kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Шығыстың төрі – Катонқарағай өңірі ілгеріден өзінің көз тұндырар бірегей табиғатымен, құнды тарихи-мәдени ескерткіштерімен, киелі орындарымен көпке аян. Әсіресе, өлкеміздің көрікті табиғаты алыс-жақындағы көптің назарын өзіне аударып келеді. Осындай тұмса табиғатты, ондағы мекен етіп жатқан сан мыңдаған аң мен құсты, орасан аумақты алып жатқан орманды алқапты көзіміздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етіп қалдыру – баршамыздың міндетіміз. Алтайдың жабайы аң мен құсын, орман-тоғайын бейберекет отап, заңға қайшы әрекеттерге бой алдырмас үшін қазір бұл аймақта тиімді әрі жүйелі жұмыс жолға қойылған. Осынау жауапты да ауыр қызметті Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің үлкен ұжымы өз мойынына алып, абыроймен атқарып келеді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлеріКатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің іргетасы 2001 жылы қаланған. Бұл еліміздегі аумағы жағынан ең ірі табиғи саябақ боп табылады. Парктің аумағы 643 мың гектардан асып жығылады, оның 215 мың гектары орманды алқапты құрайды, 24 мың куб метр ағаш қоры бар.   Осындай ауқымды алқапты еншілеп отырған табиғи парктің аумағында сүтқоректілердің 72 түрі, оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну, тағы басқа аңдар, құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар есепте тұр. Саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек ағаштары өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрі (алтынтамыр, алтай рауғашы, маралтамыр) кездеседі. Мінеки, осыншама табиғат байлығына ұлттық парктің қызметкерлері күн-түн демей бас көз-көз болып отыр. 2014 жылдан бері Катонқарағай МҰТП ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын табиғи мұрасының тізіміне кірген.

– Ұлттық парк аумағында 5 филиал, 10 орманшылық бар, 248 инспектор еңбек етеді. Олар табиғат қорғау шаралары, есеп жүргізу, ғылыми, туристік және басқа жұмысты атқарады. Жалпы алғанда, ұжымда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Бұл ауданымыздағы ең үлкен жұмыс беруші мекеме болып табылады, – дейді Катонқарағай МҰТП бас директоры Жанболат Тыныбеков.  

Жұмыс ауқымы кең

Әңгімеміздің басында өңірдің табиғат байлықтарына зардап келтіріп, зиян тигізбеудің алдын алу үшін парк аумағында нәтижелі жұмыс атқарылатындығын айтқан едік. Соған оралайық. Бұл бағытта Катонқарағай МҰТП-де жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімі түбегейлі жұмыс атқарып келеді. Аталған бөлімде 2004 жылдан бері Ерік Қасымов табанды еңбек етеді. Қазіргі таңда Ерік Тұрсынханұлы осы бөлімді басқарып отыр. Алтайдың көрікті табиғатын қызғыштай қорып, қандай да болмасын заңсыз әрекеттердің жолын кесіп, алдын алу шараларын ұйымдастыру ісі осы бөлімнің қызметкерлеріне жүктелген.  

– Біздің бөлімнің негізгі қызметіне МҰТП аумағындағы жан-жануарларды қорғау, өсімін молайту, сонымен қатар жабайы аң-құстарға санақ жүргізу, Қызыл кітапқа енген аң мен құсқа   мониторинг жасау кіреді. Бұл жұмысты біз жыл көлемінде атқарамыз. Ең ауқымды жұмыстың бірі – жабайы жануарларға қысқы азық қорын дайындау, бұл биотехникалық іс-шаралар деп аталады. Оған қысқы кезге арнап жан-жануарларға шөп, қайыңның бүршігін (бейнек), жем дайындау сияқты жұмыс кіреді. Қыста арнайы оттықтарға бейнектерді іліп, науаларға жем шашамыз. Көктем кезінде тұз саламыз. Жабайы аңдардың азығын дайындау мақсатында бір жыл бұрын арнайы жоспар құрамыз, биыл мәселен 250 тонна азық қорын жоспарлап отырмыз, – дейді Ерік Қасымов.

Жабайы аңдардың қысқы азығын дайындау үшін жаз кезінде парктің инспекторларына арнайы тапсырма беріледі. Әрбір инспектор өзіне бекітіліп берілген аумақтағы шөпті шауып, қайың бүршіктерін дайындайды, жем-шөп салуға арналған науаларын әзірлеп, тұзын себеді. Ерік Қасымовтың айтуынша, биыл 27 тонна тұз жеткізілген. Оны көктем айларында жануарлардың қоректенетін орындарына салады.

Көктемде жабайы жануарларға тұз – керекті азық, өйткені, төлдеу кезінде, қыстан шыққанда олардың ағзасы тұзды қажет етеді. Тұзды инспекторлар арнайы жалақтарға салады, бір жалаққа жылына 30-35 кг мөлшерінде тұз кетеді екен. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері

– Ұлттық парк аумағында жабайы аң-құстарға мониторинг жүргіземіз деп айттық қой. Ең маңызды жұмыс, ол – Қызыл кітапқа енген аң-құстарды үнемі бақылауда ұстау. Қызыл кітаптағы аң-құстарға 5 түрлі жануар енеді, олар: Алтай ұлары, сабаншы, қар барысы, тас сусары мен Иконников жарқанаты. Соларды анықтау үшін арнайы заманауи құралдардың бірі – фототұзақтарды пайдаланамыз. Олар жыл көлемінде парк аумағына құрылады. Аң-құстардың мекен етіп жатқан орындарын анықтап, солардың жүретін соқпақтарына құрамыз. Фототұзақтан алынған суреттерді өңдеп, арнайы есебін жүргіземіз, – дейді табиғат жанашыры.

Заңсыз аң аулау тыйылды

Алтайдың аңы мен құсын заңсыз аулап, ну орманын отаудың алдын алу бойынша арнайы іс-шаралар да ұлттық парк инспекторларына жүктелген. Бұл бағытта МҰТП қызметкерлері аудандық ішкі істер бөлімі, Өрелдегі шекара комендатурасымен, сондай-ақ, көршілес Алтай, Үлкен Нарын, Күршім орманшылықтарының, Марқакөл табиғи паркінің қызметкерлерімен біріге отырып, браконьерлікке тосқауыл қою жөнінде арнайы жоспар құрып, соның аясында жыл бойы парк аумағында бірнеше рейд жүргізеді. Ерік Қасымов осындай рейдтер көктем және күз айларында өтетіндігін айтады. Осы жылдың 8 айында осындай 26 рейд жасалған.

– Әзірге заңсыз аң аулау фактілері тіркелген жоқ. Заңсыз аң аулаумен ұсталғандарға қолданылатын шара қатал. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалады, 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 750-800 мың теңгені құрайды. Одан бөлек, марал аулағанға 200, қар барысына 2000 АЕК айыппұл көзделген.

Атап өтерлік жайт, 2019 жылдан бері МҰТП аумағында заңсыз аңшылықпен тіркелген фактілер болған емес, оған дейін елік, марал, аю, күдір сияқты аңдарды заңсыз аулағандар ұсталған кездер болған. Ол уақытта заң да жұмсақтау болды, айыппұл көлемі аз еді. 2017 жылдан бері МҰТП аумағында аң аулау тоқтатылған соң заң қаталданды. Қазіргі таңда осы бағытта жергілікті халыққа, мекемелерге, өңірге келуші туристерге арнайы үгіт-насихат, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргіземіз, – дейді Е.Қасымов.

Аю мен қасқыр саны көбейген

МҰТП аумағында заңсыз балық аулаудың да алдын алу жұмысы реттелген. Ауданда балық аулауға арналған Марал, Қаумыш, Қаракөл сияқты көлдер бар. Жануарлар әлемінің қорғау және өндіру бөлімі бастығының айтуынша, бұл көлдерде балық аулау үшін адамдар арнайы рұқсатпен ғана кіре алады. Ал Бұқтырма өзенінен әр балықшыға 5 килограмға дейін тегін балық ұстауына рұқсат етілген. Тиісті рұқсат қағазын МҰТП бас кеңсесі мен орманшылықтардан жаздырып алуға болады. Биыл маусым айында заңсыз балық аулаған бір адам ұсталған. Оған келтірген залалы үшін айыппұл салынған. Алтайдың аң-құсы мен балығынан бөлек, орман-тоғайына да зиян келтіргендер тиісті жазаларын алады.

– Ерекше қорғалатын аумақта заңсыз ағаш кесу бойынша кез келген заңбұзушылық орын алса айыппұл салынып, тиісті шаралар қолданылады. МҰТП қызметкерлерінен құрылған жедел топ арқылы заңбұзушылықты анықтап, хаттама толтырып, тиісті заңды әрекет жасаймыз. Заңсыз ағаш кескендерге 131 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

«Жылда МҰТП аумағында отындық ағаш босату үшін арнайы орындар бекітіліп беріледі, ағашты сол жерден билет арқылы алу керек.   Кейбір азаматтар осындайда заңсыз әрекеттерге барып жататындығы өкінішті. Біз заң аясында жұмыс істеуіміз керек, тәртіп бәріне де ортақ», – дейді ұлттық парк қызметкерлері.

Ұлттық парк ерекеше қорғалатын табиғи аумақ болғандықтан, бұнда аң аулауға тыйым салынған. Әкімшілік аумақта әуесқой аңшыларға рұқсат берілетіндігін айтады Ерік Қасымов.

– Заң жүзінде қайта қарау керек бұл жайтты. Қазір балық жейтін құстарды ұстауға да тыйым салынған. Арнайы орындарға қасқыр, аю, бакланның (құс) залал келтіруіне байланысты тиісті хат жазып едік, жауап бермеді. Олардың айтатын жалғыз уәжі – 2017 жылы заң шыққан, одан аттап кете алмаймыз, – дейді табиғат сақшылары.

МҰТП қызметкерлерінің санағы бойынша, биыл аю саны – 340, қар барысы – 11, тау сусары – 12, аю – 340, қасқыр – 146, қабан шошқа – 190-ға жеткен. Осы жылы аю мен қасқырдың, қабан шошқаның саны артқан.  

– Көктем ерте шықты, қазір бірде-бір жеміс-жидек жоқ, бәрі үсіп кетті, аюдың тамағы сол, ашығады, ашыққан соң малға шабады, бір дәндеп алған соң, қайта-қайта ауылға түседі олар. Табиғаттан қажетті азық қорын алмаған соң, жыртқыштардың малға шауып жатқаны сол себептен, – дейді Е.Қасымов.

Табиғат жанашырлары алдаағы уақытта Ресейдегі Катунь биосфералық табиғи қорығына барып, сол аумақта қар барысын фототұзаққа түсіріп алуды жоспарлап отыр.

 

Тимур Серікхан

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

 

Серікхан, Т. Алтайдың аң-құсын қызғыштай қориды / Т. Серікхан // Ақиқат. - 2025. - №9. - Б. 92-94

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений