Құрметті оқырман, жыл сайын дәстүрлі онлайн конкурстың нәтижесі бойынша жарық көретін "Алтын тұғырдың" үш томдығы оқырман қауымға жол тартты.
Қаламгерлер қауымы үшін ауыл тақырыбы түгесілмес қазына, таусылмас кен іспетті. Туған жердің топырағына кіндік қанымен байлаулы қазақ жазарманы ауыл тақырыбын толассыз толғай беретініне еш күмәніміз жоқ.
Кеше кітапханаға "Ауыл" партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Ербол Көбентаев "Алтын тұғыр" кітабын сыйға тартты. Кітап үш томнан тұрады, драматургия, поэзия, проза.
Шығыс Қазақстан облысынан драматургия саласы бойынша жазушы, драматург Аскерхан Ақтайдың "Өмір" базары атты драмасы, проза жанры бойынша Күршім ауданының тумасы Айзат Рақыштың "Диуана мен бикеш" хикаяты, поэзияда Олжас Керейханның "Ауыл түні", "Жержұтқыр", "Қараша ауыл", "Ауыл түні", Олжас Қасымның "Алыптардың ауылы", Оразай Жеңісұлының "Аяулы мекен", "Алтай көктем", "Ауыл аңсар", "Үлгілі ақын", "Тағы да ауылды аңсау", Еркебұлан Зағыпаровтың "Біздің ауыл" атты өлеңдері топтастырылған.
Келіңіздер, кітаппен таныс болыңыздар!