Баяғыда Марқакөлдің орнында ар жақ, бер жағына көз жетпейтін үлкен жазық болған деседі. Сол уақытта найманның бір байының Марқа атты асқан сұлу қызы моңғолдың Ұраңқай руынан шыққан Балжын деген жігітті ұнатады.
Балжынның атақты бәйге кер аты болыпты. Марқаның ағаларының көзі осы кер атқа түсіп жүреді екен.
Кер атты алудың жолын іздеген қыздың ағалары Балжынның алдына марқа қозының еті піскенше үлкен жазықты айналып шығуы керек деген шарт қояды. Егер аталған мерзімде шауып шықса, Марқаға үйленеді, орындай алмаса, кер аттан айырылады.
Сонымен, бағлан сойылып, қазанға салынады. Балжын атқа қонады. Бағланның еті пісер-піспесте кер ат мәреге жақындапты. Су деңгейінің жылдам көтерілгені сондай, мәреге таяп қалған Балжын атымен қоса суға кеткен екен дейді. Кер аттың ізінен атқылаған су мен ақ Марқаның көз жасы қосылып, көл пайда болыпты.
Күні бүгінге дейін моңғол қазақтарында «Балжынгер» деген күй бар. Ал, көл осы оқиғадан кейін «Марқакөл» атанған екен.
Әдебиеттер тізімі:
Ислямов, А. Шығыс Қазақстан топонимикасы = Топонимика Восточного Казахстана : Әдістемелік құрал. - Алматы : Эверо, 2003. - 112 б.
Мұхаметжанов, А. Марқа атауы қалай шыққан // Рауан. - 2009. - 15 тамыз. - Б. 3
Березовиков, Н. Таңғажайып тамаша Марқакөл // Шамшырақ. - 1983. - 20 декабрь. - Б. 4.