Құрметті оқырмандар!
Назарларыңызға 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесін ұсынамыз.
Қазақстанның 70 тарихи орны (Тарихи және географиялық орындардың суретті энциклопедиясы).-Алматы: Керемет медиа, 2017.-224 б.
Жинаққа еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді. Жинақтан орын алған атаулар сан ғасырлық қазақ тарихында айырықша маңызға ие болған. Олар небір тарихи оқиғаға, кезеңге байланысты немесе ерте дәуірлерден бері ұлтқа қоныс болған қасиетті мекендер.
Қазіргі Қазақстан ономастикасын қалыптастыруда бұл атауларды көшелерге, нысандарға беру жалпымемлекеттік, патриоттық сана – сезім қалыптастыруға оң ықпал етпек. Жинаққа ономастика саласының мамандарына, еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауымға арналады.
Шығыстағы бірнеше тарихи орындар Аягөз, Берел, Мұзтау, Семей, Тарбағатай, Шыңғыстау, Алакөл енгізілген. Біріншіден мұндай атаулардың жалпықазақстандық сана қалыптастыруда ерекше орын болса, екіншіден, бұл атаулар күнделікті өмірімізден орын алып, біздің қатпарлы тарихымызды, алуан географиялық байлығымызды, көрсетсе, үшіншіден, жас ұрпақ бойына туған ел мен жерге деген патриоттық сезімді қалыптастыруға да әсер етеді.
Қасымов А. Жол үстіндемін : Өскемен, 2020.- 356 б.
Кітап негізінен ғұмырнамалық эссе болғанымен, жарты ғасыр еңбек өтілі бар қолына қалам ұстап жүрген журналист болғандықтан, соңғы жылдары жазылған кейбір деректі дүниелер, саяхат сапарлары журналистік зерттеулер, естеліктері топтастырылған.
Бұл жинақты «Бұл пәниде мен не бітірдім?» деген пенделік сауалға жауабы немесе өзіне беріп отырған шығармашылық есебі деп те қабылдауларыңызға болады.
Кітап сіздің еншіңізде !
Қатонқарағай ауданының тумасы, жазушы, аудармашы Дидахмет Әшімхановтың туғанына 70 жыл (1950-2015)
ДИДАХМЕТ ӘШІМХАНОВ ТУРАЛЫ ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ
«Құдайсыздар» әңгімесін оқысақ, бүкіл момын қазақ елінің аянышты тағдырына түбегейлі көз жеткізетін тұтас әлемді көреміз. Япырмай, не сорақылықтарды көрген қайран халқым-ай демеске лажымыз жоқ. Мен өзім бұл әңгімені осы уақытқа дейін ешкім жазбаған классикалық әңгіме деп білем. Оның үстіне бастан-аяқ шынайылыққа құрылған кішігірім роман сюжетін арқалап тұр десем, жалған айтпағаным. Сейфолла ОСПАН,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Дидахметтің нағыз талантты жазушы екенін оның маған сыйлаған «Аққабаның толқыны», «Он біріншікүз», «Жер аңсаған Сарыатан», «Самырсын сазы» атты кітаптарын қызығушылықпен оқығанда ғана білдім... Ол көркем шығармаларында адамдардың сан қилы тағдыры мен моральдық-этикалық, тұрмыстық оқиғаларын жазуға шебер екен. Қаншама араласып жүрсем де, Дидахметтіңкеремет білімділігін, адалдығы мен адамдық қасиеті. Қайырды НАЗЫРБАЕВ.
Шығармаларымен біте қайнасып кеткенін, оның парасатты, ойшыл жазушы екенін кітаптарын оқыған соң ғана білдім. Шығармалары қазақ рухани мәдениетінің алтын қорына қосылған қазына екеніне шүбә жоқ! Ахметжан АШИРИ, ұйғыр жазушысы.
«Босаға» атанатын үштағанын, яки «Ақниет, «Жылыжайдың қияры», «Сары самауыр» деген үш әңгімесін қазақ әдебиетінің қай буын қаламгері, қандай туындысынан да кем соқпас классикалық дүниелер деп білемін. Д. Әшімханұлы – әңгіме жанрының айтулы шебері, қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгері. Құлбек ЕРГӨБЕК,
Абай ауданының тумасы, профессор, әдебиеттанушы, жазушы Рымғали Нұрғалиевтің туғанына 80 жыл (1940)
Ғалым Рымғали Нұрғали – ұлттық әдебиеттанудың сапалық тұрғыдан биік деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан тұлға. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, жазушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғали. Оның «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеуі әдебиеттің жүз жылдық келбетін тұтас күйінде зерделететін елеулі еңбек.
Рымғали Нұрғали 1940 жылы 1 маусымда Семей өңіріндегі Абыралы ауданының Қайнар ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң ол еңбек жолын “Лениншіл жас” газетінде бастап, кейін Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. Одан соң Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, профессоры, филология факультетінің деканы болды. 1986-1996 жылдарда Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясына басшылық етті. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді.
Р.Нұрғали қазақ театры мен драматургиясының тарихы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және басқа қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылығы туралы іргелі монографиялық еңбектер жазды.
“Шығыс шеңбері” тас жолының салына бастағанына 80 жыл (1940)
1940 жылғы мамырда – Шығыс өңірінде Семей мен Шығыс Қазақстан облысының 8 аудан орталықтарын және 700 ұжымшарларды өзара жалғастыратын «Шығыс шеңбері» атты күре жолдың құрылысы басталған.
42 күн ішінде ұзындығы 300 шақырымнан асатын жол салынған. Қалған құрылыс жұмыстары 30 күн ішінде 1941 жылы жаздың басында аяқталған. Жалпы 4 миллион текше метр топырақ және 400 мың текше метр қиыршықтас төселген. Ұзындығы 2 мың метрге жететін 381 көпір салынған.
Жұмыс қарапайым адамдардың қол күшімен жасалған. Жол жабындысын төсеу үшін каток пен грейдердің орнына - қол арба мен зембілдер, күректерді қолданған. 16 құрылыс учаскесінде 35-50 адамнан құрылған 532 жол бригадалары жұмыс істеген. Маман жетіспегендіктен Семей мен Өскемен қалаларында жол бригадирлерін, шеберлерді және есепшілерді даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған.
«Шығыс шеңберін» салу барысында жол жөндеушілер 72 күннің ішінде 135 кинокартина және 180 концерт тамашалаған. Сондай-ақ, бұл уақыт аралығында екі жарым мың адам оқу мен жазуды үйренген. 16 жол учаскесінде 18 жылжымалы кітапхана жұмыс істеген.
Щербаков Б. В. Шығыс Қазақстан-Еуразия жүрегі. - Өскемен: Восток-Печать баспасы,2017. - 1140 б.
Қазақстанның белгілі жазушысы, ғалым, табиғат зерттеушісі Борис Щербаковтың
көп жылғы еңбегі Шығыс Қазақстанның табиғатымен, геологиялық тарихымен тікелей байланысты. Кітапта облыстың қазіргі таңда қорғауға алынған аумақтары-қорықтар, қаумалдар, бірегей табиғи-аумақтық ландшафтар қамтылып, бүгінде жойылу алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктер сипатталған. Қазақ тіліне тәржімалаған жерлесіміз Қазақстан Республикасы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Азамат Тасқара.![]()
Бұл кітап арқылы сіз алғашқы зерттеуші-саяхатшылар, археологиялық жаңалықтар, аңыздар мен әпсаналар, осы өңірдің тарихына есімі енген тарихи тұлғалар-ақындар, жазушылар, суретшілер туралы
көп мағлұмат ала аласыз... Кейбір халық дәстүрлері мен аймақтық және планеталық деңгейдегі айтулы жайттар туралы баяндалады. Кітаптың негізгі тақырыбы-Шығыс Қазақстан табиғатының ерекшелігіне, Зайсанның құмды шөлдері, Алакөл ойпаты, Алтайдың мәңгі мұздақтары мен Сауыр -Тарбағатай жоталары секілді республикамыздың баға жетпес генофонды кіретін бай табиғи аймақтық кешеніне арналған.
Кітап мектеп оқушыларына, студенттерге, мұғалімдерге және Шығыс Қазақстанның табиғатына, оның өткені мен болашағына немқұрайлы қарайтындардың барлығына қызықты болатыны сөзсіз.