Бүгін кітапханамыздың қоры Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Тарбағатай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Сағынбек Ақановтың бірнеше құнды кітаптарымен толықты.
Бұл еңбектер – туған өлкенің тарихы, рухани құндылықтары мен тағылымды тұлғалары туралы мол мағлұмат беретін, жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруға үлес қосатын маңызды басылымдар.
Кітапхана ұжымының атынан Сағынбек Ақанұлына оқырмандар игілігі үшін жасаған бағалы сыйы мен кітапханаға көрсеткен қолдауы үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Жаңа кітаптармен кітапханамыздан танысып, рухани қазынамызды бірге байытуға шақырамыз!