Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар мен қарттарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі өңірлік орталық мамандары БАИ аясында кітапхана қабырғасында өтетін ақпараттық-оқыту семинарларына қатысып, үнемі кәсіби деңгейлерін көтеріп отырады.
Қымбатты достар!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша наурыз айында аталып өтетін айтулы күндер туралы хабардар етпекпін.Өлке тарихында өшпес із қалдырған танымал есімдер туралы айтуға кеш емес деп ойлаймын.
26 ақпан күні кітапханада №5518 әскери бөлімінің сарбаздары қонақта болды. Кітапханада алғаш рет болғандықтан, қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
23 ақпан күні кітапхана қызметкерлері «Алаш қозғалысына – 100 жыл» кітап көрмесімен Металлургтер мәдениет үйінде өткен Өскемен қаласының №6699 әскери бөлімінің үздік қызметкерлерін марапаттау кешіне қатысты.
21 ақпан күні Назарбаев зияткерлік мектебінің кезекті оқушылар тобы кітапханада ұйымдастырылған «Алаш қозғалысына – 100 жыл» атты ауқымды кітап көрмесін тамашалады.
17 ақпан күні А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы қызметкерлері Жамбыл атындағы гимназияның оқушылары мен ұстаздарын «Алаш қозғалысына – 100 жыл» ауқымды кітап көрмесімен таныстырды.
1-ақпан күні кітапханада Қалалық мешіттің имамдары мен мешітте ұйымдастырылып жатқан 2 айлық оқуға келген дәріс тыңдаушылары қонақта болды.
Қазақ –түрік лицейінің 10 сынып оқушылары кітапханада ұйымдастырылған «Алаш қозғалысына -100 жыл» кітап көрмесімен танысты.