kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Шығыстың інжу-маржаны, құт қонып, ырыс дарыған, ілгеріден өзінің бірегей тұмса табиғатымен дүйім жұртшылыққа мәлім Катонқара­ғайдың аудан ретінде қайта жанданғанына екі жылдың жүзі болды.

Ел Президентінің Жарлығымен жүзеге асқан бұл айтулы оқиға болғанда, Төр Алтайдың баурайын жайлаған барша катонқарағайлықтар қуаныштан бөркін аспанға атты.

Осы бір азғантай уақыт ішінде жаңадан құрылған ауданның бойына қайтадан қан жүгіріп, екінші тынысы ашылды. Аудан орталығы мен елді мекендер тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, тұрмысын жақсарту жолында ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарыла бастады. Катонқарағай ауданы

Қазір дамудың даңғыл жолына түскен жаңа ауданның тізгінін ұстаған аудан әкімі Данияр Дүйсембаев – Катонқарағайды Тәуелсіздік жылдарынан бері басқарып келе жатқан оныншы басшы. Ауданның бүгінгі жай-күйі мен болашаққа қойылған келелі істер жайында аудан әкімінің өзімен жүздесіп, сүбелі сұхбат құрудың сәті түсті.

– Данияр Бекқазыұлы, Катонқарағай ауданының басшылық тізгінін ұстағаныңызға бір жылдан асты. Жаңадан құрылған өңірге басшы болу толағай жауапкершілікті артады. Осы ретте ауданға әкім болып келген кезде өзіңізге қандай міндеттер жүктелді?

– Рақмет! Иә, расымен де, шығыстың киелі Катонқарағай жеріне басшы болу – маған облыс әкімі мен аудан тұрғындарынан көрсетілген жоғары мәртебе, сонымен бірге зор сенім мен жауапкершілік. Аудан әкімі боп тағайындалған соң маған осындағы халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру, экономикалық даму қарқынын арттыру міндеті жүктелді. Ең әуелі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа ала отырып, жергілікті халықпен тиімді байланыс орнатуға, олардың өзекті мәселелерін шешуге ерекше назар аудардым.

– Ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тоқталсаңыз.

– Осы жылдың тоғыз айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіші бойынша былтырғы жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда, әлдеқайда өсім байқалып отыр. Мәселен, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 млрд теңгеге жуықтады немесе өсім 164,5 пайызды көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі 700 млн теңгеден асты немесе 175,5 пайызға өсті, негізгі капиталға 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, былтырғы жылға қарағанда 192%-ға артқан (2024 жылы 13 млрд теңгені құ­рады). Оның ішінде негізгі капиталға салынған жеке инвестициялардың көлемі 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 24,7 млрд теңгені құрады (2024 жылы 5 млрд теңге) немесе былтырғы жылғы деңгейден 5 есе артқан. Өткен 9 айда құрылыс жұмысының көлемі де өсті, 4 088 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өсім 164 пайызды көрсетті. Жоспарланған міндеттердің бірде-біреуі назарымыздан тыс қалмай, оңды атқарылып отыр деуіміз керек.

– Катонқарағай жеке дара аудан болысымен өңірде құрылыс жұмысы қарқын алды. Осы бағытта атқарылған жұмысты нақтылап өтсеңіз.

– Әуелі, Катонқарағай ауданының әкімшілік ғимараттары мен әлеуметтік нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Үкіметінің резервінен және облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, ауданның әкімшілік орталығы Катонқарағай ауылындағы аудан әкімдігі, полиция бөлімінің, сот, прокуратура, «Қазақтелеком», ветеринариялық зертхана ғимараттары, «Қаратай» спорт кешені күрделі жөндеу көрді.

Аудан орталығындағы көппәтерлі 3 үй қайта қалпына келтірілді. 2024 жылы Катонқарағай ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 1755 м² болатын 24 пәтерлік 12 тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді. Биыл 12 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталды. Бұл үйлер аудан елді мекендерінде салынды.

2024 жылы Мемлекет басшысы өз Жолдауында тағы бір жаңалықты жеткізді. Ол аудан аумағындағы бұрын-соңды болмаған халықаралық әуежайдың салынуы. Бүгінде әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп, тиісті жұмыс бір сәтке де толастаған жоқ. Келер жылы әуежай қолданысқа берілсе, еліміз бен алыс-жақын шетелден өлкемізді көруге асық қонақтарымызды көрер күн алыс емес.

Катонқарағай туристік өңір болғандықтан, Қаракөл көлі туризмді дамыту тұрғысынан үлкен әлеуетке ие, мұндағы Ақ Берел өзенінен өтер ағаш көпір 1974 жылы салынған. Катонқарағай ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «KF КТ-473 Қаракөл көліне кіреберіс автожолындағы Ақ Берел өзенінен өтетін көпірді реконструкциялау» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледі. Жобаны іске асыру құны 592 млн теңгені құрайды. Бүгінде құрылыс жұмысын бастауға облыстық бюджеттен 176 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қайта түлеген өңірдегі тұрғындардың тұрмысын жайлы, өмір сүру сапасын арттыру үшін әуелі әлеуметтік нысандар толыққанды жұмыс істеуі керек. Мәселен, Топқайың ауылында Республика күні қарсаңында ауызсу желілері қайта жаңғыртылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Бұл нысанда жауапсыз мердігердің салдарынан бірер уақыт құрылыс жұмысы тұралап, қолданысқа берілуі мерзімінен кешеуілдеп қалған. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тікелей бақылауының арқасында ауызсу нысанына тиесілі жұмыс биыл қарқын алып, сәтімен аяқталды. Нысандағы жұмысты SELuX ЖШС қолға алып, ауыл тұрғындарына елдік мереке қарсаңында айтулы сый жасады.

Катонқарағай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені де жақында пайдалануға берілді. Бұл нысанның құрылысы да бірнеше жылға созылып, белгіленген жұмыс тоқтап қалған еді. Кешеннің құрылысын қолға алған мердігерлік ұйым жауапсыздық танытып, жұмысын аяқсыз қалдырды. Кейіннен қалған құрылыс жұмысын жергілікті кәсіпкерлер ALASH QURYLYS QZ мердігерлік ұйымы өз жауапкершілігіне алып, соңына дейін атқарып шықты. Жаңа спорт кешені – салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға арналған маңызды әлеуметтік нысан. Ғимарат ішінде бірнеше спорттық зал, заманауи спорттық құрал-жабдықтар, көпшілікке арналған суда жүзу жабық бассейні де бар.

Сонымен бірге Катонқарағай ауылында су құбыры желілері мен нысандарын жаңарту бойынша ауқымды жоба аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны – 4,4 млрд теңге. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 76,792 шақырым. Аудан орталығында тартылып жатқан су құбыры желілері аяқталғанда мыңнан аса тұрғын таза әрі сапалы ауызсумен қамтылады.

– Көші-қон үдерісін тұрақтандыру және тұрғындар санын арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Иә, бұл бағытта да нәтижелі жұмыс бар. 2025 жылы қоныс аудару бағдарламасымен еңбек күші артық өңірлерден Катонқарағай ауданына аймақтық квота шеңберінде 9 отбасы, барлығы 24 адам қоныс аударды. 50 адам өңірімізге қоныс тебуге әзір, квота күтіп отыр. Аймақ басшысының тапсырмасымен шалғайдағы аудандарға дәрігер мамандарды тарту бағдарламасы аясында Астана, Шымкент қалаларынан аудандық ауруханаға 7 маман жұмысқа келді. Хирург, терапевт, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, көз, реаниматолог дәрігерлер аудан медицинасының әлеуеті мен тұрғындар санының артуына үлес қосты. Мемлекеттік қолдау шараларынан бөлек, дәрігерлер жергілікті әкімдік тарапынан тұрғын үймен қамтылды. Биылғы қазанда Шым­кент қаласында өткен бос жұ­мыс орындары жәрмеңкесінің нә­тижесінде Шымкенттен 68 отбасы, Сарыағаш ауданынан 24 отбасы ауданымызға көшіп келуге ниетті. Аудандық Мансап орталығының осы бағыттағы нәтижелі жұмысы жоғары бағаланып, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аймақта «Үздік Мансап орталығы» атанып, облыс басшылығы тарапынан Chevrolet Cobalt автокөлігіне ие болды.

– Халқымызда «Жол азабын жүрген біледі» деген ертеден қалған тәмсіл бар. Катонқарағай ауданында жолдардың жөнделуі бойынша қандай жұмыс атқарылды?

– «Жол мұраты – жету...» демекші, өңірлердегі барлық саланың дамуы, әсіресе сауда-саттықтың, сол арқылы экономикамыздың өркендеуі жолдарымызға да байланысты. 2025 жылы жолдарды жөндеу бойынша 6 жоба жоспарланған. Жобаларға барлығы 1,35 млрд тенге бөлінген. Атап айтқанда, аудандық маңыздағы автомобиль жолы туристік нысандарға кіреберіс және шығыстағы ең бірінші елді мекен Аршаты ауылына кіреберіс жолының 0-12,8 шақырымына асфальт төселді. Согорное – Барлық – Ақсу жолының 28-41 шақырымына, Жазаба ауылына кі­реберіс жолының 0-6 шақырымына жөндеу жұмысы жалғасуда. Катонқарағай ауданының Қо­ро­биха ауылына кіреберіс автомобиль жолының 16,5 шақырымының ағымдағы жөндеуі, Жаңа-Үлгі – Жамбыл – Берел жолының 0-12 ша­қырымына орташа жөндеуге дайындық жұмысы жасалып жатыр. Катонқарағай ауылының кө­ше­лерін орташа жөндеуге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 115 млн теңге бөлінді.

Республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары көлік жолының 437-450 шақырымдары орташа жөндеуден өтті. Атап айтарлығы, елімізге кеңінен танымал «Рахман қайнары» шипажайына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтіп, келер жылы толықтай аяқталады.

Жол жөндеу жұмысын ілгерілету үшін биыл ауданымызда жаңа асфальт-бетон зауыты ашылып, іс­ке қосылды. Бұл зауыт сағатына 80 тонна асфальт шығарады.

Катонқарағай ауылында көше жарығын орнату жұмыстарына жалпы 30 миллион теңге қаражат бөлінді. Жалпы саны 34 қырлы тірек пен 60 қарапайым тірек орнату, сондай-ақ 78 орынға кабельдер мен шамдарды ауыстыру жоспарланған. Қазір жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

– Катонқарағай ауданы туризмнің орталығына айналып келеді. Жыл­дан-жылға өңірге келетін де­малушылардың саны артып, туризмнің дамуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Осыған орай аудандағы туризмді дамыту бағытында қандай іс тындырылды?

– Катонқарағай – еліміздегі көз тартар туристік аймақтың бірі. Ауданға келетін демалушылардың саны жылдан-жылға артпаса, ке­міген жоқ. Былтыр ауданымызға 150 мыңға жуық турист келді. Биыл туристік маусым бастал­ған­нан бері туристердің саны 200 мың­ға жетті. Жазда ауданымызда ауқымды халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі, «Алтай – алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы, одан бөлек, жерлес жазу­шы­лар Қалихан Ысқақ пен Дидах­мет Әшімханұлының мерейтойларына орай өткен шараларға 10 мыңнан аса қонақ ағылды.

Туризмді дамыту жолында биыл ауданда 4 бірдей ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Ақшарбақ ауылындағы «Верх-Катунь» пантымен емдеу шипажайын кеңейту, Аршаты ауылында Altay Resort курорттық кешенінің құрылысы, Өрел ауы­лын­да­ғы MuzTau эко-отелі аумағында мей­рамхана салу, Катонқарағай ауы­лында ALTAY TERRA RESORT ту­­ристік кешенінің құрылысы жүргізілді. Одан бөлек, биыл қыркүйекте Өскеменде өткен халықаралық инвестициялық форумда Altai Taihe Real Estate Development Company Ltd халықаралық компаниясымен 8 млрд теңгенің жобасына, Pana Asia компаниясымен 6 млрд теңгеге туристік қалашығын салу бойынша меморандумға қол қойылды. Аудандағы туризмнің гүлденуіне Мемлекет басшысының Катонқарағай ауданында әуежай салу туралы шешімі де үлкен сер­пін берді. Әуежай Астана, Алматы, Өскемен, Семей қалаларына ішкі рейстерді, сондай-ақ Алтай мен Қа­нас (Қытай Халық Республикасы, Баян-Өлгей (Моңғолия) бағыттарын қамтамасыз етеді. Туризмді дамытуда «Ауыл аманаты» бағдарламасы да көп септігін тигізді. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасымен туризм бағытында 18 жоба ма­құлданды. Бұл жобалардың жалпы құны 246,5 млн теңгені құрады.

Сұхбаттасқан: Мадияр Төлеуов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений