kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер

linka

Кеңестік тоталитарлық жүйенің тұйыққа тіреліп, күйреуі 80-жылдарға тұспа-тұс келді. Бұл жылдары қазақ жырының көгіне Е.Раушанов, К.Мырзабеков, Т.Әбікәкімов, Г.Салықбай, Н.Мәукенұлы сынды жұлдыздар шоғыры шықты. Таланттарды тарих толғағы туғызды. Бұл қаламгерлер ұлт тарихының қойнау-қатпарларын батыл ақтарып, ұлттық мүдде тұрғысынан жырлай бастады. Айтылмай келген, тиым салынған ақиқаттардың ақтаңдақ беттерін ақтарды. Поэзияға нәзіктік пен сыршылдық сипат дарытты. Бұрыннан бар тақырыптардың көкжиегін кеңейтті. Қазақ поэзиясының терең тамырлы дәстүрін жалғастыра отырып, поэзиядағы өз стильдерін қалыптастырды.

80-жылдардағы поэзияны сөз еткенде Нұрлан Мәукенұлының есімін ауызға алмау мүмкін емес. Ол отты да ойлы жырларымен, нәзік сыршылдығы, қоңыр мұңымен оқырмандарын бірден баурап әкетті. Өлеңдері ешкімге ұқсамайтын көркемдік бітімімен дараланып көрінді. Заман мен қоғам, халық тағдыры ақынның жеке тағдыры мен жүрек жарды сезімімен ұласып жатты. Ақын халықтық сарын, жыраулық үрдіс үлгісінде жазған жырлары арқылы дәстүрлі сүрлеуге тың соқпақтар қосты. Бабаларымыздың елдік, ерлік рухын тірілтті. Бүгінгі қоғам қайшылықтарының сырына үңіліп, отарлау мен кеңестік тоталитарлық жүйенің ұлттық сана мен болмыс-бітімге тигізген зардаптарын шынайы ашып көрсетті.

Ақын жайлы филология ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Кәрібаева: «Мені таңғалдырғаны жас ақын бойындағы мөлшерден тыс талант, оны шашпай-төкпей, адаспай қазақтық алдаспан жырымен қатар қалап, қалау мәнерін мінсіз меңгеруі» (1, 9б.), - десе, белгілі сыншы, әдебиет қайраткері Темірхан Медетбеков: «Нұрлан Мәукенұлы әдебиетке үзеңгі қағыстырып қатар келген өз тұстастарының ішінде ерте көзге түсіп, ерте танылған ақындардың бірі болатын. Келгенде де еліктеу-солықтаудан мүлде ада, өз бедері, өз ою-өрнегімен, образдар жүйесімен, ешкімге ұқсамайтын ырғақ-мәнерімен, әр-бояуымен келген еді», - деп жазады (2, 472б.). Ал қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Тұманбай Молдағалиев: «Нұрлан Мәукенұлы менің ұғымымда үлкен ұлттық ақын. Терең ой, тегеурінді сезім Нұрланның өлеңдерін ерекшелендіретін еді», - деп түйеді (3, 3б.).

Расында да, Нұрлан Мәукенұлы таңғы шықтай мөлдір поэзиясы арқылы оқырман жүрегінің ең нәзік түкпірлеріне жол тауып, сөз түсінер қауымды тәнті етті. Қазақ жырының көркемдік деңгейі мен мәдениетінің өсуіне үлес қосты.

Жанат Әскербекқызы оныңқаламына тән стилдік даралық жайлы: «Нұрлан поэзиясының басты ерекшелігі – оның ұлттық бояуының анықтығында. Ақын халқының өткеніне құрметпен, сағынышпен қарай отырып, тағдыр-талайын тебірене жырлайды. Халқының тағдырын өз тағдыры деп пайымдайтын ақын өзін онымен ажырағысыз бірлікте қарайды», - деп түйеді (4, 6б.). Шындығында да, ақынның кәусар жырларын оқи отырып халық тағдыры кең тыныспен, бейнелі тілмен шебер жырланғанына көз жеткіземіз.

Ақын «Қайран, ата-бабам-ай...», «Зайсан», «Зайсан деген жерден кеткен ем...», «Беғазы», «Қиқулап ұшқан қызғышым», «Күміс зерлі қазыналы жағданды», «Қытай ауған», «Бостандықта сүрдік пе біз көп ғұмыр?», «Қылқұйрықты мінбедім», «Бізден кейінгі ұрпақ», «Ертіс бол да, Есіл бол», «Туған ауыл» т.б.өлеңдерінде туған елдің тыныс-тіршілігі мен тарихы, туған жердің табиғаты, экологиясы, адам өмірі мен заман келбеті төңірегінде келелі ой өрбітеді. Бұл өлеңдері Нұрланды жаны нәзік лирик-ақыннан ұлт тағдырын зор үнмен, шынайы сезіммен жырлайтын нағыз азамат ақын тұғырына шығарды.

Нұрлан Мәукенұлының азаматтық лирикасына көне жыраулардан, дана Абайдан, қаһарман ақын Махамбеттен бастау алатын елшілдік сана тән. Ол бірде Асан қайғы сарынымен «Ертіс бол да, Есіл бол, Ел ұнатқан шешім бол» деп елін бірлікке үндесе, енді бір мезет Абайша «Қайран да менің қазағым!» деп күңіреніп, енді бірде дәл Махамбетше «Қайрауым жетпей кетілдім, Сайлауым жетпей атылдым» деп тепсіне тіл қатады.

Ақынның лирикалық-философиялық толғаныстарында өткен күндерге, бабаларға деген ерекше құрмет, кейінгі ұрпақтың рухани бастауларын іздеуі, соған тәу ету ниеті аңғарылады:

Қайран, ата-бабам-ай,

Ат жалында кеткен арманы,

От-жалында кеткен орманы.

Ішінде кеткен құсасы,

Құлаумен болған қорғаны...

Суреткер бабалар тағдырын, ұлттың тарихын бейнелі сөздермен өрнектей отырып, оларды пір тұтуының өзі ақынның болмысын даралай түседі.

Бір аяғы – сегіз,

Бір аяғы – тоғыз.

Бір атасы – сақ,

Бір атасы – оғыз.

Күмбірлесе – домбыра,

Күңіренсе – қобыз,

Созылғанда - сағыз,

Сазарғанда – нағыз,

Қызарғанда - қымыз,

Сызданғанда –нығыз,

Долданғанда – дойыр,

Сілтенгенде - сойыл.

Қобыз бен домбыраны жанына серік, дойыр мен сойылды қолына қару қылған қазақы болмысты дәл суреттеп береді. Ал формалық жағынан алғанда бұл өлеңнен ертеден құлағымызға жақын, санамызға сіңісті болған «бір дегенім – білеу, екі дегенім - егеу» деп басталатын кәдімгі санамақтың сарынын еске түсіреді.

Ақынның айтар ойы терең, көркемдік сапасы жоғары өлеңдерінің бірі - «Жер бетінен құрыды» деп басталатын өлеңі. Суреткер тағдыр үкіміне қарсы тұра алмай, тарих жүзінен жоғалған көшпенді мемлекет Жоңғар хандығы жайын жырлайды:

Жер бетінен құрыды,

Желкілдеген тұлымы.

Жау да болса, жоңғарым –

Қоңсы болып қонғаным,

Сығырайып жүргенім,

Сырмінез деп білгенім...

Ақын сайын даланың төсін қазақпен тел емген жоңғарлардың бар болмысын ашып береді. Егіздің сыңарындай жоңғарлар мінезінен қазақтың өз болмысы танылғандай. Суреткердің жоңғар халқын (менің) «жоңғарым», «қоңсы қонғаным», «сырмінез деп білгенім» деп меншіктей жырлауынан ақынның қимастық сезімін аңғарып қана қоймай, шындықтың кермек дәмін сеземіз. Ол ащы шындықтың мәнін:

Ханзу алды тамақтан,

Орыс басты қабақтан...

Қазақ кегін қайырды –

Жоңғар жүзін майырды...

Көшіп-қонған ырғалып,

Өшті солай бір халық.

Даналық пен далалық

Жасады үлкен шалалық.

Өзге келді өңірге –

Тізгін тиді жемірге...

Наразысың өмірге –

Нар мінезді кең ірге...

-деген жолдарда айтылған ой үзігінен аңдаймыз. Ақын жоңғар мен қазақ қатынасындағы алып мемлекеттердің ролін тарихи шындыққа сәйкес жырлайды. Көршілес екі ел арасына араздығын қоздырып, өшпенділік отын өршіткен жаһилдік пиғылдың дегеніне жеткенін ақын өзекжарды өкінішпен еске алады. Ақынның секемшіл көңілі «жоңғарлардың шерлі тағдыры қазақтарды да күтіп тұрған жоқ па?» - деген сауалға жауап іздейді. Нұрлан Мәукенұлының философиялық пайымында жер бетінен бір халықтың жойылуы адамзат баласы үшін зор трагедия саналуға тиіс. Аталмыш өлеңі ақынның ұлтын сүйген азамат ақын ғана емес, үлкен гуманист тұлға екенін танытады. Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген тұжырымымен үндестік сезіледі.

Заман мен қоғамның беталысы ақынды бірде ашындырса, бірде күйіндіреді. Міне, сондықтан да ол:

Қоғам кедей,

Қайда барам мен асып...

Шидем шекпен шилі ауылға жарасып,

Үлкендерім үйде отырып, бал ашып –

Қоғамымнан қайда барам мен асып, - дейді.

Қоғам мен заман өзгеріп, халық небір рухани дағдарыстарды басынан кешіріп, ескі мен жаңаның арпалысқа түсіп, адам санасында сілкіністер орын алған мезгілде ақын жүрегі үнсіз қала алмайды. Уақыттың емін іздейді. Жарланған жүректерге дауа табуға тырысады.

Нұрлан қай заман, қай қоғамда да оңалмай келе жатқан қара халықтың басындағы ауыр тұрмыс, рухани қысым жөнінен көп уайым шегеді:

Қоғам қотыр,

Сен де қотыр,

Мен қотыр,

Қотыр күйден айықпаспыз көр де тұр...

Алтын үйін салып алған өрде отыр,

Қараша үйді қалқайтқандар төрде отыр.

Дәл осы тұста Нұрлан Мәукенұлының замандасы ақын Темірхан Медетбеков заман шындығын:

Сөз жалаңаш, дәл қазір жыр жалаңаш.

Құм жалаңаш. Сайың мен қыр жалаңаш.

Ұятынан безінген бұл дүние

Тыр жалаңаш, құдай-ай, тыр жалаңаш!

-деп жырлайды.

Екі ақынның көңіл ауанында торығу, ашыну, сананың сарсаңға түсуі сияқты сезімдер басым түсіп жатыр. Екі ақын да аласапыран мезгіл, аумалы-төкпелі заманға тұс келген ұрпақтың ой-санасындағы, көңіл-күйіндегі қайшылықтарды дөп тигізіп айта алған. Ғасыр басында Мағжан ақын ұлттық рухтың өшуін «Бір кезде жел өтпейтін қалың ағаш, Уа, дариға, бүгінде жап-жалаңаш» деп бейнелеп берсе, ғасыр соңында дәл осы ойды Темірхан ақын үстемелей түсіп, «сайды да, қырды да, құмды да жалаңаш» етіп бейнелеп береді.

Алмағайып заман суретін өлеңіне өзек ете отырып, адам тағдырына, оның жан-дүниесіндегі қасіретке үңілу – ақынның басты ұстанымы. Мысал келтірер болсақ, «Зайсан» атты өлеңінде 1990 жылғы зілзалаға душар болған аймақтың мұңы мен наласын жырға қосады:

Құдай қырын қарады,

Қараша ауыл қирады.

Жырымдалды балағы,

Отқа түсті сирағы.

Туып-өскен жерін жәннат дейтін қазақы мінез Нұрланға да жат емес. Сондықтан ол сүйікті Зайсанын, ауылдастарының басына түскен табиғат апаты мен заман қыспағын кеуде тола күрсініспен жырлайды:

Ісірібі - қара тас,

Ісмер салған үй еді,

Сілкініске жарамас,

Сынып түсті сүйегі.

Қабырғасы – саманнан,

Қазандығы меш қалып.

Суық өтті табаннан,

Қара күзге кеш қалып.

Ауыл тынысын қарапайым суретпен таныта отырып, ақын ойы төл халқының саяси-әлеуметтік ахуалына қарай ойысады. Кеңес заманында орталықтың қазақтарға астамшылық көзқарасының сырын мына жолдар арқылы танытып өтеді:

Қара Ертістің жағасы –

Қаптай қонған қазақтар.

Мәскеу жақтың баласы:

«Мозамбик», - деп мазақтар.

Дана жатыр далада,

Үйелмені үйсіз қап.

Бала қашты қалаға,

Кеудесінде мұң сыздап.

Ел аман, жұрт тынышта, адамзат баласы өркениет өріне шыққанда қазақтың басына түскен мұндай зобалаңды бұдан артық қалай жеткізуге болады?! Ақын жастары жұмыс іздеп қалаға шұбырып, қаңырап қалған ауылдың сұрқай тіршілігін шынай суреттеп берді. Сол арқылы билік басындағыларға ауырлығы батпандай сауалдар қоя білді.

Поэзия баяндаудан, әңгімелеуден бой тартып, көрікті де астарлы сөзбен зерленгенде ғана түйсікке әсер етіп, жүректі қозғайтыны хақ. Нұрлан Мәукенұлы жырларына хас шебердің қаламына тән астарлы мағына, ажар-көрік тән. Бұған ақынның әрбір жыры, өлең жолы дәлел бола алады.

Жылау да жылау,

Зар жылау...

Қотандай болып қалдым-ау -

Жылаудан басым қаңғырды,

Зарлаудан шашым ағарды,

Көре де көзім ағарды,

Сөйлей де сөзім жоғалды.

Таба алмай қалдым қоғамды.

Ежелгі түркілердің поэзиясына тән «Көрер көзім көр болды...», - деп келетін даналық ойлар Нұрлан жырына да тән. Ақын ойының тереңінде қоғамдағы рухани күйзеліс, қатаң моральдық қағидалардың іргесінің сөгілуі жайлы түйін жатыр. Абай дананың «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым, онан да шықты жаңғырық» деп өрілетін жалғыздықтың жан азабын Нұрланның жырларынан да сеземіз.

Жанымды қояр жер таппай

Жеті түнде желдеп кетіп барамын.

Жасымды құяр көл таппай

Жеті белден селдеп кетіп барамын.

Будақ-будақ бұлттай

Боз аспанда боздап кетіп барамын.

Боздағымды ұмытпай

Баста мұңын қозғап кетіп барамын

Ақын үшін төл халқы – оның боздағы, ал ақындық мұраты - боздағының мұңын қозғау. Яғни, ақынның жаны жыласа, өзгелердің «мұңын қозғап» жылайды. Нағыз ақынның миссиясы да осы болмақ!

Нұрлан «Бақалы көлге түскенмін» деп басталатын өлеңінде кешегі күннің келбетін көңіліне тоқи отырып, бүгіннің де бейнесін жасайды. Ақынның уайымсыз балалық шағы мен берекесі шайқалып, байлығы ортаймаған туған жер сипаты бірге өріледі:

Бақалы көлге түскенмін,

Балдырлы суын ішкенмін.

Бойлаулығын жуғанмын,

Балығына ау құрғанымн...

Бұл - Нұрланның балалық шағы өткен өлкенің кешегі көрінісі. Лирикалық қаһарманның «бақалы көлге түсу, балдырлы суын ішу, бойлауығын жұлу, балығына ау құру» сияқты іс-әрекеттері түйдектеліп келіп, алаңсыз балалықтың шынайы суретін береді. Көркі келіскен туған жердің ендігі келбеті қандай?

Бағыма көлім бар-тұғын,

Балдырлы суы бал-тұғын,

Көлім де бүгін таусылды.

Жасынның алған жарқылын,

Тарғыл да тасым бар-тұғын,

Тасым да бүгін таусылды.

Алмайтын бейне нар тыным,

Сайын бір далам бар-тұғын

Далам да бүгін таусылды.

Құлағың шалсын даусымды!

Ақынның жырында поэтикадағы әсірелеу мен құлдырату тәсілдері қатар қолданылған. Суреткер қиялындағы бір тосын оқиғадан тағы бір тосын оқиғаның асып түсіп жатуы, «көлдің таусылуы» «тарғыл тастың таусылуына» ұласып, ауырпалықтың одан да ұлғаюы, тіпті «даланың таусылуы» белгілі бір ойды тұспалдап беруге қызмет етіп тұр. Туған жерінің кешегі келбетіне бүгінгі жұтаң де жүдеу жүзін шендестіре суреттеу, бір-біріне кереғар бейнелеу амалдарын қолданудағы ақын мұраты – қазақ жерінің көз тартар көркі мен шұрайынан айырылуы, қазақ ауылының құты қашқанын бейнелеп беру. Сол арқылы сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті, тереңнен тамыр тартқан дәстүрі мен салты бар қазақ ұлтының рухы жоғалуын астарлап жеткізу. Ел мен жер тағдырының қашан да бір   екенін аңғарту.

Ақын ұлттың ақыны деңгейіне көтерілу үшін, ол сол ұлттың бүкіл азабын жан-жүрегінен өткізіп, жырлары арқылы көтере білуі керек. Ақын өлеңдерінің өзегінде ұлттық рух пен ұлттық мүдде жатпаса, онда ол ұлы ақын бола алмайды.

Ақын жырларында қоғамның күнгейінен гөрі көлеңкелі тұстарының, қайшылықтардың басым түсіп жатқанымен оның бойында күйректік пен боркеміктіктің ізі де жоқ. Керісінше, ол ұлтының болашағына риясыз сенетін оптимист-ақын екенін танытты.

Келгембаева Б.Б.

Қосымша кәсіптік білім беру институты

біліктілікті бекіту орталығының директоры ф.ғ.к., доцент 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений