2027 жылға арналған күнтізбенің толық нұсқасын жүктеп алуға болады.
2026 жылға арналған күнтізбенің толық нұсқасын жүктеп алуға болады.
11 мамыр күні Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу кеші өтті. Кештің тізгінін ұстаған жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті жазушысы Қаңтарбев Әлібек ағамыз қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып өтті.
«Абай әлемі» кітаптар топтамасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдан бастап жарық көріп келеді. Осы уақыт аралығында «Абай әлемі» кітаптар топтамасымен оқырмандарын таным мен тағылым дүниесіне жетелер, көркем әдебиеттің кәусар шәрбатымен сусындатар тамаша шығармалар жарық көрді.
Ал биылғы жылы аталған кітап топтамасымен адамзаттың алтын бесігі – Алтай баурайындағы жер жаннаты – Катонқарағайдың киелі топырағында кіндік қандары тамған көркем сөздің қаймағын қаққан, руханияттың шырақшысы болған қос талантты жерлес мерейгер тұлғалар Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханұлының 2-томдық шығармалар жинағы жарық көргенін зор қуанышпен хабарлаймыз.