2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шілікті елді мекенінің жанындағы көне қорғандардың бірінен алтынмен көмкерілген киімімен жерленген сақ патшасының сүйегі табылды. Мұны Қазақстандағы үшінші «Алтын адам» деп айтуға болады. Шілікті қорғандағы «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың аяғы менVIIІ ғасырдың басындағы жәдігерлердің бірі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың толық атауы: Алтай ботаникалық бағы- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ботаника және фитоинтродукция институтының» филиалы.
Алтай ботаникалық бағының ауданы- 154,2 га, оның ішінде аймақ бойынша:
- экспозициялық- 5,5 га
- ғылыми- 30,55 га
- қорықтық- 51,5 га
- қоғамдық- 11 га
- әкімшілік және шаруашылық аймақ- 61,05 га.
Жалпы алаңы – 35 га
Солжағалық кешеннің аумағында мыналар бар:
1. Зообақ, алаңы 8 га
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағына 2008 жылы көшірілген. Зообақта 2011 жылдың 1 желтлқсанына қарағанда барлығы 294 жануар болды.
«Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясымен шығыс қазақстандықтардың 20 томдық жаңа кітабы жарыққа шықты.
Оның тұсаукесері 2012 жылы 17-сәуірде Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен болатын.
Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді».
Семипалат бекінісі Ресей мен Ќазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы Үлбі өзенінің Иванов белдеуінің етегінде орналасқан. 1786 жылы металдарға бай кен орнын бірінші ашқан тау-кен ісі көмекшісі Филипп Риддердің құрметіне Риддер деп аталады. Алтай металлургиялық зауыттарын рудамен қамтамасыз еткен,
Риддер—Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала , темір жол станциясы. Іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 1941— 2002 жылы Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған.
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының орталығы, Өскемен қаласының шығысында, тау биіктерiндегi ойпанда, Березовка өзенiнiң Бұхтырмаға құяр жерiне таяу жерге орналасқан. Қала 1791 жылы полиметалл кен орнының бай қорын ашқан жұмысшы Герасим Григорьевич Зыряновтың есiмiмен аталған. Қала тарихы Зырян кен орнымен тығыз байланысты. Зырян руднигi өте жоғары қарқынмен дамыды.
1901ж. Өскемен қаласында "Ұлы мәртебелі императрица Марияның жеке кеңсе мекемелері» қайрымдылық оқу орындары жүйесіне кіретін Марийнск әйелдер училищесі салынды. Әр сыныпта екі баспалдақ болды, оқу 5-6 жылға созылды. 1912 жылдан бастап бастауыш училищелердің мұғалімдерін даярлайтын екі жылдық педагогикалық курстар жұмыс істей бастады. Бұл жерде 20-жж. ЕББ (ерекше бағыттағы бөлімдер) отрядының казармасы, балалар үйі, сонымен бірге А.В.Луначарский ат. ІІ баспалдақтағы қыздар мен ұлдарға арналған аралас мектебі болды.
1995 жылы 25 мамырда “Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінің диагностикалық орталығының” салтанатты ашылуы болды. Диагностика орталығының ашылуына ұйтқы болған танымал хирург Б.Э.Рейш.
Орталықтың алғашқы кезегін іске қосып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін бюджеттен 3 млн.доллар қаржы жұмсалған еді.
Орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевский 1854-1859 жж. аралығында Семей қаласына жер аударылады. Ф.Достоевский 1857-1859жж. пошташы Ляпухинның ағаш үйін жалдап тұрған еді. Ол үй күні бүгінге дейін сақталған және 1971жылы 7мамырда осы көне үйде жазушының әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. 1976 жылы осы көне ағаш үйге мәскеулік сәулетші В.Ф.Власовтың жобасы бойынша жаңадан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимарат сәулетіне ескерткіш ретінде кітап орнатылды.