«Абайтанудың асқан білгірі»: Белгілі абайтанушы, ғалым текстолог, профессор Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған. Абайтануға өз үлесін қосқан ол М. Әуезовтан кейінгі екінші адам. Ұстазы М. Әуезовтың үлгісімен Абайды, оның ақындық айналасын зерттеуді өмірінің мақсатына айналдырды. Қ. Мұхамедханов Абай шығармалары текстологиясын терең зерттеген ғалым. 1959 жылы оның «Абай шығармаларының текстологиясы» атты еңбегі жарық көрді.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Қасым Бейсембиевтің есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол қазақ халқының қоғамдық және философиялық ойының даму тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан. Бірқатар ғылыми еңбектердің авторы: «XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы идеялық-саяси бағыттар», «Абай Құнанбаевтың көзқарасы», «Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары туралы».
800x600

Қазақ Географиялық Қоғамының Өскемендегі бөлімі шығарған бұл жинақтың бірінші шығарылымы алғашқы қазақ ғалымы, ағартушы-демократ, тарихшы, этнограф, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға жасаған ғылыми маңызы зор экспедициясының 150 жылдығына арналған.
Назарларыңызға Тұрағұл Құнанбаевтың «Әкем Абай туралы» бірінші естелігінің басылымын ұсынамыз.
Өлкетану электронды кітапханасы Кенді Алтай геологиясы бойынша кітаптардың электронды нұсқасымен толығуда.
Абайдың «Избранные стихи» («Таңдамалы өлеңдері») кітабына биыл 80 жыл толды.
Бүгін, 20 қазан – Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-полковнигі, жерлесіміз Федор Петрович Полыниннің туғанына (1906-1981) 110 жыл.