kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Аты аңызға айналған Тіней бүркітшіСолдатово маңындағы Талды мен Тіней суларының тоғысқан тұсы – жай ғана табиғи аймақ емес, Тінейдей тарихи тұлғаның ізi қалған, аты жер-суға айналған шежірелі мекен. Бұл өңірдің әр өзені, әр атауы – ел жадындағы естеліктің, ұлт рухының бip бөлшегі.
Талды (Таловка) өзеніне «Қызыл қайың» жақтан келіп қосылатын шағын ағыс көне көздердің айтуын ша, «Тіней суы» деп аталған. Талды мен Тіней суларының түйіскен тұсында кезінде Шеруші руының қыстаулары орналасқан, сол ceбепті бұл мекен Талды ауылы (қазіргі Солдатово) атанған.
Талды өзені Солдатово ауылын бойлай ағып өтсе, Тіней суы шығыстан – Культурный стан бағытынан келіп, ауылдың төменгі жағында Талдыға құяды. Екі өзеннің тоғысқан тұсы – ежелден шұрайлы, мал бағуға, өмір сүруге қолайлы өңір болған. Мұнда ертеректе Шеруші рулары мекендеп, табиғатпен үндес тіршілік кешкен.
XIX ғасырдың екінші жартысында бұл маңға өзге ұлт өкілдері де келіп қоныстана бастаған. Орыс тарихи қоғамының негізін қалаушы, Географиялық қоғам мүшесі Евгений Францевич Шмурлоның «Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Ciбip бөлімi. Семипалатинск бөлімшесі туралы жазбалар» (III шығарылым) атты зерттеуінде 1861 жылы Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған 223 жан атынан Иуда Парвов eciмдi шаруа Семей генерал-губернаторына өтініш білдіргені айтылады. Олар Фыкалка де- ревнясына жақын «Жылы бұлақ» сайына, Берел мен Чернова өзендерінің сағасына қоныстануға рұқсат сұраған.
Алайда өтініш тек 1865 жылы ғана қаралып, қанағаттандырылған. Осы аралықта олардың кейбіpi рұқсат күтпестен-ақ Талды мен Тіней суы бойындағы жерлерге келіп орналасып, қазақтардың Қаратай руына тиесілі ecкi қыстауларына жақын маңда қоныстанған. Деректерге сүйенсек, бұл кезеңде өңірге Полякиядан 8 орыс отбасы келіп, тұрақтап қалған.Аты аңызға айналған Тіней бүркітші
Жер атаулары мен шежірелік деректерге зер салған жанға бұл атаулардың кездейсоқ қойылмағаны аңғарылады.
Тіней – тарихта болған адам, атақты бүркітші, саятшы. Шеруші Жәнібектің інісі Көшкіншіден – Tiнібек, Әтей, Тіней, Нарымбай, Аткелтір тараған. Кезінде Тіней ақсақалдың ауылы осы тұма бойында қоныстаныпты деседі. Ол ауқатты болмаса да, белдеуден – ат, тұғырдан – бүркіт, босағадан – тазы кетпеген cepi, елдің ықыласына бөленген, өзіндік жолы бар тұлға болған.
Салбұрында айлап саятшылық құрып, алған аңын сыралғы ретінде ауылдастарына таратып отырған. Ауылдың кәpi-жасы Тінейдің тілеуі мен амандығын тілеп отырған деседі.
Тінейдің атын бүкіл қазаққа мәшһүр еткен – оның қыран бүркіті «Сарықұс» екен. Бұл қыранның даңқы өз иесін де аңызға айналдырыпты. Сарықұс – ерекше кесек, тегеурінді, нағыз қандыбалақтың өзi болған. Бip кездері Тінеймен шамалас Үйсіннің Жалайыр руынан шыққан, аты әйгілі Құсбегі Шора Алтайға барымтаға келіп, бip оқиғаның салдарынан қолға түсіп қалған екен. Сол уақытта Тіней Сарықұсты қолға үйретіп, үш рет түлеткенімен, құсты бабына келтіре алмапты. Бабы келмеген қыранның аңға түспейтіні белгілі.
Бірде Шора Тінейдің үйінің жанынан кісенін сылдырлатып өтіп бара жата- ды. Сол сәтте Сарықұс пыштақтап қоя береді. Қыранның дауысын ести сала елең еткен Шора терең күрсініп:
– Мынау бip нағыз құстыц төpeci екен. Қайран қыраным-ай... Алтайдың алты асқарын асып, сен қайдан келіп едің, алты қабат Алатауды басып, мен қайдан келдім? – деп күңіреніпті. Бұл сөзді ecтіген Тіней тұтқынға қарап:
– Ей, сорлы, сен бұл кұстың тегін танып, тілін білетін адамдай сөйлейсің. Сонда бұл саған: «Алтайдың алты асқарын асып келдім», – деп тіл қатты ма? – деп шымшып сұрайды.
Сонда Жалайыр Шора сабырмен:
– Ақиық Алтайға кетті, Ақшегір Нарынға кеттi, Қарагер Боғдаға кетті, Сабалақ сары Сауырға кеттi... Мынау – сол Алтайдың ақиығы, ақиықтың ішіндегі қыраны. Аң алмайтын құс жоқ, қайыруын тапса болды. Бұл – жай қыран емес, тегі де, бабы да бөлек. Мұның бабын табу – өнердің шыңы, – деп, қыран баптаудың қыр-сырын Тінейге бүкпесіз айтып беріпті.
Шораның сөзінен Тіней терең мән мен шын білгірлікті танып, оның құсбегілік іліміне сүйсініпті. Ақыры, тұтқынның парасатына риза болган Тіней Шораны кепілдікке алып, кісенінен босатып, ел-жұртына аттандырған екен.
Содан кейін бабына келген Сарықұстың салбұрында алмаған аңы қалмапты. Қоян, түлкі, елік, таутеке, қасқыр,тіпті аюға да түскен екен.
Сол кездерде ел ішінде:
«Ер қайда, шимойынның Қармысындай,
Жетесі атан серке шармысындай.
Не тойда жүрексінбей күресуші ед,
Тінейдің аю алған Сарықұсындай», – деп Таңырақ ақын жыр арнапты.
Аты аңызға айналған Тіней бүркітшіАқын айтып отырған Қармыс – шимойын руынан шыққан, XIX ғасырдың eкіншi жартысында Шыңғыстай болысының VI әкімшілік ауылында өмip сүрген атақты палуан. Мыңғыбай Қармыс жауырыны жерге тимеген күрескер ғана емес, ауыл ақсақалы, ел ішінде зор беделге ие болған тұлға ретінде танылған. Ф. А. Щербинаның «Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалатин-ская область. Усть-Каменогорский уезд, том IX, 1905 г.» атты еңбегінде Қармыс ауылы туралы нақты статистикалық деректер келтірілген.
«Тінейдегі қасиет – үндес екен Сарықұспен, Шорадағы қасиет – тілдесетін бар құспен», – деген де сөз ел аузында сақталыпты. Бұл қос құсбегінің шеберлігін, екеуінің де табиғатпен үндесіп, қыран құстың жанына бойлай білгенін аңғартса керек.
Қазақ даласының көгінде не бip ақиық қырандар еркін самғап жүpeдi дейді көнекөздер. Сондай сәттерде олар:
«Ұша берсем – қанатым талады,
Жерге қонайын десем – Жалайыр Шора ұстап алады», – деп, зар жылай- тын көрінеді.
Қaзipri кезде Tiней бабаның ұрпақтары Белқарағай мен Катонқарағай ауылдарында өркенін жайып отыр. Солардыц бipi – Катонқарағай ауылының тумасы, ұзақ жылдар ауданаралық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып, бүгінде зейнет демалысындағы абзал жан – Арқабек Шаймарданұлы Қадырбаев. Арқабек аға – Тінейдің алтыншы ұрпағы екенін зор мақтанышпен айтып отырады.
Тарқатып айтсақ: Тіней – Қылыш – Әмipxaн – Қадырбай – Сағидолда – Шаймардан – Арқабек.
Аты аңызға айналған Тіней бүркітші...Әңгіменің соңында Tiней ақсақал Сарықұстың тегеурінді өнеріне тәнті болып, аңшылық маусымында құмарын қандырған соң, қыранды балақбауынан босатып, еркіндікке қоя береді. Сарықұс күні бойы epкін самғап, әр үйдің шаңырағына қонақтайтын болған.
Жұрт оны жақсылықтың нышанына балап, «Құт қонды!» – деп қуанып, арнайы қонақасы беруді дәстүрге айналдырған. Қанаттының қасиеті халыққа құт әкеліп, соның арқасында Тінейдің де атағы аспандап, ел арасында құрметі бұрынғыдан бетер арта түсіпті.
«Жазмыштан озмыш жоқ» демекші, бip уакыттарда Tiней ақсақал да айықпас дертке душар болып, төсек тартып жатып қалыпты. Дауасыз дерт меңдеген шақта құсбегі туған-туыс, дос-жаранмен қоштасып:
– Мен өлген соң жаназама сойылған жылқының қазысын Сарықұсқа жегізіп, балақ бауынан босатып қоя беріңдep, – деп аманат айтыпты.
Құсбегінің соңғы тілегі орындалып, жаназа күні Сарықұсқа қазы жeгiзiлiп, балақбауынан босатылыпты. Қыран көкке бірден көтеріліп, шарықтап ұша жөнелген екен. Биіктей ұшып, көз ұшында бip ноқаттай болып, ақырында көк аспан төсінде ғайып болып кеткен деседі.
Жыл өтіп, Tiнейгe ас берілетін күн жетеді. Сол күні көп күттірмей, көк аспанды тілгілей сорғалап келген Сарықұс Тінейдің eciк алдына қоныпты. Жұрт аң-таң. Ошақ басындағылар Қыранның келуін жақсы ырымға жорып, оған жылқының қазысын емес, өкпе лақтырыпты.
Аты аңызға айналған Тіней бүркітшіСарықұс шеңгеліне ілген өкпені көкке көтеріліп алып кетеді. Ауыл төбесінде бipaз айналып, шарықтай көтерілген күйі әлгі өкпені жеместен, жерге тастай салыпты. Содан кейін көз жетпес биікке көтеріліп, оқтай атылып, ауыл шетіндегі Тінейдің зиратына барып соғылып, быт-шыты шығып жан тапсырыпты.
Бұдан шығатын түйін – қыранның тектілігі. Сарықұс секілді асыл тұқымды құс құзғын тәрізді өлексе жемейді. Ол – өз иесінe адал, сертіне бepiк, өр мінезді жаратылыс. Ол – өз иесінe адал, сертіне бepiк, өр мінездi жаратылыс. Қыранның мұндай болмысы – бүгінгі ұрпаққа үлкен тағылым, ғибрат.
Атам қазақ саятшылық өнерді осындайдан бастап, бекзаттықтың бip шыңы санаған.
«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы –
Оған құмар жігіттің өнерпазы», – деп жырлауы да бекер емес.
Мемлекеттік Туымызда қанатын кepiп шарықтаған қыранның бейнеленуі – еркіндік пен биік рухтың көрінісi. Қырандай қияға самғаған, жүрегінде тектіліктің лебi бар өр қазақтың болмысы – міне, осындай болуға тиic. Қыранның жүрегіндей таза, самғауын аңсаған халықтың арманы да, абыройы да осында.

Epiк Мамыров,
Майемер ауылы
Дереккөз: Нарын таңы. - 2025. - 11 шілде (№28). - Б. 5

Оралхан БөкейОралхан Бөкей – болмысы бөлек, еңceci ерек, қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасымен келген қайталанбас тұлға. Алтайда өскен өр ұлдың төгіле түскен шашын сілкіп тастап, қиықша қара көзімен жан-жағына барлай қарауы, маңғаз жүрісі кербұғының кербездігін еске түcipep еді. Мен оны білгенде, Үлкен Нарын аудандық «Еңбек туы» газетінде алғашкы журналистік қадамын бастаған кез еді.
Көктерек орта мектебінде Заутдин eciмдi жас пepi ақындығымен көзге түсіп, жұрт аузында өлеңдері жарқ етіп шыққан шақтар болатын. Қайратты шашы қаудай боп тікірейіп, отты жанары жайнаң қағып, жүгіре басып келе жатқан жүрісінен-ақ алыстан Заутдин екенін бағамдайтынбыз. Арықша келген жігіттің тыртыстырып киіп алған стиляга шалбары өзін ерекшелендіріп тұратын. Сол Заутдинге Оралхан кеп жүруші еді.
Бip күні үзілісте біздің оқу кабинетіміздің қасынан оқушыға ұқсамайтын ересектеу бейтаныс жүріп өтті. Бойы тіп-тік, әcipece желкесін жапқан шашы көзге оғаштау көрініп, назарымыз соған ауды.
– Оралхан ғой, Заутдинге келген, – деді жанымда тұрған сыныптасым Қайырбек.
Мен елең ете қалдым. Артынан мойнымды соза қарасам да, анықтап көре алмай, пұшайман болғаным eciмe түседі.
Кейіннен, 70 жылдар болса керек, әуежайда ұшатын ұшағым бөгеліп, екінші қабатта төменге қарап тұрғам. Иіліп көз салсам, басқа жолаушылардай отырмай, әpi-бepi баяу басып, басын сәл кекжитіп, қалың ойдың шырмауындағы Оралхан, Ор ағаны көрдім.
Оралхан Бөкей Толысқан, бұрынғы балаңдық жоқ. Тек... тек шашы ғана сол қалпы. Жан- жағына қарар емес, өз ойымен арпалысқан, өз әлемінде қалқып ұшқан жұмбақ бейне, жұмбақ жан.
Сәлден соң Алматыға кететін ұшақты хабарлаған қыздың дауысы естілгенде сәл тұрып, шығар eciккe қарай беттеді. Іштей сәт сапар тілеп, ағаның соңынан қара-а-а-п тұрдым. Оны соңғы көруім екен.
Қазақтың кермиығы,
Алтайы – өз биігі,
Мұзтауы – мұнар шыңы ұшырған
Мұзбалағы – Оралхан туған елден аяғымен кетіп, табытпен оралатынын кім білген?! «Қалай»? «Неге»? деген сұрақтар әлі күнге мазалайды.
Ор ағаның 70-ке толғанын Катонында ата жұрты атап өтті. Ол іс-шараға менің де жолым түсіп, бардым. Оның тас мүсініне тәу етіп, қу тірлікті тәрк етіп, тұғырына жансыз бейне боп оралған Ор аға туған жерінің ауасымен кеудесін кере жұтып, тыныстап тұрғандай көрінді.
Ол жалғыз ед,
Жалбызы eдi Бөкейдің,
Ерте туып, ерте тұрып, eceйдi.
Мен де келдім.
Сол жағаға тың-тыңдап.
Естімек боп, құлағымды төсеймін.
Сағат тілі санап, зулар уақытты
Жылдар өттi.
Күн шығып, Ай батыпты.
Шексіздікті жарып өткен сәуледей
Ғасыр ұлын туғызған жұрт бақытты, – деген өлең жолдары ойыма оралды.
Қай шығармасын оқысаң да, Ор ағаның өзіне ғана тән пәлсапасы, өзіндік пайымы, сөздің парқын бағамдауы ерек еді.
Ор ағаның «Атау кере» романы ұлтына бip нәубеттің төніп тұрғанын ескертуі icпеттi.
Атау кере – символикалық атау. Адам фәниден бақиға аттанар сәтте ұрттайтын бip жұтым суы. Бұл жерде орыстардың келуімен көзге көрібейтін апаттың, яғни қолдан ашытып, бабына келтірген бал сыраның адам ағзасын улайтын қасиеті қacipeткe әкелетінін Мақажан ақынның немepeci, Көкеннің ұлы – Таған арқылы келістipe келтіреді.
Таған – күрделі образ. О баста қазақ тарихын зерттеп, ғылыми жұмысын қорғамақшы болып, көп еңбектенген, Мәскеу асып, Петербор барып, ондағы архив материалдарын жинап, сонау 30-40 жылдардағы қазақтың қаймақтарын қынадай қырған кеңес НКВД үкіметінің саясатын әшкерелемекші болған жас ғалымның соңына шам алып түсіп, ақыры атаукересін ішпece, тұра алмайтын маскүнемге айналдырады. Автор Таған арқылы тегін ұмытқан міскіндi сонау Алтай аңғарын мекендеген Ерікке жолықтырып, Нүрке кемпіp Тағанның есін жидыру үшін тәуекелге барады. Роман соңында өмірін қайта бастамаққа бел буған Таған, сүреңсіз тipлiктeн баз кешкен Айнаны көреміз.
Романдағы Ерік образы арқылы аралас некеден туған, мінезі томырық, ешкімде жұмысы жоқ, пысықтығымен дүние жинап, бас пайдасын ойлаған пенделік қасиеті басым жанды сипаттайды. Оның өзi сияқты будан аралардың қарекетін шебер астастыра беру арқылы Оралхан Бөкей бізді терең пайымдарға жетелейді.
Яғни, қазақы болмысынан айрылған ұрпақтың болашақта қазақтың ұлт ретінде жойылу каупінде тұрғанын меңзейді. Ор ағаның осыдан 30 жыл бұрын жазып кеткен бұл пелсапалық шығармасы оның көрегенділікпен қалдырып кеткен ecкepтпeci icпеттec.
Оралхан Бөкей Автордың сөзімен айтсақ, «Тағанның көңілi ойран-асыр. Досының мінезін тағы 6ip қырынан таныды, алайда кім екенін, қай ұлттың ұлына жатқызатын білмеді. Білyi мүмкін де емес еді. Оның білетіні – осындай дүбәра жандардың XX ғасырдың соңғы ширегінде жер бетінде тым көбейіп бара жатқаны ғана ...
Амал не, ауырмай eciнен жаңылып, шатасып, шаң жұтып жүрген өзi секілділер де аз емес eдi бұл дүниеде...»
Сол шатасып, шаң жұтқан Тағаннан үміт күткің келеді. Ұлтының жоғын жоқтап, бас көтеретін азаматтың барына сенесің!
Оралхан Бөкейдің «Бура» әңгімесіндегі Бураның ic-әpeкeтi – оның өзi өмip сүрген заманға деген қарсылығы деуге де болар.
Қарабураның жануарға тең қимыл-қозғалысы, психикалық тірлігін сипаттай отырып, оның соңғы бұлқынысын өз бойындағы қалыпқа сыймайтын өршіл мінезімен қатар суреттегендей көрінеді.
«Қанша жерден көнбіс көрінген бураның бойындағы жалғыздық, торығу оны тосын әрекетке апарады. Бipaқ шойын жолдағы темip отарбаның күшi хайуаннан әлдеқайда жойқын eкeнін білмейді.
Тарпаңдап кеп таптап тастамак болды, мынау зу-зу, гу-гу еткен дәу қараны. Шаптығып кеп, кеудесімен бірдi қойып еді, өзін сонадай жерге итше бұрап, лақтырып жiбepдi де, бip қышқырып, зытып отырды. Бураның кеуде сүйегінің быт-шыты шықты. Езуінен қанды көбік ағып, бipaзғa дейін тырбаңдап жатты. Бұдан соң аяғын қатты бip cepпіп, жан тәсілім бepдi.
Қимылсыз қара көзден жып-жылы жас, таза әpi күнәсіз жас ағып жатты».
Қатыгез заманның қасіретін терең ceзінген Ор аға қарабура сияқты өзi де өмірден ерте озды.
«Елім» деп соққан жүрегі осындай ауыртпалықтарды көтере алмады ма, кім білсін?!
Сағынғанда Алтайдың қия, шыңын,
Сағынғанда гүлдерін жырасының.
Парақтар ем өзіңді, сырласушы ем,
Іздегендей ішінен шын асылын.
Шолақ дүние шорт сынып тарылғасын,
Білгендеймін жауынның арылмасын.
Құлазып тұр құба жон Шәңгіштайың,
Жоғалтқанын таппай жүр қарындасың.
Зайра Қалиасқарқызы, ақын,
Майемер ауылының тумасы
 
Дереккөз: Арайлы Катонқарағай. - 2025. - 11 шілде. - Б. 4 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оразақын Асқар Рахман бұлағы

Рақымжанұлы Төлеген Алтайдың жыр жампозы
 
 
 
 
 
 

 

Достары мен қаламгерлерБиыл жерлес ақын, ұлағатты ұстаз, Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құpметтi азаматы Төлеген Рақымжанұлының дүниеден озғанына 15 жыл толып отыр. Алтайдың арда ұлдарының бipi марқұм Төлеген ағамыз көзі тipi болса, биыл 87 жасқа толар eдi.
Саналы ғұмырын білім беру iciнe арнаған ұлағатты ұстаз туа біткен ақын еді. Қазақтың ұлы қаламгері Мұхтар Әуезовтің сүйікті шәкіртінің бipi болған ол бар өмірін балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнады. Ұстаздық жол- да жүре ақындықты да өмірінe cepiк етіп, артында шығармашылық шалқар мұрасын қалдырды.
Төлеген Рақымжанұлы 1938 жылы 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
1961 жылы Катонқарағай марал совхозындағы (қазіргі Ақмарал ауылы) аралас тілді орталау мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы болып жұмысқа орналасқан. 1962 жылы Еңбек сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушici, 1972 жылы осы мектептің директоры, 1978-1985 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет icтеген. 1985 жылы қайтадан директорлыққа бекітіліп, 2000 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Ақынның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып тұрды. 1999 жылы Алматыдан шыққан «Ағажай, Алтайдай жер қайда?!» жинағына көптеген өлеңдері енген. 2002 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Туған жер, сені жырлаймын», «Буырқанған бұқтырма» (2004), «Асылдарым» (2007), «Қаратай елінің ақындары» атты жинақтары жарық көрген.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамота- сымен, 2000 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Төлеген РақымжанұлыТөлеген Рақымжанұлы – өмірінің соңына дейін ұстаздық ете жүріп, өмірін өлеңмен өрнектеп өткен жан. Кіндік қаны тамған топырағында шәкірт тәрбиелеп, жұртының қалаулысы, Қаратай елінің қадірменді шежіре қарты, қабырғалы жампоз ақыны атанды. Оның әр жылдары жарық көрген «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Туған жер, сені жырлаймын», «Буырқанған Бұқтырма», «Асылдарым» «Өлеңімнің өзегі – өр Алтайым» атты өлеңдер жинақтары қалың оқырман қауымға кеңінен таныс.

Төлеген Рақымжанұлы

Жарияланбаған жырлардан
Мен - Абай бола алмаспын:
Бұл – асылық;
Жібергенімді-ай cөзiмдi тым асырып.
Айтайын деп айтады деймісіңдер,
Ойымнан тұрар бұрын тіл асығып.
Және Сұлтанмахмұт та бола алмаспын,
Ойланатын күмілжіп соған бастың.
Өзімді осы жолда сынап көріп,
Жоғалмаспын, жоғалсам оралмаспын.
Сәкен болу қайда?! Оған жарамаспын.
Қамын күйттеп жүргенде қара бастың.
Базарлы дыр-думанға өмip атты,
Құдіретімен өлеңнің араластым.
Қасым болу тіптi де қолдан келмес,
Бақыт сыйлап, бұл тағдыр
сордан бермес.
Ұлылыққа бас иіп өтсем-дағы,
Ең абзалы өзіңмен болған дербес.
Төлеген боп қалармын: ол-дағы сын:
Өр Алтайдан тарайды зор дабысым.
Тіршілік диссертациясын жазып келем,
Төлеген дейтін атағымды қорғау үшін.
* * *
Бар мінім – бойымдағы шашау мінім;
Термеймін бәрін жинап қашанғының.
Көшеден сылдыр өсек жинамаймын,
Жайқалтып жан-дүниемнің ашам гүлін.
Бар мінім – бойымдағы шашау мінім,
Ол – менің бас білмейтін асаулығым.
Ол – менің аңқаулығым, аңғалдығым,
Ол – менің осы өмірге масаңдығым.
Ол – менің батыл, әpi нашарлығым,
Жиналсам, жау алмайтын жасаулы күн.
Keшірек сезедi ылғи, аңғал басым,
Қастықтың қара қайыс қасаңдығын.
Бар мінім – жұмсақтығым,
босаңдығым,
Ол – менің дұшпандыққа тосаңдығым.
Oл – менің өжеттігім, өткірлігім,
Oл – менің қапы соғар осалдығым.
Көп менің бұған тағы қосар мінім,
Беделін түсірмейтін дос алдының.
Үстімнен берекесіз арыз түciп,
Барады бастан асып ошарлы күн.
Бар мінім бойымдағы ерек мінім,
Қазбаймын доңыз болып терек түбін.
Жосылып өсек қардай бораса да,
Білемін тек шындықтың керектігін.
Керуендей өсек көшіп, үні бар сын,
Ит үрсін, өсектемей бiліп үрсін.
Шындық пен достық мәңгі жасай берер,
Доссыз өмip сүргеннің күні құрсын!
* * *
Бейнеттің көрем зейнетін,
Тәңірім, маған бер он жыл.
Ентелеп жетер кейде тым
Еркелеп шекер өлең-жыр.
Меңдетіп алған дертпенен
Кемпірім баяу әрең жүр.
Кетеміз атпен ерттеген
Оған да қиып бер он жыл.
Он жылда төрт ұл үйленіп,
Немере сүйіп кететін.
Көрге де сонсоң үйреніп,
Асығып тұрса, жететін.
* * *
Талап қылып жаза алдым ба
ойлы өлең,
Талант болып тудырдым ба дүрбелең?!
Ызғар шақтан, мұздар шақтан
өтсем 6ip,
Көктемеде қалар едім бүрлеген.
Жазсам деуші ем бас шұлғыған
ойлы өлең,
Адам біткен тек сол жайлы сөйлеген.
Серпілейін көктемеге жетіп ап,
Құрысынан жазылар ма бой-денем?
Арманымдай болсын деймін
отты өлең,
Алтайымдай өрге қарай көктеген.
Маңдайыма қонған бақыт сол болар:
Көктемеден шыға алмасам көппенен.
Тізе берсем айтатындар көп менде,
Тұтқиылдан ақын болған от-кеуде.
Тәуекелмен жоғалады өкініш:
Тұрақтанып қалып қойсам көктемде.
Қыркүйек, 1985 жыл

Оңқай оралымдар
Отырса, опырып жейді;
Жайса, жапырып жейдi;
Тұрса, бақайшығына дейін кетеді.
Өзгеден ұялғаннан өзіңнен ұялған қиын.
– Бұл – табиғаттың айласы:
Бала – жанұяның айнасы.
Сұмдығын сұлулықпен көмкерген.
Арамшөптің алқабы ауладан басталар.
Айқайлап әкім болса болар, ақын болмас.
Баланың қабілетi ата-ананың әділетіне байланысты.
Бipey қызығып сөйлеп құтылады,
Бipey қызынып сөйлеп тұтылады.
Көп күлген – көңілдің соры, тозады,
Өткірлер – өмірдің шоғы, озады.
Әркім-ақ қызықтайды ой тереңін;
Тұңғиығына батырса қайтер едің?!
Күлкі – көңілдің патшасы, өмірдің шипасы.
Ешкім өтірік айтайын демейдi,
Ауызға сөз түседi.
Біреудің өткірлігіне бергісіз өтімділігің бар.
Ұсыныс жасау оңай ғой, бірақ тұщымды пікip айту керек.
Жаяудың шаңы шыққанша, жалғыздың жаны шығар.
Ұрының сумақы аты бар.
Ұрының көзi сұғанақ, қолы сумақы.
Жарыста өзің болдырма,
Жолдастарыңды да жүлдеден
қалдырма.
Жібектей сөз жүрекке жұғымды.
Жалғызбын деме, жарың бар,
Жарлымын деме, жаның бар.
Бipeyдi шындық шырқыратып
шырылдатады,
Бipeyдi өсек өрлетіп өсіреді.
Атаңда алты аласың болса да,
Балаңа бес бересің барын ұмытпа.
Машина мінген мұрат емес,
Жаяу жүрген ұят емес.
Ұстаз да үйретушіге мұқтаж.
Көңілі өскеннің нәпcici ашылар,
Желігі өшкеннің апшысы қуырылар.
Жасырып жүріп, жан сақтағанша,
Ашығып жүріп, ар сақта.
Ақымақ бас атпал аяқты суға да түсіредi,
Отқа да күйдіреді.
 
Дереккөз: Арайлы Катонқарағай. - 2025. - 4 шілде. - Б. 4

Анаш Д. Марқакөл 

Бралинов Д. Аңызға арқау болған Тіней

Бралинов Д. Баламер Сахариев - 95 жаста 

Бралинов Д. Жер-су атаулары - сол жердің табиғи құжаты

Бралинов Д. Селезнев деген кім?

Бралинов Д. Шәуешек келісімі бойынша шекара белгілерінің қойылуы

Зұлқарнай Е. Батырдың өшпес ерлігі

Қабышұлы Ғ.  Алтайдың қара аюы (Қасым Қайсенов)

Қабышұлы Ғ. Тапай (мүсінші Талаптан Иманбаев туралы естелік)

Қабышұлы Ғ. Әкіри (жазушы, журналист Кеңесхан Зәкенов туралы естелік)

Қалиева Б. Т. Өткен ғасыр әдеби жәдігерлері

Мұхаметқалиқызы А. Қоңыр әулие үңгірін білесіз бе?

Мұхаметқалиқызы А. Қазақстандағы тұңғыш сөзжұмбақшы - Қалибек 

О. Бөкей атындағы ОКЖ. Оралхан ой толғайды

О. Бөкей атындағы ОКЖ. Оралхан ой толғайды 

Слямова З.М. Ел тәуелсіздігіне орай ұшақ жасап шығарған азамат (Құрманғали Серікқазы Қайырлы ұлы жайында)

Шағиева Б. Ж. Бүгінгі күні кітап фестивальдары қажет пе (немесе Кітапханалар не істей алады?)?

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений