kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Katipa sholakanovaШолақанқызы Қатипа 1925 жылы, Зайсан ауданы, Рожков селосында дуниеге келген. Бастауыш кластан білім алып, орта шаруа отбасында өсіп жетілді.

Сол заманның талабы бойынша жасөспірім қыз 16 жасынан бастап енбекке ерте араласты. 1942 жылы еңбек армиясына алынып, Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданы, Тесік ұя кенішіне жұмысқа жіберілді. Тесік ұя кеніші қазіргі Еңбек ауылынан Ақбұлаққа қарай Қалғұты өзенінің жоғарғы ағысында, сай ішінде орналасқан. Жұмысшылар тастан салынған үйлерде тұрып мыс өндірген. «Соғыс жылдарында еңбек армиясы қатарында еңбек еттім. Мыс өндіру – бейнеті көп, өнімсіз жұмыс. Жердің бетінен бір қабат топырағын күрекпен аршып, кен өзегін іздейсің. Оның жөнін білетін үлкендердің көрсетуімен кеннің құнарлы бөлігін топырақ-құмымен қоса қопарып қоларбамен жағаға шығарамыз. Таулы-тасты жерде салынған жалғыз аяқ сүрлеумен топырақты қоларбамен тасу әйел адамға оңай емес. Талайлар бүктетіліп жүре алмай қалды. Өңшең қыз–келіншек бір–бір қоларбамен тасты топырақты тасып, кешке мұрттай ұшатынбыз. Техника жоқ, барлық жұмыс қолмен-күрек, қайламен атқарылады. Қыстыгүні алдымен қар күреп, алаңқайды тазартатынбыз. Тесік ұяның бораны ерекше соғатын. Шаң-тозаңның арасында қажымай талмай «бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деген ұранмен еңбек еттік. Бар арман-ойымыз сұм фашисті жеңу ғана болатын. Шаршадық, ауырдық деп айтып көргеміз жоқ. Жеңіске деген сенім күш-қайрат беріп. Жігерімізді жанитын... Жастықтың жалыны болар, тіпті ән салып көңіл көтеруші едік. Тұрмыс жағдайымыз да жетісіп тұрған жоқ, тастан қаланған, едені жоқ жертөле тәріздес үйлерде тұрдық, ашқұрсақ жүрдік... Сол жоқшылық пен ауыр тұрмыс бізбен –ақ кетсін. Ендігі заман сендердікі, – деп Қатипа анамыз тәубесіне келіп отыратын. Анамыз Қатипа Шолақанқызы Тесік ұя кенішінде 1946 жылға дейін еңбек етті.

Sholakanova K

1946 жылы 2 дүниежузілік соғыстан, жеңіспен оралған, Қызыл ту орденді Маштин Қабдрашқа тұрмыска шығады. 1948 жылдан бастап колхозда енбек етті. Кой, ешкі сүтін сауып, май жасап, өкіметке өткізіп отырған. Ел ішінде аса қадірлі, сыйлы адамдардың бірі болып, ауылдастар ықыласына бөленген. Қолынан да тілінен де келетін өнерлі адам еді. Қолынан шыққан небір тамаша алаша, сырмақтар ауылдастар есінде. Тандайында қара өлеңнің ұясы бар, той-томалақтарда қара өлеңмен айтысып, талайды таңдай қақтыратын.

Өмірге әкелген төрт қыз, бір ұлын жеткізіп, немере –шөберелер сүйді. Осы жылдар ішінде «Сен еңбек армиясында болыпсың -ау» деп ескерген адам болған жоқ. Тәуелсіздік орнағаннан кейін тыл ардагері ретінде Ұлы Отан соғысының 60, 65 жыл мерекелік медальдарымаен марапатталды.

2012 жылы, 31 наурызда, 87 жасында Қаратоғай ауылында өмірден өтті.

udost sholakanova

       Мәрия Қабдрашқызы Маштина

.

.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений