kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Елімізде елді мекендердің идеологиялық тұрғыдан ескірген, заман талабына сай келмейтін атауларын қайта атау, тарихи атауларын қалпына келтіру бойынша біршама жұмыс жүргізілуде. Ал жер-су атауларының тарихи атауларын қалпына келтіру жұмыстары орнынан да қозғалған жоқ. Оны өзіміздің туып-өскен Катонқарағай ауданындағы жағдайға байланысты нақты айта аламыз.


Тарихи атаулар мақсатты түрде жойылған


Катонқарағай. Рахман қайнарыБіздің аудан елімізің ең шығысында, Алтай тауларының қойнауында орналасқан. Жер бедері таулы болғандықтан, ауданның гидрографикалық желісі сансыз көлдер, өзендер, бұлақтардан тұрады. Картаны ашып, осы көлдер, өзендер және бұлақтардың атауларына көңіл аударар болсақ, олардың көпшілігі орыс тіліндегі атаулар мен адамдардың есімдері екендігіне көз жеткізу қиын емес. 19-20 ғасырларда орыс қонысаударушылары шұрайлы жерлерді алып қана қоймай, ол жер-сулардың тарихи атауларын біржолата жойып, топонимдерді өз тілдеріне икемдеп алмастырды. Сондай-ақ бұл өңірге келіп-кеткен ғалымдар мен саяхатшылардың бәрі де Алтайдың арғы, бергі жағын картаға түсіріп, көзі көрмеген жерлерін көргендерден сұрап, аяғы бармаған жерлерді барғандардан сұрап, жер мен суға, тау мен тасқа ат қойып, жазып-сызып кеткен. Саяхатшылар мен ғалымдар келген кезде каменщиктер мен казактарға тоқтап, деректердің көпшілігін солардан алған. Кеңес үкіметі тұсында да тарихи атауларды орыс атауларына мақсатты түрде ауыстыру іске асырылып, кеңестік идеологияны дәріптеу мақсатында көптеген жаңа орыс тіліндегі атаулар қалыптасты.
Нақты тарихи кезеңде және табиғи ортада қалыптасқан қандай да болмасын географиялық атаулардың көпшілігі жергілікті жердің физикалық-географиялық ерекшеліктерін құнды тарихи мәліметтермен сипаттайды. Көшпелілердің күн көрісіне жергілікті жердің табиғи жағдайы: жер бедері элементтері, гидрография және климат ерекшеліктері, өсімдік жамылғысының құрамы және жабайы аңдар септігін тигізген. Олар өзен, көл, бұлақтарға атау қойғанда, жер бедері, айналасындағы өсімдік және жануарлар дүниесі, ағыстың жылдамдығы, тереңдігі, ұзындығы, пішіні, ащы-тұщылығына, судың қозғалысына және т.б. қасиеттеріне көңіл аударған. Халық тарапынан қойылған жер-су атаулары сол жердің табиғи құжаты болып табылады. Осындай көрегенділікпен, байқампаздықпен, табиғатпен үйлесе отырып қойылған атауларды қайтару бүгінгі ұрпақ біздің міндетіміз деп есептеймін.


Тығырыққа тіреген мәселелер


Бүгінгі күні ауданымыздағы көпшілік жер-су атауларының қосарланған екіден атаулары бар, олардың бірі жергілікті халықтың күнделікті ауыз-екі атауындағы тарихи атаулар болса, екіншісі – жоғарыда айтылғандай, соңынан таңылып, картаға түскен орыс тіліндегі атаулар.
Жергілікті халықпен әңгімелесіп, тарихи әдебиеттерге шолу жасап, жеріміздегі жер-су атауларының небір тамаша тарихи атаулары бар екендігіне куә де болдық. Енді осы атауларды неге қалпына келтірмеске деген заңды сұрақ туындайды. Тарихи жер-су атауларын қайтару туралы іске кірісе бастағаннан-ақ сан түрлі қарама-қайшылыққа тап боласың. Тіптен еліміз бойынша жер-су атауларын өзгерту бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік- құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде бірде-бір акті тіркелмеген екен. Яғни, бұл мүмкін емес деген сөз.
Соңғы жылдардағы зерттеп, зерделеген жұмыстарымыздың нәтижесі ретінде аудандағы бірнеше өзен-көлдердің тарихи атауларын алмастыруға талпыныс жасап көрдік. Ең алдымен ономастика мәселесіне байланысты нормативтік-құқықтық актілерді оқып таныстық. Жер-су атауларын өзгерту бойынша қандай құжаттар, материалдар дайындау керек екендігін сұрап, облыстық тіл басқармасына хабарластық. Ондағылар бұған дейін мұндай мәселемен кездеспегендіктен, ұзағырақ тостырып: «өзен, көлдер, жерасты және жерүсті объектілер мемлекет меншігінде болып табылады, осыған орай физикалық-географиялық атауларды өзгерту үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне атаулардың қолданыстағы нұсқасын және қайта атауға ұсынылатын нұсқасын көрсете отырып ұсыныс жасаңыздар», деген жауап алдық. Одан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитетінің төрағасының атына ауданымыздағы 4 көл мен 14 өзеннің аттарын ауыстыру туралы ұсынысымызды жолдадық. Жіберген құжаттарымыз ұзақ жатып қалған соң комитеттегі жауапты мамандарға телефон арқылы хабарластық, олар біздің құжаттарды республикалық ономастикалық комитетке жібергенін айтып, солармен хабарласуды өтінді. Республикалық ономастикалық комиссияның жауапты мамандары біздің ұсынысымыз дұрыс жасалмағандығын ескертті, бұл мәселені кім және қандай құжаттар ұсыну қажеттігін сұраған сұрағымызға мардымды жауап ала алмадық. Бастаған ісімізді орта жолда тастамай, елімізде физикалық-географиялық объектілерге атау беру тәртібін сұрап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице министрі, республикалық ономастикалық комиссияның төрағасының атына хат жаздым. Келген жауапта біздің көтеріп отырған мәселе өте орынды екендігін айта келе: «Физикалық-географиялық объектілерге атау беру және қата атау мәселесі «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ аталған Қаулының 2-тарауының 3.1, 3.2 тармақтарына сәйкес физикалық-географиялық объектілерге атау беру кезінде тиісті уәкілетті орган арқылы Комиссияның қарауына ұсынылуы тиіс. Алайда өз кезегінде физикалық-географиялық объектілерге атау беру кезінде алдымен объектінің қай мемлекеттік органның (орталық немесе жергілікті әкімдік) иелігінде жататынын анықтап ескерген жөн.» деген жауап алдық.
Осы жауапқа сәйкес ауданымыздағы өзен-көлдердің кімнің иелігінде екендігін біле алмадық, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитетінің мамандары бүкіл еліміздегі өзен-көлдерге біз қалай иелік етеміз, олар жергілікті әкімдікте болар десе, жергілікті әкімдікте ол туралы ешқандай құжаттар жоқ. Сонымен «су иесі Сүлеймен» болар деп, тұйыққа тіреліп отырған жайымыз бар.
Ономастика туралы заң ауадай қажет
Ашығын айтар болсақ, елімізде географиялық атауларды, ономастиканың мәселелерін зерттейтін құрылымдар мен заңнама бойынша дамыған елдер мен кейбір ТМД елдерінен кейін қалып қойғандығымыз шындық.
АҚШ-та жер-су атаулары мәселесімен «Географиялық атаулар бюросы», Канадада «Географиялық атаулардың тұрақты комитеті», Германия мен Украинада «Географиялық атаулардың ұлттық комитеттері», Англияда Британия география қоғамының «Географиялық атаулардың тұрақты комиссиясы» дербес айналысады. Ресейде үш бірдей құрылым: «Геодезия», «Аэрофототүсіру», «Картография» бас басқармалары шұғылданады. Бұлардың бәріне географиялық атауларды дұрыс пайдалануды бақылап, түзетіп отыру үшін заңдық құқықтар берілген.
Ресейде осы бағытта 1997 жылы «Географиялық объектілерді атау туралы» федералды заң қабылданған. Сол заң бойынша атаулар жөніндегі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың барлық ұсыныстары ономастикамен айналысатын қызметтердің: аудан, облыс, қала атқару биліктері мен сайланбалы органдарының, жоғарыда айтылған басқармалардың сараптауынан өткізіліп шешім қабылданады. Бұл жүйе орыс халқына географиялық атаулар арқылы өзінің тарихын қастерлеп, ұлттық мүддесін қорғауға мүмкіндік беріп отыр.
Мұндай мазмұндағы заң көрші Қырғызстанда да бар. Сол заңға сәйкес жергілікті кеңестер мен атқарушы органдардың атаулар жөніндегі ұсыныстары географиялық атаулардың ведомствоаралық комиссиясы мен Ұлттық ғылым академиясының бірлескен шешімі бойынша Жоғарғы Кеңестің қарауына жіберіледі. Ал бізде ономастика мәселесіне арналған заң жоқ. Елімізде бұл сала «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен реттелуде. Онда ономастика жұмысының критерийлері анықталды. Қалай десек те, алдағы уақытта ономастика туралы жеке заңның керек екендігі анық. Ол заң қазақ ұлтының келісімінен тыс өзгертілген барлық тарихи атауларды міндетті түрде қайтаратын құдіретке ие болуға тиіс.


Дүйсен Бралинов,
Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений