kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Әлемнің 8-ші кереметі –Қиын Керіш

Киин Кириш вечернииҚазақстанда адам таңғаларлық жерлері көп.  Солардың бірі Қазақстанның шығысында орын тепкен Қиын-Керіш шатқалы.

Орналасқан жері – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының орталығы Күршім селосынан оңтүстік-шығысқа қарай (Күршім-Қалғұты-Қалжыр тас жолы бойымен) - 95 км-дей, Зайсан көлі мен Аманат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай - 15 км-дей жерде.

Қиын-Керіш — қызыл топырақты құлама жарлардан, өркештелген адырлардан, қызғылт сары, ақ, көк және басқада сан түрлі топырақты мұнаралардан тұратын ерекше шатқал. Аумағы 300 га.

Голливудтың «Марсианин» фильмінен кейін көптеген әлемдік интернет-ресурстар жердегі Марсқа ұқсас мекендердің тізімін құрады. Барлық тізімде Қазақстанның Қиын-Керіш шатқалы көш басында тұрғаны шындық.

Топырақ құрамы ақ балшықтан тұратындықтан қар, жаңбыр суларынан майша еріп, шатқал маңындағы жолдарда көліктердің жүруі өте қиынға соғады. Батып қалған көліктердің керіштен шығуы екіталай.

"Қиын-Керіш" деп осы жол қиындығына байланысты қойылса керек. Жалпы "керіш" сөзі түркі тілінде "тау", "жота" дегенді білдіреді.

Зайсан көлінің солтүстігінде Құйған, Аманат, Ақсуат, Мөнекей, Жолнұсқау сияқты ауыл­дар тұрғындары ежелден балықшылықты кәсіп етеді. Көлдің солтүстік шығысында Қиын Керіш деген геологтар мен табиғат танушыларды, археологтарды жіпсіз байлайтын жер бар. Бұл атырап туралы да ғалымдар мен натуралист жазушылар ара-тұра жазып жүр.ce23d905992b40e952a2d8b4ae6afa58 lightbox

Қиын-Керішке барарда Қарабүйрек шоқысы мен мұндалайды. 

Осы жота қып-қызыл болып көз тартады. Неге олай? «Топырағы неге қызыл?» деген сауал өзінен өзі туындайды. Геологтар бұл араны «алаулаған адырлар» деп те атайды. Қарабүйрек шоқысының қарасы көрінгеннен-ақ түрлі түске еніп, сағым ойнайды. Жақындаған сайын от шашқан сияқты көрінген адырлар айқын көріне бас­тайды. Сағымдар «қисық айнаға» түскендей құбылады. 

Жалт-жұлт еткен отты ұшқын көзді арбайды. Расында таңғаларлық-ақ. Осының бәрін сөзбенен айтып жеткізу қиын. Бейне бір отты адырларға әлемнің барлық жұлдыздары жауып, енді торға түскен балықтар сияқты тыпырлап, көз қызықтырар сәулесін шашып, аспанға ұшып кеткелі жатқандай көрінеді. Нағыз – «Жатпланеталық пейзаж». Ғажайып адырларға қадам басқанда түс көріп немесе ертегі әлемінде жүргендей сезінесің. Көре келе жарқыраған жұлдыздардың да құпиясы ашылады. Оның өзі жарық шашқан күн нұрымен шағылысқан друзалар (бір негізді кристалдар тобы) мен олардың жарықшақтары екен. 
Бұл дегеніңіз, геологиялық Зайсан Колорадосы немесе әлемнің кереметі – Қиын керіш. «Мұнда әр келген сайын ке­ріштер әр қырынан көрінеді», – деп жазады жазушы Борис Щербаков.
         Зайсанның бұл керіштері шөгінді жыныстардан пайда болған. Миллиондаған жылдар теңіз бен көл түбінде жатқандықтан, әр түрлі химиялық құрамдағы қатпарлар қабаттаса берген. Әр геологиялық дәуір өз қолтаңбасын, өз бояуын қалдырып отырған. Мейірімді күн нұрын төгіп, көк жасаң нуға оранды, пальмалар мен папоротниктердің орнын қылқан жапырақты ормандар басқанын да бастан кешірді. Олардың керіштер мен тасқа түскен бедерлері бүгінгі бізге жазылған хаттай таңбаланып қалды. Осы арадан алып тасбақалар мен жыландардың қаңқалары сияқты өте ертедегі тропикалық кезең фаунасы мен флорасының белгілері болып бізге жетті. Алып жануарлар мен құстар зулаған ғасырлармен бірге кетті. Қаһарлы суық климат пен құрғақшылықтар да өте шықты. Қазіргі өсімдіктерге ұқсас табиғат әлемі де осы арада үстемдік құрды. Уақыт өте келе біздің планетамыз жаңаша жасанып шыға келді. Артынша осы алапты мұз құрсауы басып жатты. 

Қиын Керіште түлкі, қарсақ, қасқырлар мекендейтін сан алуан үңгірлер көптеп кездеседі.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений