kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер

linka

Baieluly GazizБайелұлы Ғазиз 1903 жылы Күршім ауданы, Ақмола аулында туып, 1942 жылы Ұлы Отан соғысында Москва түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Жасында діни мектептен сауатын ашып, кейіннен төрт класстық орыс- қазақ мектебінен білім алған. 1933 жылы Зайсан қаласындағы мұғалімдер даярлайтын курсты тәмамдап, 1934-1941 жылдары ауыл мұғалімі болып қызмет атқарған.

         Ғазиз алдыңғы ағалары мен апаларынан тәлім алып, бала шағынан өлеңге әуестенген. Ағалары Хасен, Рахметқали, апайлары Зәләрия, Мәпила туралы осы күнге дейін қариялар «ойын-тойдың гүлі еді ғой» деп еске алып отырады.

         Он жасынан бастап айтысып, өлең шығарып, көзге түсіп жүрген Ғазиз 18-19 жасында өтей еліне, қайын жұртына барып, қонақ болып жатады. Сол кезде көрші ауылда үлкен айтыс болып, бір ақын қыз еш адамды беттетпей жеңіп жатыр екен дегенді естіп барғысы келеді. Бірақ қайын атасы мен енесінен ұялып, кете алмай отырғанда ақын қыздан жеңіліс тапқан бір топ жігіт келіп, Ғазизға қолқа салады.

         Өтей ішінде Тайлақұлы Тәтеке бай Кәкеш деген ұлына Қаратай елінің бір байының Нұрғайша атты ақын қызын айттырады. Нұрғайшаның ақындығы мен әншілігіне сүйсінген, екіншіден оның өнерін әйгілегісі келген Тәтеке құдаларына келінімді өз тойында өзін айтыстырамын уәде еткен көрінеді. Жоғарыда айтып отырған ақын қызымыз сол, өзі келін болып түсіп отырған тойда айтысып жатқан Нұрғайша екен. Ақын қыздан жеңіліс тапқандар қайын атасынан рұқсат әперіп, Ғазизді Нұрғайшамен айтыстыруға ертіп келеді.

         Елдерінің жеке бастарының кемшіліктерін білмейтін қос ақын өлеңді амандықтан, танысудан бастап, елдерінің мадақтауға көшеді. Осындай мадақтау үстінде Ғазиз:

Ақылмен әділ шешкен даудың ісін,

Айбынмен тоқтатын жаудың күшін,

Ақыл, айбат, әділдік сай жарасқан

Елінде Тәтекедей бар ма кісің, - дегенде жас келін өзін құрметтеп, өз тойында айтыстырып отырған қайын атасына теңеу айта алмай бөгеліп қалады. Мұны көрген жұрт, жас келіннен жеңіліс тапқандар: «Жеңілді, жеңілді! Орамалын берсін» деп шулап қоя береді.

       Сол кезде Тәтеке: «Қаратайда бір елді қойып, үш жүзге аты шыққан саңлақтар аз емес қой, жасқанбай айта бер қарағым» деген екен.

         Жас келін өлеңін жалғастырғанмен жақсыларды мадақтаудан тайқып, әріптесін сынауға, сөзбен түйреуге көшеді. Екі кешке созылған айтыстың бір кезегінде Нұрғайша:

Келемін Қаратайдан тайлақ мініп,

Ерттемей тайлағымды жайдақ мініп.

Ауылға Ғазиз келді дегенді естіп,

Әдейі тайлағымды сайлап мініп, - дегенде Ғазиз жұлып алғандай:

Күйеуі Нұрғайшаның Кәкеш еді,

Ол тайлақ Тәтекенің әкесі еді

Бабасын мініп алып желпілдетпей,

Мұрындықтап, жетелеп әкелсе еді, - деп салады. Нұрғайша бетін басып отырып қалады. Сонда айтысты естіп тұрған Кәкеш қамшы үйіріп, Нұрғайшаға ұмтылады.

         Сонда Тәтеке: «Тоқтатыңдар ана ақымақты, ата-бабасының жөнін айтып үйретіп қойғандай әкіреңдеген жаман неме. Жүйрікке де бір томар деген. Келінімнің орамалы бір түйе мен бір бие, мен бердім» деген екен.

         Ғазиз аңшы ретінде де танымал болған. Тазы ит ұстап ермек қылады екен. Сондай иттің бірі, тоғайда қоян қуып, жүріп қақпанға түсіп, маймақ болып қалады. Кейіннен «ұшар» деген атынан айрылып, Маймақ аталады. Сол ит кейін келе, көршілерінің сүттерін ұрлап, ішетін әдет шығарыпты. Бір күні таңертең шай ішіп, дастархан басында отырған Ғазиздің үйіне Шәкентай атты бір күн біреумен ұрсыспаса басы ауыратын көрші әйел «Бұл қай басынғандарың, бір қазан сүтті тамшы қалдырмай ішіп, түбін жалап кетіпті, басқадан көрмеймін, дәл осы сендердің Маймақ иттерің» деп айғайлап кіреді. Сонда қолындағы кесесін қоя салған Ғазиз

Не істесем бұл Маймақты,

Араз ғып бітті-ау аймақты.

Жеп қана тыңбай қаймақты,

Бір қазан сүтті жайлапты.

Неге өзін сонша күштеген,

Жартылап неге ішпеген.

Қазанды несін жалаған,

Нағыз иттік істеген.

Араны сонша ашылып,

Жүрген де жоқ-ты ашығын.

Бір қазан сүтті дес қойған,

Шәкертайды басынып.

Ертемен кепсің құрыштап,

Ниетің бар-ау ұрыспақ.

Жазасын Маймақ береміз,

Шәй ішіп ал дұрыстап, - деген екен. Сонда Шәкертай «Мына мұғалім балаға дауа болмас, енді келмеймін. Келін қарағым, шәйіңді құйып жіберші», деп сылқ етіп отыра кетіпті.

         Ғазиз Байелұлы аузы дуалы шешен, арқалы суырып салма ақын ретінде Зайсан көлінің жағалауы мен Алтай тауын жайлаған жұртқа аты кең тараған. Көнекөз шалдар ақын өлеңдерін әлі де ұмытпаған. «Қайран, Ғазиз-ай!» деп тамсана айтып отырады.

Г.Абылгазинова

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений