- Қателік
-
- Failed deleting fbcf136170fec4b4074d2403f9146723.png
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 20 сәуір күні кітапханада ауқымды шара өтті. Кітапхананың пайдаланушылары мен оқырмандары үшін түрлі тақырыптық, қызықты кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Кітап мерекесіне жергілікті баспагерлер, авторлар мен жазушылар шақырылды. Қарт журналист Мәуітқазы Зүкенұлы, ақын
Бақытжан Райысова, ШҚМУ-нің оқытушысы Меруерт Төлеуханқызымен бейресми түрде өткен дөңгелек үстел отырысы жастар көңілінен шықты. Жастар тәрбиесі, ұлттық тәрбие, тіл мәселесі туралы келелі ойлар айтылып, ақын өлеңдері оқылды. М. Зүкенұлының сиясы кеуіп үлгермеген «Ауылдан шыққан асыл сөз» атты жинағы аты айтып тұрғандай, тек қана ауылдан жеткен асыл сөз, әңгімеден тұрады. Жинақтың жастарға берер тәрбие- тағлымы мол.