КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі әйгілі ұстаз, құрметті профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның үш томдық еңбегі жарық көрді.
Еңбек қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқуға негізделген. Оның бағдарламасы, әдістемесі, иновациялық технологиясы қоса берілген.
Тағы бір ерекшелігі – бұрынғы оқу бағдарламасына енбеген, бірақ сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген көрнекті қаламгерлердің туындылары да орын алған. Үштомдық еңбек «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның қолдауымен, құрастыруымен жарық көрген.
Оқу-әдістемелік құрал мұғалім-оқытушыларға, магистрант –студенттерге, мекетп оқушыларына арналған. Еліміздің білім беру ісінде түбегейлі өзгерістер болып жатқан кезде жарық көрген жинақтың оқырманға берері мол.
Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай кітапханада өткен көрме аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның қызметкері Анар Зайсанбайқызы осы үштомдықты кітапханаға сыйға тартты.