kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

 Тарбағатайлық ақын Әрімбек Мәселұлы 1940 жылы дүниеге келген.

Өнеріме тамыр-таныс, жұрт сыншы,

Оқырмандар бетті бері бұрсыншы.

Жер жүзіне таңдамалым таралып,

Том-том болып сөрелерде тұрсыншы!- деп жырлаған ақын кітапхана қорына үш томдық таңдамалы жинақтары мен «Тағдыр», «Тұлға» атты кітаптарын сыйға тартты. Таңдамалыға ақынның әр жылдар жарық көрген кітаптарынан үздік өлеңдері, баллада поэмалары мен толғаулары, сатиралық новеллалары мен шымшыма шумақтары, үшінші томына Тарбағатай өңіріндегі өнегелі отбасылар туралы деректер берілген.

«Тағдыр» жинағында заман рухын, дәуір тынысын сездіретін өлеңдер мен елге елеулі азаматтар жайында арнаулар топтастырылған. «Тұлға» жинағында ел мен жердің қарапайым адамдарын, ел тұлғасы- ел тұғыры дәрежесіне көтергісі келген ақынның өзі де Тұлғаға айналып кеткен зерделі оқырман сезетіні даусыз.

Туған жердің кіндігіне байланып,

Жатырмын мен жақсы жайлы ойланып,

Туған жердің «Тұғырына» тұрып ап,

Тұлғасына кеттім бүгін айланып!- деп жырлаған Әрімбек ақынның поэзия әлеміне қош келдіңіздер!

Maseluly knigi

 

                          

MalgagdarovaӘр өлкенің өзінің тарихы, киелі жерлері бар. Біздің Шығыс Қазақстан да осындай құпияға толы киелі жерлермен бай. 3-4 қазан күндері іс-сапармен Көкпекті ауданын барып қайттық. Осы сапарымызда Қалба тарихының сырымен, шежіренің жырымен, оқиғаның желісімен, Көкпекті ауылының тұрғыны, тарихшы, өлкетанушы Қайрат Малгаждаров мырза таныстырып, Көкпекті ауылынан 4 км ара қашықтықта орналасқан, жартастарда қашалып салынған таңбалы тастары бар Қаракезең асуына барып III (неолит, ерте қола, қола) дәуірді қамтитын кезеңнің құпиялы сырлары жайында қызықты деректерімен бөлісті.

Семинардың соңында «Көкпекті ауданының киелі жерлері» атты кітапшасын сыйға тартты. Кітапшаның ішіндегі көңіліме жаққан киелі жерлердің бірі - Апрым кесенесі. Қазіргі кезде әлемнің барлық жерлерінде қолданысқа еніп жүргін Буккросинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі, 1850 жылдары осы төңіректе өмір сүрген ауқатты шонжар Апрым сол кезде Буккросингті қолданған екен. Апрым асқан бай, әрі сауатты адам болған. Қолданылған кітапханасын кесене күмбезіне қойдыртқан. Көшпенді қазақтар дала кітапхана ретінде қолданып келген. Кеңес үкіметі орнауымен ескіліктің қалдығы ретінде жойылған. Қазір сыртқы тас дуалы, күмбездің қирандысы сақталған. Орналасқан жері - Биғаш ауылдық округінің орталығы, Биғаш ауылынан 15 км жерде Апрым қыстауының аумағында екен.

Бұл кітапшадан өз өлкесінің тарихын білгісі келетін әр оқырман өзіне қызықты ақпараттар алады деп ойлаймын.

#шығысқазақстан #пушкинкітапханасы #көкпектіауданы #киеліжерлер #қаракезең #апрымқыстауы

http://www.pushkinlibrary.kz/kz/

http://kray.pushkinlibrary.kz/index.php/kz

Tanbaly tastar       Aprym kesenesy

Тілдер мерекесі қарсаңында кітапхана қоры жерлес автор Қанат Мұратбекұлы Жүкешовтың «Философия языка» атты жаңа кітабымен толықты.

Кітапхана директорының орынбасары Меруерт Бауыржанқызы мен өлкетану секторының жетекшісі Зиза Мұхтарханқызы кітап авторы, ғалым –лингвистпен «Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесінің жанында кездесті.

Қанат Мұратбекұлы кітап көрмесі қарапайым оқырмандардың ғана емес, зерттеуші ғалымдардың да қызығушылығын тудыратын ауқымдылығына назар аударды. Кітапхана ғимараты, заман талабына сай жабдықталған оқу залының қызметіне көңілі толып, құрметті қонақтар кітабына пікір жазып қалдырды. Қанат Мұратбекұлы - 100 –ге тарта ғылыми еңбектің, 2 монографияның, 5 оқулықтың , 13 оқу құралының авторы.

Бүгінгі күні мемлекеттік тіл мәселесі, оның заман ағымына орай дамуы туралы келелі мәселелерді қозғауда.

Жаңа кітап өз оқырманын күтуде. Асығыңыздар!

Jukeshev 1    Filosofia jukeshev

Kaysenov 1Туған жеріне өлердей ғашық өлкетанушы Зейнолда Қайсеновтың « 1916 жыл Шығыс өңіріндегі халық көтерілісі», «Шығыс өлкесінің тарихи әдеби очерктері» атты кітаптары біздің қорға түсті.

1916 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы жерінде орын алып, тарихта «Орайшап» деген атпен қалған халық көтерілісіне 100 жыл толуына орай шығарылған. Тайынты болысында орын алған ұлт-азаттық көтерілісінің себеп-салдарын тереңдей зерттеп, елдің азаттығы үшін жанын қиған қасбатырлардың жанқиярлық ерліктерін кейінгі ұрпаққа паш етеді.

Толығырақ...

sauketaev KitapСәукетаев Тұрысбек (1950 ж.) – жерлес жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Тұрысбек Сәукетаевтің соңғы уақытта заманымыздың соқпалы кезеңдерін суреттейтін «Қилы тағдыр» атты романдар циклін жазып жүргені көзі қарақты оқырман қауымға жақсы таныс.

«Желқайық романы -сол цикльдің үшінші кітабы. «Ан-Арыс» баспасынан 2019 жылы басылып шықты. «Айқараңғысы», «Бұлағай» романдарының жалғасы. 
"Желқайық" -көп салалы күрделі роман.

Азаттық қарсаңындағы қазақ қоғамының әлеуметтік халі, рухани болмысы психологиялық кең ауқымды көркемдік қуатпен барынша шынайы суреттелген.
Кітап сіздің еншіңізде. Келіңіз, таныс болыңыз !

Foto ot 23 10Мамыр айының соңғы күні ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Нақ осы жылдары қазақтың ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері жаппай жазықсыз жазаға ұшыраған еді.

Сондай жазықсыз қуғын-сүргін зардабын тартқандардың бірі -  қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, тарихшы-ғалым,этнограф,  қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхамеджан Тынышбаев болатын.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  23 мамыр күні сағат 15.00 –де  кітапханада Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай  «Мұхамеджан Тынышбаев: Ғұмырдан да ұзақ жол» атты ғұмырнамалық кеш өтті.   

Толығырақ...

Достар!

Сіздерді және сіздің жақындарыңызды

Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Жауынгерлік ерлігімен, ерен еңбегімен Жеңіс күнін жақындатқан шығысқазақстандық жерлестерімізді құрметпен еске алайық!

Шығыс Қазақстан ҰОС жылдарында (1941-1945 жж.)

Әскерге шақырылғаны - 170059 адам.

Қаза тапқандар - 95 862 адам.

Жауынгерлік ерлігі үшін 29 мың шығысқазақстандық сарбаз Кеңестер Одағының орден-медальдарымен марапатталған.

Кеңес Одағының шығысқазақстандық батырлары - 109.

«Даңқ» орденінің шығысқазақстандық толық иегерлері - 22

Шығыс Қазақстан аумағында 8-ші және 238-ші атқыштар дивизиясы құрылды.

Қоныс аударып келген 12 кәсіпорын орналастырылып, іске қосылды.

Жауға атылған әр 10 оқтың 4-уі біздің облыста, әр 10 оқтың 8-і Қазақтанда жасалған еді. 

Kazakstan RossiyaЖыл сайын шығатын «Қазақстан-Ресей» әдеби-көркем альманағының төртінші басылымы 2018 жылы  өзінің 20 жылдығын атап өткен Астананың мерейтойына арналады. Жинақта Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразияның жүрегінде жаңа астана тұрғызудағы рөліне арналған шығармалар. Альманахқа  Астанада өткен «Ақ ордалы-Астана» халықаралық поэзия кешіне қатысушылардың әлем халықтары тілдеріндегі  өлеңдері енгізілген.

Жинақтың тағы бір маңыздылығы - жинаққа кірген ақын - жазушылардың көпшілігі шығысқазақстандықтар - біздің жерлестеріміз. Несіпбек Айтұлының "Бәйтерек" поэмасынан үзінді, Нұржан Қуантайұлының "Көктем", "Қансонарда", "Тебінде" атты өлеңдері, Ұлықбек Есдәулеттің, Ақберен Елгезектің,  Тыныштықбек Әбдікәкімовтің  орыс және қазақ тілдеріндегі өлеңдері топтастырылған.

Толығырақ...

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений