«Уба» шипажайы Өскемен қаласынан 80 шақырым жерде Шемонаиха ауданының Выдриха ауылындағы Уба өзенінің бойында орналасқан. 2002 жылдан бастап қызмет көрсетеді. Мекеменің жалпы емдеу кешенінде табиғи факторлар (емдік батпақ) және климаттық емдеу кеңінен қолданылады. Емдік терренкурлар ұйымдастырған, шипажайда емдеу –диагностикалық кабинеттер бар: массаж, ЛФК, физиялық емдеу, ингалятор. 200 орынға дейін емделушілер қабылдауға мүмкіндігі бар. Жыл сайын 4600 ардагер мен мүгедектер өз денсаулықтарын жөндей алады.
2015 жылы 16 қазандағы «Мейірімділік» айы аясында Шемонаиха ауданының Усть –Таловка кентінде «Уба» шипажайының қосымша 50 орындық филиалы ашылды. Енді қосымша 1150 адамды қамтиды.
Әдебиет:
Убадағы жасыл қала - Шемонаиха = Шемонаиха тополиный город на убе [Мәтін]. - Шемонайха : б. ж., [200?]. - 21 б.
Христич Е. "Уба" санаторийі [Мәтін] : [Шемонайха ауданындағы "Уба" санаторийі жайлы] / Е. Христич // Коммунизм туы . - 1982. - 9 июль
Сейсенұлы Д. Қарттарға қамқорлық деп осыны айт [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 17 желтоқсан.- Б.15.
Елубай, О. Тәнге шипа, емге дауа [Мәтін] : "Уба" шипажайында өткен жылы 2276 ардагер денсаулықтарын түзеп қайтты / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2013. - 21 ақпан.- Б.10.