kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Бүгінгі күні жерлесіміз, әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, әрі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты – Баламер Сахариев көзі тірі болса 95 жасқа келер еді.
Б. СахариевБаламер Сахариев 1929 жылы қараша айының 6-шы жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Білім бастауын Еңбек жетіжылдық мектебінен бастаса, орта мектепті көрші Шыңғыстай орта мектебінен бітірген. Мектеп бітірісімен 1946 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы аяқтайды.
Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты – Баламер аға 1950-57 жж аралығында «Халық мұғалімі» (қазіргі Қазақстан мектебі) журналында, 1957-62 жж аралығында «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1962-63 жылдарда Әдебиет және өнер институтында, ал 1963 жылдан осы институтқа қарасты Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориялдық мұражай үйінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.
Баламер Сахариев сын, зерттеу мақалалармен 1950 жылдан бастап-ақ таныла бастаған. Баламердің өмірлік рухани досы, серігі – әдебиет, әдебиет сыны. Ол осы жолға берілген, оның ыстығы мен суығына да, қызығы мен қиынына да төзді. Ол өзімен тұрғылас Серік Қирабаев, Айқын Нұрқатов, Мұқаш Сәрсекеев тәрізді ғалым-сыншылармен қанаттаса шығып, әдебиеттің қасиетті табалдырығын қысылмай, қымтырлмай еркін аттаған болатын.
Әдебиет сынмен көркейеді. Әдеби сын табиғатының аса күрделілігі сыншылар алдына үлкен талаптар қойып отырады. Әдеби сынның дәрежесі алдымен сыншыға байланысты екені даусыз.
Баламердің шығармашылығына тән басты қасиет – қай мәселені көтерсе де, кең ауқыммен жан-жақты қамтып көрсету. Оның М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды алыптардан бастап, өз кезіндегі әдебиеттің орта буын, жас буын өкілдеріне бағасын берген мақалалары осының дәлелі. Поэзия саласына да кең ауқымды, мазмұнды зерттеу шолу жасаған. Жеке талдаулар мен шолу мақалаларда қазақ поэзиясының шыққан биігі мен алар асулары сөз болған.
Баламер Сахариевтің көптеген зерттеулері қазақ романын талдауға арналған. Қай шығарманы талдаса да әдебиеттегі орнын көрсетіп, әділ баға береді.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» академиясы Баламерге 50-ші жылдары әдебиетке келген «жас әдебиетшілердің жаңа толқыны» деген баға берді.
Баламер Сахариевтың ең алғашқы мақалалары 1950 жылы «Әдебиет және искусство», «Халық мұғалімі» журналдарының беттерінде жарық көрді. Б. Сахариев отбасымен
Содан екі жүзге тарта сүйікті зерттеулер мен мақалалар жазды. Солардың ішіндегі бүгінгі әдебиетіміздің өсу, өркендеу мәселелері, кемелденген социализм дәуіріндегі жаңа адам образы төңірегінде түйген ой-пікірлері байыпты ғылыми тереңдігімен бағаланады. Сыншының роман жанры, поэма, драма туралы ой-толғаулары да, жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық жолын ашып, анықтайтын портреттік мақалалары да әдеби сын өрісінен табылды. Қазақ әдебиетінің осындай күрделі даму тенденцияларына, оның ең таңдаулы деген туындыларына арналған «Уақыт тынысы» атты кітабының негізінде 1970 жылы «Қазақ романдарындағы идея мен образдың эстетикалық бірлігі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Баламер Сахариевтың шығармашылық өсу жолын айқындайтын айтулы еңбегінің бірі - «Қазақ әдебиеті» атты оқулығы. Жастарға адамгершілік тәрбиесін берудің бір саласы әдебиет десек, осы оқулықтың уақыт алға тартқан талаптар тұрғысынан шыққаны белгілі. Кейінгі жылдары Б.Сахариев филология ғылымдарының докторлары Х.Сүйіншалиев және Ә.Дербісалинмен бірігіп «19-20 ғасырлардағы қазақ әдебиетіне көмекші оқу құралын» жазуға ат салысты.
Білікті, дарынды ғалым «Күрескер тұлғасы» атты үлкен бір еңбек жазды. Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Жұбан Молдағалиев шығармашылығы жайлы әділ сын, орынды пікір қосып, тартымды, талғамды талдау жасады. Яғни, ғалым жазушының шығармаларындағы образдардың логикалық дамуына, оқиғалардың қиыннан қиысқан қызықты құрылымына, тіл шеберлігіне тоқталып, дәлелді ойлар ұсынады.
Ғалым ретіндегі оның ең басты тақырыбы, ғылыми зерттеу нысаны қазақ әдебиетінің біртуар классигі – Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы болды. Сол тұрғыда Өмірі - өнеге, өнері – мұра», «Бір хаттың тарихы», «М.Әуезов – қоғам қайраткері», «Қауышқан құшақтар» атты еңбектер жазды. Әдеби зерттеулері мен әдеби сын-туындылары «Уақыт тынысы», «Күрескер тұлғасы» атты екі томдық жинақ болып шықты.
Белгілі жазушы Ғ.Мұстафииннің бай шығармашылық тәжірибесін талдайтын «Еңбек жемісі» атты зерттеуі де ерекше орын алады. Бұл жұмысы кейін біраз толықтырылулармен қайта жазылып, «Қазақ әдебиетінің» алты томдық тарихына кірді.
Баламер әдебиетші ғалым ғана емес, сонымен қатар шебер аудармашы ретінде де танымал болды. Орыс жазушылары А.И.Куприннің, И.Н.Буниннің, әзербайджан жазушысы О.Т. Туманянның, қырғыз жазушысы Ш.Т.Айтматовтың кейбір шығармаларын, Н.Крупскаяның педагогикалық еңбектерін, куба жазушысы Даура Олеманның «Төңкеріс түлектері» повесін, Поповтың «Семья», А.Е.Корнейчуктың «Днепр айдынында» пьесаларын қазақ тіліне аударған. Қазақтың белгілі әдебиет сыншысы филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы Баламер Сахариев 1979 жылы 14 қараша күні елу жасында қайтыс болды.
Баламер аға аз ғұмыр кешсе де қазақ әдебиеті тарихынан өз орнын алды, еліне өлшеусіз мұра қалдырды. Ерекше дарын иесі Баламер Сахариевті есте қалдыру мақсатында Алматы қаласының Медеу ауданының бір көшесіне, сондай-ақ туған жеріндегі Катонқарағай және Еңбек ауылдарында көшелерге оның есімі берілген.


Д. Бралинов
Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений