kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Қаба сөзі - моңғол тілінен аударғанда ағыны қатты көп су тамшылары бар дегенді білдіреді. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында Қаба атымен аталатын бес өзен бар, осы аймақты Қаба өңірі деп атайды. Ал Қытай мемлекетінде Алтай аймағына қарасты Қаба деген аудан бар, ауданның атауы да осы Қаба өзеніне байланысты қойылған. Қаба дегенді негізінде бір ғана өзен емес, Қара Ертіске құятын тұтас өзендердің жүйесі деп түсіну керек. Бұл өзендердің ең негізгісі - шығыстағы мемлекеттік шекараны құрайтын Аққаба өзені, ол басын Бұқтырма өзені ағып шығатын мұздықтардан алып, солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады. Аққабаның сол жақ саласы Нарынқаба Қытай жерінде болса, оң жақ саласы Темірқаба біздің елде. Аққабаның бастау алар тұсынан әлдеқайда батысқа қарай, Алтай жотасының оңтүстік беткейінен Қарақаба өзені басталып, батыс бағытта ағып, оңтүстікке қарай кілт бұрылады. Жетікезең жотасына жете бірте-бірте шығысқа қарай бұрылып жарты шеңбер жасайды. Одан әрі Қарақаба Жаманқаба (Жаманқаба өзені бертінірек Сорвенок деп аталып, карталарда осы атаумен атлуда) өзенімен қосылып, тура шығысқа қарай бет түзейді. Содан кейін Арасанқабамен қосылып оңтүстікке қарай аласа жотаның жанымен ағады, одан әрі Аққаба өзенімен қосылғаннан кейін Қытай жерінде Қаба өзені деп аталады. Бүкіл бұл аумақ бірнеше таулармен кесілген, бұл өзендердің ирелеңдей ағыуына әсер етеді.

Қаба өңірінде Төсқайың, Балықтыбұлақ және Шанағаты деп аталатын үш жазық алқап бар. Төсқайың жазық алқабы сүйір, төбесі Төсқайың өзенінің Қарақаба өзеніне құяр жеріне қарай сұғынып, кең табаны Қызылкезең тауының оңтүстік беткейіне тірелетін үшбұрышты құрайды. Батысындағы жота жазық алқапты Марқакөл көлінен бөлсе, шығысындағы ағашсыз аласа, толқынды тау жоталары Балықтыбұлақ жазығымен бөліп жатыр. Төсқайың жазық алқабы солтүстіктен оңтүстікке қарай 10 шақырымдай, ал солтүстігінде 15 шақырымдай қашықтыққа созылып жатыр. Алқаптың ортасында оңтүстікке қарай Төсқайың және Қайыңды өзендері ағып жатыр.

Екінші Балықтыбұлақ (Арасанқаба деп те аталады) жазық алқабының пішіні Төсқайың алқабына ұқсайды, ол да оңтүстікке қарай сұғынып жатқан үшбұрыш формалы, айырмашылығы оның сүйір бұрышы қиғаштала біткен, ал аумағының көлемі әлдеқайда үлкен. Балықтыбұлақ жазық алқабы көлемі жағынан ең үлкені. Марқакөл өңірі

Үшінші Шанағаты жазық алқабын солтүстігінде Балықтыбұлақ алқабымен Шанағаты жотасы бөліп жатыр, шығысында Сарыжүрек тауымен, оңтүстігінде Керегейтас, батысында Шанағатыбике тауларымен шектеледі. Шанағаты жазығы солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 12 шақырымға созылып жатса, ені 6 шақырымға дейін жетеді. Мұнда ағаштар көп, әсіресе батыс беткейлерінде қарағай ағаштары қою өскен. Жазық бойымен оң жақ саласын Бүркітсай мен Қасқабұлақтан, сол жақ саласын Батпақбұлақтан алатын Шанағаты өзені ағып жатыр.

Жоғарыда аталған жер-су атауларының барлығы сонау 19 ғасырдың соңындағы орыс тарихшысы Е.Ф.Шмурлоның еңбектерінен алынды, барлығы да қазақ тіліндегі атаулар, қазір осы атаулардың кейбіреуі жоқ та болуы немесе орыс тіліндегі атаумен аталуы мүмкін.

ХХ ғасыр бедеріндегі қазақ ғылымының Атилласы іспеттес Әлкей Марғұлан 1926—1927 жылдары СССР Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай экспедицияларының жұмысына қатынасады. Осы экспедицияның қорытындысы бойынша Ә.Марғұлан 1930 жылы Ленинградта басылып шыққан «Наймандар» атты жинағында былай деп жазады: «Қазақстан экспедициясының антропологиялық отряды негізінен Қаратай, Қарагерей және Төртуыл рулары мекендеген аймақтарда болып, зертеу жұмыстарын жүргізді. Қаратайлар Алтай тауларын мекен етеді, олар негізінен Беске, Шоңмұрын және Бораншы руларына бөлінеді. Олардың ішінде Беске мен Шоңмұрын Күршім-Алтай болысының (Жалғызтау) шекарасынан бастап Бұқтырма өзенінің солтүстігі бойымен шығысқа қарай, Мұзтау тауының батыс етегі мен Қошағашқа дейінгі аумақты алып жатыр. Беске және Шоңмұры руларының жаз жайлауы Мұзтау тауының батыс жағындағы Шабанбай жайлауы. Бұл жер Жон деп те аталады. Осы жердің Шабанбай деп аталуы жайлы мынадай әңгіме бар: Ертеректе қаратайлармен Қытай жеріндегі керейлер арасында қақтығыстар болып тұрған. Бірде Керейлер қаратайлардың 7-8 жүз шамасындағы жылқы үйірлерін барымталап, бірақ жер жағдайын білмегендіктен өткелі қиын батпаққа кездесіп, батпақтан өтуге тырысып жатқан кезде қуғыншы қаратайлықтар келіп жетеді. Сол жерде болған қақтығыста керейлерді бастап келген Шабанбай деген батыры қайтыс болады. Содан бастап бұл жер Шабанбай деп аталып кеткен екен.

Мұса Рүстемұлының айтуынша, қаратайлар бұрын (1864 жылға дейін) Бұқтырма өзенінің оңтүстік жағалауында тұрып, Марқакөл мен Бұқтырма арасында көшіп-қонып жүрген. Орыс қоныстанушылары келгеннен кейін, оларды бұрынғы көшпелі мекендерінен ығыстырған. Мұсаның айтуынша, 1866 жылы қазіргі Солдатовка, Медведка және Березовка сияқты ауылдардың учаскелері қаратайлықтардың мекені болған. Бұл жерлерді орыс қоныстанушылары басып алғаннан кейін қаратайлар Мұзтау туына қарай, яғни Бұқтырма өзені аңғарының солтүстік беткейіне қарай қуылған.

Қаратайдың ішіндегі Бораншы руы Катонқарағай ауылынан бастап шығысында Алтай болысымен шектесіп, Марқакөлге дейінгі аумақты алып жатыр. Сарыалқа, Сарымсақты, Таутекелі сияқты ең биік тауларда және Нарын мен Алтай өзендерінің жағасын мекендейді. Қаратай қыстаулары Бұқтырма өзенінің екі жағалауында және негізінен Тарбағатай тауының солтүстік беткейінде орналасқан. Тарбағатай тауынан және Бұқтырма өзені бойымен бұл қыстаулар батысқа қарай Алтай болысына дейін, ал шығысқа қарай Рахман бұлақтары мен Қошағашқа қарай ұзын тізбек болып созылып жатыр.

Қаракерейлердің жаз жалаулары бұрын Марқакөлдің оңтүстік-батыс жағалауы, содан кейін Ақжайлау және Қаражайлау болған, күзеулері Бастерек, Ортатерек және Аяқтерек болған. Қазіргі уақытта бұл жерлердің барлығын орыс шаруалары мекендейді. Қаракерейлерден Марқакөлге жаз мезгілінде тек бай адамдар ғана жайлауға шығады, кедейлер ол жерге жете алмайды, себебі оларда көшетін көліктері болмады. Сондықтан олар орыс ауылдарының маңында тұрады. Олардың кейбіреулері өз шаруашылықтарын жүргізсе (әрине, егіншілікпен азды-көпті қаражаты барлар айналыса алады), ал басқалары орыс шаруаларына малшы немесе жұмысшы болып жалданады. Мұндай шаруа жұмысшылары әсіресе Успеновкада (Ақжайлау), Николаевкада (Ортатерек), ал ең көп саны Алексеевкада (Бастерек, 80 шаруашылығы бар). Қаракерейдің байлары аралары алыс болса да, малдарын жақсы жайылымдарда бағу үшін Қара Ертіс пен Марқакөл арасында қоныс аударады, ал кедей шаруашылықтар отырықшылдыққа бейім. Олардың негізгі кәсібі - егіншілік. Соңғыларының мысалы ретінде Қара Ертістің оң жағалауында және Алқабек өзенінің бойында тұратын қаракерейлерді айтуға болады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі Қаракерей руынан тараған Қожамбет руына қатысты.

Қожамбеттер мекен ететін аймақ Қалжыр мен Алқабек өзендерінің арасындағы кең аңғарларда, шығысында Марқакөл (жазғы жайлаулары) және батысында Қара Ертіс (қыстақтары) өзендерімен шектеседі. Қожамбеттердің қыстақтары Дерелітау мен Қара Ертіс арасындағы аңғарларда орналасқан. Олардың тығыз қоныстанған аудандары - Сарыөлең және Мырзатау.

Төртуылдарға келетін болсақ, олар қожамбеттермен (қарагерейлер) бірге дерлік тұрады деп айтуға болады. Дегенмен, Төртуылдың негізгі аумағы Қара Ертіс өзенінің сол жағалауы болып саналады. Бай Төртуылдар жаз мезгілінде малдарын Қара Ертіс өзенінен өткізіп, Марқакөлге жайлауға шығады. Сондай-ақ, көлдің оңтүстік жағалауында қожамбеттердікіндей өз жайлаулары бар. Төртуылдардың Марқакөлде жайлауда болу мерзімі екі айға созылады (маусым және шілде), содан кейін олар жол бойында уақытша аялдамалармен қысқы мекендеріне (Қара Ертіс) қайта қоныс аудара бастайды.»

Тархшы, археолог Пахомов Е.А. «Киргизское хозяйство на Ак-Кабе и верхоовьях Курчума» деген мақаласында осы өңірдегі қазақтардың тұрмысын, қоғамдағы экономикалық қатынастарын зерттеу қорытындыларын келтіреді. Осы мақалада төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «Қырғыздар бұл жерлерге қанша уақыт бұрын қоныстанған? – деген сұрағымызға олар келіскендей: 150 жылдай бұрын деп жауап береді. Жоңғар патшалығын 152 жыл бұрын қытайлар жойып, қырғыздар қалмақтардан бос қалған жерлерді мекендей бастағанын тарихтан білеміз. Сондықтан қырғыздардың берген жауаптарын дұрыс деп санауға болады.

Аққаба мен Бұғымүйізді мекендейтін қырғыздар келесі руларға жатады: Дәулет, Самай, Сарғалдақ, Төртуыл, Шоңмұрын, Шеруші, Андағұл және Шимойын. Бұл рулардың көпшілігі Қаратай руының құрамына кіреді, ал басқалары Төртуыл руының құрамына кіреді. Біріншілері Өскемен уезінің Шыңғыстай болысын, ал екіншісі Зайсан ауданының Қара Ертіс болысын құрайды. Аққаба мен Бұғымүйіз бойында тұратындардың барлығы Шыңғыстай болысының құрамына кіреді. Қаратай руы да, Төртуыл руы да одан үлкен Найман руына бірігеді.»

Жоғарыдағы деректерден және тағы да басқа тарихи деректерге сәйкес 18, 19 ғасырларда Марқакөл және Қаба өңірлерін қазақ халқының найман, керей рулары және ішінара ұранхайлар мекен еткендігін көреміз.

Осы өлкелерге орыс ұлтының өкілдері қай уақыттан бастап, қай жақтан келіп қоныстанды деген сұрақ туындайды.

1869 жылы демаркациялық комиссия шекаралық аймақтарды аралау кезінде Алтай жотасының арғы жағында, сол кездегі Қытай жерінде орыс халқының пайда бола бастағанын атап өтеді. Балыққа толы Марқақөл көлі, аңға бай Қаба ормандары мен аңғарлары аңшылық пен балықшылыққа жаны құмар орыс халқының назарын өзіне ерте аударған еді. Осылайша шекара да Алтай тауларының биік шыңдары да оларға кедергі бола алмады. Ол кезде орыс адамы бұл жерлерге уақытша қонақ ретінде ғана бара алды, бірақ олардың экономикалық қызығушылығы, күн көріс үшін жаңа жерлердің қажеттігі күннен-күнге арта түсті. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» - дегендей 1881 жылы Петербург келісімі жасалып, осы аумақтағы шекара мәселесі қайта қаралады да Қаба алқабы мен Марқакөл көлі және тағы да басқа көптеген жерлер Ресейдің құрамына кіреді. Келісімге қол қойыла сала ақ орыстардың алғашқы содырлары мен отарлаушылары Қаба өңіріне ағылып келіп қоныстанып, Марқакөл көлінің жағасында шағын балық аулайтын қоныстарын сала бастайды. Уезд әкімшілігінің қарсылығы мен тиымы нәтижесіз болады. Алайда, орыс шаруалары шекара орнатылғанға дейін Қытай аумағына қарасты шекарадан әлдеқайда тыс, Аққаба мен Қара Ертістің өзендерінің қосылатын жеріне дейінгі жерлерді иемденбей тынышталмайды.

Петербург келісіміне сәйкес 1883 жылы демаркациялық комиссия шекараны Алтай жоталарынан оңтүстікке қарай, қазіргі шекара өтіп жатқан жерге дейін жылжытып, Марқакөл, Қаба өңірлері Ресей мемлекетінің құрамына кіреді. (Ол туралы «Петербург келісім шарты» атты мақаламда жазылған.) Шекараның жылжытылып Марқакөл көлі және оның маңындағы таулар мен аңғарлардың Ресей мемлекетінің құрамына кіруі, орыс халқының Алтай жоталарынан асып осы өңірге уақытша емес, тұрақты тұрғыны ретінде белсенді көшуіне ықпал етті.

Жергілікті билік жаңа жерлермен танысып үлгергенше Қаба өңірінде орыстардың алғашқы үйлері (изба) пайда бола бастайды. Оларды есепке алғанша бұрынғылары жаңа толқынмен көбейе береді, қоныс аударушылардың барлығы тұрақты мекендеп қалмағанмен жаңа көшіп келушілермен толыға береді. Қоныс аударушылар жаңа жерлергеге бірден қоныстанбады, жыртылған егістіктерін тастап, бөрене үйлерін қалдырып немесе жаңа жерлерге көшірді. Бұл, толық мағынасында, алдын ала барлаусыз, жақсы жерлерді көзссіз іздеу еді. Қарақабаға ең алғашқы қоныстанған орыс шаруалары Егоров және Филонов деген адамдар, олар алғашында қазіргі Төсқаың ауылының орнына емес одан 5 шақырымдай жерде қоныстанды, олардың тастап кеткен үйлерінің қалдықтары біршама уақытқа дейін көрініп жататын.

1884 жылы Печи, Коробиха, Сенное және тағы да басқа ауылдардың тұрғындары қазіргі Төсқайың ауылының тұрған жеріне қоныс аударуға сұраныс жасайды. Жергілікті билік оларға күту керек екенін ескерткенмен, олар сұраныс бергенге дейін ол жерге көшіп барып қойған еді. Олардан басқа көптеген орыс ұлтының өкілдері рұхсатты күтпей ақ Қаба өңіріне көше бастайды. Жердің шалғайлығы және әкімшілік бақылаудың болмауы Каба аймағының алғашқы пионерлеріне лашық пен киіз үйлерін ағаш лашықтармен ауыстыруға, ағаштарды кесуге және қарапайым болса да егістік жерлерді иемденуге мүмкіндік берді. 1886 жылдың тамыз айына қарай Қаба аймағында 200 ер адам қоныстанып қойған еді.

Қаба аймағына орыстарды қоныстандыру үшін билік 1887 жылдың жазында Семей облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Зайсан және Өскемен уездеріндегі шекара аймағын егжей-тегжейлі зерттеуге уақытша жер комиссиясын ұйымдастырады. Комиссияға қоныстану орындарын анықтау және кем дегенде егістікке жарамды жер көлемін шамамен анықтау міндеті жүктелді.

Әскери старшын Нарбут басқарған комиссия Ресей құрамына кірген Қаба және Марқакөл аймақтарын зерделей келе қоныс орындарына жарамды, бірақ байланыс жолдарынан алыс, сатуға тиімсіз және қырғыздар үшін қажетті төмендегі жерлерді атап көрсетеді. Комиссия мұнда төрт қоныс орнын бөледі: Төсқайың (Қарақаба деп те аталады) өзенінің бойында 5000 десятина жер; Арасанқабада 15000 десятина жер; Шанағатыда 5000 десятина жер; және Ақжайлауда 5000 десятина жер. Сонымен қатар, Теректі тау жоталарында 2500 десятина жер.

Қаба өңіріндегі үш ауылда қоныстанған орыс шаруалары тұрақты мекен етіп қалған жоқ, олар көшпелі болды, орыс халықының шағын көші-қоны болды десек те болғандай, адамдар толқыны көшіп келіп, кідіріп, одан әрі көшіп, қайтып оралып, бірінің орнын бірі ауыстырып, бірінен соң бірі көшіп келіп жатты. Әрбір көшпелі тобыр уақытша мекен еткен жерлерінде белгілі бір белгі қалдырды, әрбір көшіп кету бірнеше мүшенің жоғалуымен қатар жүрді, бірақ бұл шығын көп ұзамай басқа тобырмен өтелді, ал үзілген бөлік өз кезегінде жаңа топқа қосылды немесе жаңа топтың мүшесіне айналды. Қоныстанушы орыстардың көпшілігі Томск губерниясынан, Бискі округінен келді. 1889 жылғы 13 шілдеде Европалық Ресейден Сібірге көшу еркіндігі туралы заң қабылданғаннан кейін Самар губерниясынан да көшіп келушілер болды.

Қаба өңіріндегі ауылдарға орыстар ерте қоныстанғанмен басшылық ресми түрде Төсқайыңға 1890 жылдан, Шанағатыға 1891 жылың мамырынан, Балықтыбұлаққа 1892 жылдың қыркүйегінен бастап қоныстануға рұхсат береді.

Орыс шаруаларының Төсқайың, Шанағаты және Балықтыбұлақ ауылдарына көші-қоны туралы1883-1896 жылдардағы мәліметті төменнен көруге болады.

Төсқайың ауылы

1883 ж. – алғашқы қоныстанушылар

1886 ж. – 200 ер адам

1887 ж. – мөлшермен 30 отбасынан кем емес

1888 ж. – мөлшермен 60 отбасы шамасында

1889 ж. – 24 отбасы (98 ер адам, 73 әйел) 171 адам

1890 ж. – 17 отбасы (80 ер адам, 54 әйел) 134 адам

1890 ж. 6 қыркүйек – барлығы Шанағатыға көшіп кеткен

1891ж – 17-18 отбасы

1892 ж. – 14 отбасынан кем емес (екі отбасы Балықтыбұлаққа көшіп кеткен)

1893 ж. – 8 адам

1894 ж. – 7 отбасы (28 ер адам, 18 әйел) 46 адам

1895 ж. – 9 отбасы (30 ер адам, 25 әйел) 55 адам

1896 ж. шілде – 17 отбасы (56 ер адам, 51 әйел) 107 адам

Шанағаты ауылы

1884-1886 ж. – уақытша 100 адамға дейін

1889 ж. - алғашқы қоныстанушылар

1890 ж. 6 қыркүйек – 17 отбасы (80 ер адам, 54 әйел) 134 адам

1892 ж. 1 қаңтар – 22 отбасы (87 ер адам, 66 әйел) 153 адам

1893 ж. – 12-23 отбасы арлығында

1894 ж. 1 қаңтар – 8 отбасы (43 ер адам, 22 әйел) 65 адам

1895 ж. – 8 отбасы (40 ер адам, 26 әйел) 66 адам

1896 ж. – 45 отбасы (142 ер адам, 116 әйел) 258 адам

Балықтыбұлақ ауылы

1887-1888 ж. – уақытша көшіп келушілер

1889-1890 ж. – 4 отбасы

1891 ж. – 8 отбасы

1892 ж. – 13отбасы

1893 ж. – 9 отбасы

1894 ж. – 23 отбасы

1895 ж. – 24 отбасы

1896ж. шілде – 46 отбасы (115 ер адам, 125 әйел) 240 адам

1903 жылы Алтай тауларының етегінде Теректі жазығында үш орыс ауылы пайда болады. 1907-1908 жылдары Теректі мен Марқакөлдің арасындағы Ақжайлау телімінде, Күршім өзенінің алғашқы ширегіндегі Қаражер телмінде және Қарақаба өзенінің Аққаба өзеніне құяр жеріндегі Ашалы телімінде де рұхсатсыз орыс ауылдары пайда болады. Көші-қон ұйымы бүкіл Қаба алқабын және Марқакөл көлінің жағасының төрттен үш бөлігін көші-қон ауылдарының иелігіне береді. Осы жерлердагі қазақтар, нақтысында Шыңғыстай болысының қазақтарының бір бөлігі жерлерін басып алып, ығыстырылуына байланысты 1898 жылдры Қытайға өтеді, бір-екі жылдан кейін жадап-жүдеп қайта оралып, Бұғымүйіз және Аққаба телімдеріне келіп аз жерді қанағат етіп мекендейді.

1908 жылы Ащыбұлақ, Аққаба, Башиянжүрек, Шыбындыбұлақ, Тосынтоғай, Бәйгекезең, Шоққайың, Ортабайтақ, Жылыбұлақ, Бүркітсай, Сарыжүрек, Өтекті, Байтақ, Кіреуде, Борандық, Бұғымүйіз және тағы да басқа телімдерде 140 қазақ отбасылары мекен етті. Олардың шаруашылықтары мөлшермен 25-30 мың десятин жерді қамтыды. Барлық адам саны 715 адам, олардың 384 ер адам, 331 әйелдер. Әр отбасына 5,11 адамнан келеді.

Жұмыс жасындағылар (ерлер 18-60 жас, әйелдер 15-55 жас аралығындағылар) барлық адамның 54,4 пайызын, балалар 41,5 пайызын, қарт адамдар 4,1 пайызын құрайды. Олар қыста 210 ағаш үйлерде, жазда 135 киіз үйлерде мекен етті.

Күршім өзенінің жоғарғы ағыстарының бойында: Ауақты, Сарытау, Қаражер, Шұбарағаш, Мойнақ, Маңғызыр, Жылытау, Қызылағаш, Батпақбұлақ, Байшуақ, Жондықарағай, Улы, Құлынжал, Қайыңдыбұлақ, Дөңгектөбе, Жартас, Үшбұлақ, Мойылдыбұлақ, Теріскейтүбек, Кеңсутүбек, Оралытүбек, Егінбұлақ, Құлайбұлақ, Қарағайтас, Томарбұлақ, Қияқсай, Құйынтүбек, Қызылқайың, Қарашуақ, Ағаштүбек, Баеке, Қызылжер, Теректі, Балабұлақ, Тегізбайтүбек, Сартүбек, Қалмаққора, Қайнарбұлақ, Құйғанқора, Терісаққан, Қарағайшат, Қызылтас, Айнабұлақ телімдерінде 311 отбасы мекендеді. Олардағы адам саны туралы деректер келтірілмейді. Кейбіреулерінің егістік егетін жерлерінде, шабындықтарында, жайлауларында қосалқы үйлері болды. Қазақтардың үйлерін, қосалқы құрылыстарын төмендегідей бөлуге болады: 1) қыстақ үй, яғни, пешімен қыстық жылы үй; 2) ауыз үй, қойма ретінде, тамақ пысыруға арналған салқын үй; 3) малға арналған төбесі жабылған себет немесе қора; 4) әр түлікке арналған қоралар; 5) шөп қоятын қоршау; 6) монша. Әрине мұндай үй-жайлар байлар мен орта шаруаларда ғана болды. Похомовтың мақаласында Баянбай Телеміс және Мешел Тестембек деген екі орта шаруаның үй жайларының өлшемдері беріледі.

Марқакөл және Қаба аймағына 1883 жылдан бастап орыс халқы келіп қоныстаған уақыттан бастап өлкенің шұрайлы жерін иемденіп, ол жердегі қазақ халқын тау-тасқа, шабындығы жоқ, егістік өспейтін қолайсыз жерлерге ысырып, егін саларлық, отырарлық жерден құралақан қалдырады. Осы аймақтағы жер-су атауларының көпшілігін орыс тілінде қата атайды. Оның салқыны әлі күнге дейін сезіледі. Атап айтар болсақ Төсқайың ауылының атын орыстарды осы өлкеге көшіп келуіне атслысқан Хирсанф Бобровтың атына Бобровка деп, Шанағатыны - Орловка деп, Балықтыбұлақты - Владимировка деп, Бұғымүйізді - Сорвенка деп, Ақжайлауды – Успенское деп орыс мұжықтарының аттарымен атайды. Жер-су атауларында: Қарақабаны – Сорва, Жаманқабаны – Сорвенка, Таутекеліні – Яманушка, Теректіні – Тополенка, Мойылдыны – Черемушка, Қарағашты – Еловка деп атаса, қазақша атаулары бар өзен-бұлақтарға Проходный, Тихушка, Уранхайка, Черемонки, Собольный мысь және тағы да басқа атаулар беріп, айдар тағады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ауылдаарымыз өздерінің бұрынғы атауларын қайтарғанмен, жер-су атауларының көпшілігі карталарда өзгеріссіз қалуда.

Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений