17 мамыр сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапханада қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, біртуар азамат Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Кешіміздің қонақтары ұшқыштың немере-інісі Болатбек пен Нұрлыбек Малдыбаевтар келіп аталары жайлы тартымды әңгіме айтып берді және осы ұшқышымыздың өмірін зерттеп жүрген жерлес жазушы-журналистеріміз Айтмұхамбет Қасымов, Оңдасын Елубай ағаларымыз кеш қонақтарына тартымды да әсерлі әңгіме сыйлады. Кештің көркін қазақтың күмбірлеген домбыра дауысымен Ағайынды Абдуллиндер атындағы Өнер колледжінің студенті Санат Амантай «Адай» күйімен ашып, Құрманғазының күйі «Терісқақпаймен» аяқтады.
4 мамыр күні №5 қалалық мектептің оқушылары кітапханада ұйымдастырылған «Партизан соғысының батырлары» кітап көрмесімен танысты. Оқушыларға партизандар, астыртын жұмыс істеушілер, соның ішінде жергілікті партизандар жайлы, олардың қайтпас қайсарлығы мен ерлігі жайлы мәлімет берілді.
Өскеменнің Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Азаттық таңы – алаштың жаны» атты әдеби сазды кеш өткізілді.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі әйгілі ұстаз, құрметті профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның үш томдық еңбегі жарық көрді.
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 20 сәуір күні кітапханада ауқымды шара өтті. Кітапхананың пайдаланушылары мен оқырмандары үшін түрлі тақырыптық, қызықты кітап көрмелері ұйымдастырылады.
11 сәуір 2017 жылы Өскемен қаласының азаматы Молдамжаров Ерсін Замзаұлы А. С. Пушкин атындағы кітапханаға келіп оқырмандардан елеусіз жүрген сықақшы-карикатурашы Айдарбек Ғазизұлын білесіңдер ме, деген кезде білетін оқырман шамалы болды.
6 сәуір 2017 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» атты шара өткізілді. Құйрықты жұлдыздай ағып түсіп, артына өлмес мұра қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы Шығыс өңірімен тығыз байланысты. Алаш қозғалысының 100 жылдық мерейтойы аясында бір бірімен тығыз байланысты үш бірдей айтулы мереке аталып өтті. Ақын мұғалімдік қызмет атқарған Шыңғыстай мектебінің ашылғанына 110 жыл, 20 ғасырдың басындағы тұңғыш білім ордасы - Шыңғыстай мектебін ашқан алаш қайраткері Әбдікерім Ережепұлының туғанына -150 жыл, «Бір ел –бір кітап» акциясының басталғанына 10 жыл.
Өр Алтайдың бауырында орналасқан, кезінде Қаратай елі болыстығының орталығы болып, тұңғыш мектеп ашқан Шыңғыстай ауылының тарихы туралы энциклопедиялық сипаттағы «Шыңғыстай» жинағы жарық көрді. Жинақты құрастырған сол ауылдың тумасы - Ербол Баянғазыұлы.