қазына байлыққа толы Кенді Алтай өңірі тума таланттарымен дарынды ұл-қыздарымен аян. Сол құтты мекеннен шыққан республикаға есімі белгілі ақын, Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, қадірлі ұстаз Бақытжан Райысова бүгінгі жұртшылық қауымды тағы кітабымен қуантып отыр.

Бақытжан Райысованың оқырман назарына ұсынып отырған жыр кітабы «Ай патшалығы» 2012 жылы Алматы қаласындағы «Орхон» Баспа үйінен 19 баспа табақпен шығып отыр. Бұл кітап белгілі жазушы-публицист Әлібек Қаңтарбаевтың алғысөзімен басталып, 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіндегі ақын Ғафу Қайырбеков берген бағамен жалғасады.

Бұл кітапта ақынның лирикалық өлеңдері, арнаулары, толғаулары, балладалары, мысалдары және «Ізгілікке тағзым» атты халық ұстазы «Қазақтың Қанипасына» арналған поэмасы бар. Кітаптың аты «Ай патшалығы» атты толғауының атымен аталады. Толғауда аспандағы ай астында асқақтаған алып Алтай тауының тарихы мен табиғаты суреттеледі.

Табиғатпен егіз елдің мұңдасы,

Сақтар, ғұндар, түркілердің сырласы.

Сұлық жатқан сұлу Айдың көркімен

Сан мың жылдар сәулеленген шың басы. -

деп ақын қазақтың арғы тегі сақ, ғұн, түркілердің мекені болған тарихи жер Алтайдың сұлу көркі мен сан мың жылғы өткен оқиғаларына көз жібереді. Алтай тауында болған сансыз аңыздар мен қиял ертегілерді баяндайды.«Мұзтау», «Сақ аруы», «Патшалар жазығы» деген аңыздарға құрылған бұл толғау сол мекенде болған оқиғалар мен ел аузындағы әңгімелерді сөз етеді. Туған жер, оның табиғатына арналған толғау аңыздар желісінде жазылып, өткен тарихты тереңінен қозғайды. Толғаудың тілі көркем шұрайлы, бейнелі тіркес, образдармен көмкеріліп суреттеледі. Ақын тіліндегі басты ерекшелік - символдардың, поэтикалық образдардың сәтті берілетіні. «Ай» мен «Алтай» сөзі - символ. Биік арманның, сұлулықтың, мәңгіліктің символы.

«Ай патшалығы» кітабындағы ақын поэзиясының тақырыптары өмірдегі барлық мәселелерді қозғайды. Туған жер, Отан, ұстаз, білім, ана тілінің тағдыры, табиғат, махаббат, поэзия, Қазақ елінің өткен тарихы мен бүгінгі болмысы, ел жайы, адамның жағымсыз қылықтары басқа да күнделікті қоғамда белең алған мәселелер - ақын поэзиясының басты темірқазығы. Ал Ай мен Алтай тақырыбы - ақын поэзиясының алтын діңгегі. Ақын поэзиясының өн бойында Ай мен Алтай үнемі беріліп отырады. 2000 жылы шыққан ақынның өлеңдер жинағы «Ай мен Алтай» деп аталып, келесі жинағы «Ай патшалығы» деп аталуының өзінде үлкен мән бар. Сол кітаптағы ой өзегі жалғасын тауып, ақын үнін тербетеді.

Бақытжан Райысованың бұған дейін де шыққан кітаптарындағы ақынның жан даусы, сезім сырлары, өткір жырлары жалғасын тапқан.

 Қоғамдағы толғағы жеткен мәселелерге, өмірдің ащы шындығына алаңдап өзіндік үн қосады. Табиғаттың тылсым күштеріне, уақыт пен заман сырларына, адамның сезім иірімдеріне жіті үңіледі. Адамдардың көре бермейтін, сезе бермейтін құбылыстарын ақын дәл тауып көріп, сезіп дөп басады.Оларға ақындық ақ жарқын, ақ көңілмен аңқылдап, селт еткен сырлы сезіммен тербетеді.

Дүние сүйеніп талға,

Күн иген жерге төсін,

Сезімде серік бар ма,

Сен ғана тербетесің, -

деп ақын табиғат құбылысын адамның сезім сырларымен қабаттастыра жырлайды.

Есірік жел соғып тұрды

Ессіз биді биледім.

Сақ-сақ күліп тұрғаныңды

Жылап жүріп білмедім.

дегенде де ақын адамның көңіл күйі мен табиғат құбылысын қатар қойып береді. Өлең өрнегіндегі дыбыстар жымдасып, табиғат құбылысын тірілтіп, жанды бейнені көз алдыңа елестетеді.

Ақынның пір тұтып, көңіліне медет пен қуат алары - өлең.

Ғайып өлең, отқа балқып сүйегі,

Сөздің өңі кіреді.

Жеті қабат жер астында жүрегім

Нені сезеді?!

Өзі ғана біледі.

Ақын өлеңнің жайшылықта тумайтынын, оның жалындап, отқа балқып туатынын айтады. Өлең өнері мен поэзия көгіне қалам тартып жүрген ақын поэзия падишалары Абай, Пушкин, Шәкәрім, Есениндерге арнап жыр нөсерін ақтарады. Ақындық мектебіне Абай, Шәкәрім, Мағжан, Мұқағалиларды үлгі етіп, кейде солардың ізімен де өлең жазады,-

Ақын жыраулар дәстүрін жалғастыра отырып, жырауларша толғап-толғап сөйледі.

Күмбір де, күмбір далада,

Күңкілдеп тұрсаң бола ма?

Көсіліп шапқан тұлпардай,

Еркін бір өскен ер салмай.

Ұшумен өткен сұңқардай,

Қанатын қаққан қисаймай,

Бір өлең жазсам деп едім.

Актамберді, Махамбеттер мақамына салып, ақын күмбір-күмбір далада «тұлпардай», «сұңқардай» шауып шабыттана жыр толғайды.

ХХ ғасырдың Шолпан жұлдызы Мағжанның поэзиясындағы символикалық образдар - Ай, Күн, Жұлдыз Бақытжан лирикасында дәстүрлік жалғасын табады.

Жер - менің мәңгілік мекенім,

Күні ертең қойнына кетемін.

Аз күнге еркелеп Ай, Күнге,

Төсінде тіршілік етемін.

немесе

Дүние, қызылды-жасылды көркіңмен,

Болжаусыз самғайсың өзіңнің еркіңмен.

Соңында қалдырып құс жолың ақ перде,

Не іздеп барасың Жұлдызды жат жерге.

Ай, Күн, Жұлдыз ақын лирикасындағы символдар. Ақынның үнемі алысқа талпынып, Ай мен Күнге еркелеп, биікке самғағысы келетіні әр жырынан байқалады.

Поэзия әлемінде өзіндік үні бар Бақытжан Райысова сыршыл лирикасымен, өткір сатирасымен, шабытты жырларымен оқырман қауымға тағы да жыр жинақтарын сыйлап, қуатты өлеңдерін нөсерлетіп төге берсін деген үміттеміз.

Картаева Айжан Маратбекқызы

филология ғылымдарынын докторы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений