Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел, 1917 жылы Мұхтар Әуезовтың басшылығымен “Ойқұдық” жайлауында қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды.
«Звено Алтая» әдеби үйірмесі 1921 ж. Өскемен қаласында «Советская власть» уездік газетінің редакторы Н.И.Иванов пен Воровский ат. педтехникумның оқытушысы, жас ақын Г.А.Тотиннің басшылығымен құрылды. Оларға жол көрсетіп қолдаған,уездік партия комитетінің хатшысы - П.П.Бахеев (П.П.Бажов) болды.Әдеби үйірме құрамында ұйымдастырушылармен бірге Б.Н.Лапин, М.Ф.Иванусьев,А.Г.Федотов болды.
Рахман қайнары– Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы шипалы жылы су көзi. Оңтүстік Алтайдың кiшкене тектоникалық ойпатында, Арасан көлі жағасында, теңiз деңгейiнен 1750 м биiктiкте айналасын биiк тау, орман қоршаған өте көрiктi жерде орналасқан.
Шығыс Қазақстанда омарта шаруашылығының негізін салушы Өскемен қамалының коменданты, бригадир Николай Федорович Аршеневский деп есептеледі. 1783 жылы ол өзінің апайы Киев помещигіне арнаған хатында Өскемен маңындағы өсімдіктер дүниесі, берекелі өлкесі, өзінің ара өсіру ниеті барлығы жайлы жазады. Н. Ф. Аршеневский екі дюжна ара қалыптарын қызмет орнына жеткізуге қолғабыс жасауын, сонымен бірге араларды күту ережелері бар бірнеше дана кітап құрастыруды және бастыруды сұрайды.
«Барлық-Арасан» шипажайы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Семей қаласынан 600, Алакөлден 18 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 579 м. биіктікте Барлық тауының аңғарында орналасқан. Емдеу барысында минеральды сулар мен емдік балшықтар пайдаланылады.