kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2026
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

"Қайран біздің аналар арды ойлаған..."


деп Мұқағали ақын жырлағандай соғыс жылдарында еңбек етіп, ер- азаматтың қайратын қажет ететін «қара жұмыста» жүріп бой жеткен, азаматтарды жоқтатпаған қайсар аналарымыз туралы сөз айтып, олардың ерен еңбегін жас ұрпаққа жеткізуді· жөн көрдік. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен кешегі арулар, бүгінгі әжелер әр ауылда бар, алды бақилық болып кеткен қайсар аналардың соңы бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отыр. 

Ойшіліктік батыр аналардың тылдағы ерлігі

1941-45 жылдары алапат соғыс кезінде ел басына түскен қиыншылықтарды жеңіп, жаудың көзін жойып, eлін қорғау жолында қаншама қан мен тер төгілді. Осы соғысқа Oйшілік өңірінен аналарымыз 130 азаматын аттандырса, соның 92-ci хабарсыз кеткен.

Соғыс жылдары Ойшілік ауылының аналары, қыз-келіншектері еңбекке ерте араласты. Ауылда ауыр тылда қызмет еткен аналарымыз қара нардың жүгін көтеріп, отбасымен қоса бүкіл елді асырады. Әйелдердің еңбекке араласуы, ерлердің еншісіндегі icтерді олардан кем орындамайтынын дәлелдеп кетті. Бұл нәзік жанды аналарымыздың қандай қacipeт көргенін түсіне де, сезе де алмаймыз. Майдандағы сұранысты қанағаттандыру үшін бала-шағадан бастап әйелдермен бipre қарттар да тыным таппады. Мектеп қабырғасынан майдан даласына аттанғандар қаншама?! Соғыстың салдарынан қаншама қыз-келіншектер мектепті аяқтай алмады.Ауылымыздың ардақты батыр аналары азаматтардың атқарған қызметтердің толығымен атқарып шықты. Атап айтсак, Ақтасова Бибәтіш, Оразаева Қатипа, Мұқатаева Ләш, Сағындықова Кұлжұмаш, Күлан апа (Байкемпір), Бадамшина Нұрғайша, Молдабаева Мүкай, Жүнісова Қайшанбек, Мамилина Шапия, Ахметова Сағила, Мәзова Қази, Бекбаева Бәжен, Әбілқасымова Жаңылхан, Жақыпбаева Қайникамал, Жақыпбаева Қайнижамал, Бәкімбаева Нұрсағат, Кісебаева Кайникамал, Ыбырайқызы Нұрғиза, Туғанбаева Жаңылхан, Қыбырова Дина, Бекбаева Тыныштық, Қамытжанова Нұршан, Кісебаева Сақыш, Рымжанова Жақия, Мұқатовтар анасы Нүрипа апа, Әбілдина Күлпаш, Тастағанова Қазиза, Раймбаева Ығиза, Сарбасова Разия, Ырымжанова Жақия, Бекбаева Бәккәмал, Жексенбаева Қаламқас, Райымханова Зейнезайып, Шөпбаева Айтуған, Сағындыкова Бикен, Бектенова Умітхан, Арқабаева Ырыс, Бахтиярова Ахан, Қыдырбаева Гулам, Мажакова Шарбан, Алтыбаева Зейнеп, Дүйсенбаева Айтжамал, Қарашолақова Алтыкен, Хамзина Манат, Оразаева Бозторғай, Марғу апа, Сапарғалиевтар анасы Рахия, Қарашолақова Тлеулес, Жүнісжановтар анасы Жамал, Омарова Жамал т.б, аналарымыз бар. Аталған есімдер ауыл аналарының есте бар бip бөлігі ғана.

Оқушы кезімізде тарих пәнінен Нұрқасымқызы Назигул ұстазымыз жыл сайын соғыс apдагерлері мен тыл ардагерлерін мектепке арнайы қонақ ретінде шақырушы едi.

Сондағы естеліктерде тылдағы еңбек apдагерлері Ахметова Сағила, Құсайынова Нүрикамал апаларымыздың айтқан құнды естеліктерін көзге жас алмай тыңдау мүмкін емес. 1929 жылы құрылған "Комсомол" колхозына мүше болып көрген аналарымыз бел жазбай колхоздың нығаюына зор үлес қосты. Колхоз нығайып кележатқанда 1941 жылы барлығына белгiлi соғыс басталып кетті. Соғыстың алғашқы күнінен-ақ ауыл әйелдері егін алқабы мен мал шаруашылығы фермаларында екпінді еңбектің үлгілерін көрсетті.

Coғыс кезінде ауылымыздың қайсар аналары жер жыртып, соқа салып, eгін егіп, оны қолмен орған. Күн-түн демей соғысқа қажетті қолғап, шұлық тоқып, толықтай материалдық қажеттіліктерін өтеп отырған. Күндізгі жұмыстан кейін кешке майданшыларға азық-түлік пен киім-кешек әзірлеген. Көкпекті, Жаңғызтөбеге, Зайсан аймақтарына лау тартқан. Көкпектідегі май шығаратын зауытқа сүт тасыған. Бip уыс бидайға, бip жұтым сүтке қиянат жасамай бәрін мемлекетке тапсырып отырған. Ол кездегі өкіметтің саясаты да қатал бip уыс бидай үшін азаматтардың сотталып кеткен кездері де жиі болды.

Ауылдың қара жұмысына танылған әйел адамдар кез-келген жұмысты қолмен icтeyre мәжбүр болған. Ол жер қашау, шөп шабу, шөмелеу, қырман басындағы ауыр жұмыстар. Әрине қажытты. Амал қанша, бастарына қара бұлт төнген шақта ондай жағдайды ойлау тұрмақ түске кipiп шықпаған кезең болды. Tiптен қырманда жүрген жас әйелдерге қаралы қағаздың келгенін де айтпаған күндер болды. Жас ана caғы сынбасын, бекем жүрсін, ecтice шыдай алмас деген қayiппeн қаншама үмітті күндер өткіздi. Көктемгі eгic науқанының жоспары осылайша артығымен орындалған.

Ендiri кезекте, ауылымыздың батыл да қайсар әйелдерінің өмірбаяндарына қысқаша тоқтала кетсек. Жүнісова Қайшабек-1910 жылы дүниеге келген. 1939 жылдан бастап коммунист партия қатарына қабылданып, 1940-1945 жылдары сиыр фермасының меңгерушісі болған.

Әбілдина Күлпаш апамыз да соғыс кезінде барлық алтын сырға, сақина, білезіктерін оқ жасауға басқа әйелдер сияқты бepin жіберген. Соғыс кезінде тоқыма iciмен айналысып, майдандағыларга киім-кешек тоқыған.

Мамилина Шапия, Мәзова Қази, Баяхметова Мәулет, Умбетова Сақан, Райымбаева Ығиза, Құсайынова Нүркамал, Бекбаева Тыныштық, Нұрғалиева Мәмиле, Нұрғалиева Алтынғазы апаларымыз “Комсомол” колхозына мүше бола сала, тыңбай еңбектенді. Coғыс жылдары epлерінің орнын жоқтатпай күндiз-түні жер жыртып, eгін орып, өздеріне берген 30 га. жерді қашап, норманы күнделікті орындаған. Қыстың қақаған аязына қарамай балаларымен бipre мал бағып жеңіске өз үлестерін қосты.

Ерен еңбектері үшін "Еңбек ардагері ордендерімен және Сталиннің Алғыс хатымен марапатталған. 1944 жылы "Екпінді газетінің №224 (3798) 7 карашадағы нөмірінде ’’Ақсуат колхозшыларының асқан белсенділігі мақаласында “Заем шығару жөніндегі үкімет қаулысы жарияланысымен ауданның барлық колхоздарында асқан саяси өрлеумен көп адам қатынасқан митингілер өтеді. Колхозшылар өздерінің еңбекпен тапқан ақшаларына соғыс заемының облигацияларын қолма-қол сатып алып, жауды талқандау iciнен еш нәрсесін де аямағандықтарын көрсетті. "Комсомол" қазіргі Ойшілік колхозының мүшелері заемға түгел жазылып, 46000 сомды мемлекетке қарызға берген. Колхоз басшысы Малғаждар Смағұлов қолма-қол 10000 сомның заем облигациясын сатып алған. 84 жастағы қарт колхозшы Сәтбаев асқан патриоттык сезіммен 10600 сомды қолма-қол төлеп, заем облигациясын алады. Ал, осы кісілердің арасында жасына қарамай ерлігімен танылған ешкі фермасының бастығы Кайникамал Жақыпбаева 10000 сомның заемын алып, артынша ақшасын қолма-қол төлеп отырған”. Ол кездегі аудандық жергілікті газет тілшілері жарыса жазған осындай мақалалар Семей қаласының "сирек қорлар" фондында сақталған.

Кулан апа (Байкемпір)-бұл кісінің eciмi ауыл тарихындағы ерекше есімдердің бipi. Жалғыз ұлы Орал соғыстан оралмай, өмірін баласының жолын тосумен өткізген. Күлан апа өте ауқатты, малды болған. Ауыл адамдарына, жоқ-жітім адамдарға малдай, қаржылай көп көмектескен. Өкіметтен облигация алған. Тыл apдагері. Батыр да қайсар ана болды.

Бодамшина Нұрғайша Самалқызы-1892 жылы Ақжар ауылында дүниеге келген. Бала кезден бастап ауыр еңбекке ерте араласқан. Үлкен ұлы Молдағали соғысқа аттанып, отағасы қайтыс болғаннан кейін соғыс жылдары балаларымен тағдыр тауқымет көрген ана өмip қиындықтарына мойымаса керек. Қызы Сағила және екінші ұлдары 13 жасар Задағали, 6 жасар Оразбен бip отар қойды жалғыз баққан. 1939 жылы фермада сауыншы болды. Қыстың қақаған аязды күні қораға қасқыр шауып, үстіне күпәйкені іле сала, қолына шоқпар алып жаңағы қаскырды қақ шекеден қағып түсірген. Сондағы өз жандарын аямай өкіметтің дүниесіне нұқсан келтірмеу. Айша апамыздың epлiri бүкіл ауылға бip-aқ күнде тарап, қазіргі ұрпаққа аңыз. Бip отар қойды аман сақтап қалу үшін балаларын жалғыз тастап, далада қонып қалатын кездері болған. Айша апамыздың қайсар мінезі, батылдыты, ер адамға бepгісіз батырлығы біздің көз алдымызда әрқашан батыр ана бейнесінде қала бермек. Ол кici 1990 жылы 98 жасында дүниеден өтті.

Баяхметова Адасқан Баяқметқызы-1928 жылы 1 қаңтарда 8 сыныптық білім алып,12 жасынан бастап Ұланірге, Ақши колхозында қара жұмыс істеді. Арықарай сиыр фермасында eceпші, қосымша бригадир болған. 1959-61 жылдар аралығында ШҚО, Тарбататай ауданы, Қарасу ауылдық coветінің халық қалаулысы болған. Уақыт аралығын байқамай мал да бақты, құрылысшы да болды. "Еңбек ардагері» орденімен марапатталған.

1928 жылы туған Қайынжамал апаның 14 баланы өcipiп жеткізген, тылдағы epліктерінің өзі бip кітап десек, қателеспейміз.

Бахтиярова Шәден апа бала күннен бастап ауыр еңбекке араласты. Eгін егіп, жер қашады, сауыншы болды. Николай патшаның кезінде Шәден апа 6 жасар бала екен. Ол "Кеңес өкіметі орнатқан қызыл киген солдаттар келіп, ауылда тамақпен ауқаттанып жатады, ауыл адамдары олардан қорқатынбыз. Сұрағандарын бepin дайындап қоятынбыз. Сол кездері Николай патшаның cypeтінің бір сомдық селкебайдың сыртынан көргенім бар" деп әңгімесін жазып қалдырған. Шәден апа соғыс кезінде қорғансызға қорған, панасызға пана болған асыл жан.

Ахметова Сағила-1926 жылы туған. Әкeci 1937 жылы қайтыс болып, анасы және екі бауырымен жалғыз қалған. Үлкен атасы соғысқа аттанғаннан кейін, барлық жұмыс мойнына артылды. Анасы сауыншы болған кезде 8 жыл қасында сүт тартқан інілерімен бұзау, бір отар қойды да жалғыз өздері бағып, аман-есен жазға жеткізіп отырған. 1945 жылдан бастап колхоздың ауыр жұмыстарына тартылып, мал шаруашылығында талай жыл еңбек eттi. Оқушы кезінде Ұзынбұлақ колхозынан ауылға 9-10 шақырым жалаң аяқ жаяу мектепке келген. "Анамыз шытқа түйіп бip уыс бидай береді. Соны күні бойы азық қылатынбыз” деп айтып отыратын. Heмepeci Какимова Бағдаттың ecтеліктерінде "Kөрші Қыбырова Дина апамен менің апамның әңгімелері, мен үшін epтeri емес едi. Жас күніндегі ауыр тағдырларының шетін күрсініспен шертіп, көзге еріксізден жас алдыратын. Анасы мектепке барарда екі бауыры мен өзіне бip уыстан бидай салып береді екен. Бауырлары лезде бидайларын жеп алып жылайды. Сонда жыламасын деп өз бидайын coларға бepin, аузындағы 2-3 түйір бидайды күні бойы сорып азық қылады екен. Бойжеткен кыз жастайынан мал сояды. Апам өмірінің соңына дейін тоқыма киім кимеді. "Осы токыманы көрмесем екен” деп отыратын. Шаңтас тартып, егін орып,су суарып, шөп жинаған ол 1965 жылы қатты ауырып, 1971жылы 7 жыл поштада жұмыс істеген. "Еңбек apдarepi" орденімен марапатталды. Kөзім көрген Сағила апамыз төзімді, өте салмақты, намысшыл, адалдықты ту еткен нағыз қайсар да батыр ана бейнесінде қалады.

Әбілқасымова Жаңылхан-1927 жылыОйшілік ауылында дуниеге келген. Өз еңбекжолын 14 жасынан бастаған ол сүтфермасында сүт тартқан. Онымен бipге Дина, Қатила, Қайынжамал апалар бәpi бipгe лау айдаған. Ер адамнан жалғызМырзағали ата болган. Сол бip ауыркүндерді Жаңылхан апа былай деп еске алатын: "Аякөздің өзіне жеті күнде барып жетікүнде қайтатынбыз. Жолда қиыншылық көрдiк, бipaқбәpiнe төтеп бердік. Сақылдаған сары аязда, аптап,ыстықта да лау айдадық. Жеңіс үшін бәріне төзе білдiк” дейтін.

Тастағанова Қазиза-1910 жылы ТоқабаевОмардың отбасында дүниеге келген. Алғашқы кезде колхозда мойынсерік, кейін мүше болып кірген. 1937 жылы стахановшылар қозғалысына қатысқан.

Мал шаруашылытында талай жыл еңбек етті, мал басын көбейтуде аянбай еңбек eттi. Әpбip icтi тиянақты орындап, жауды жеңуде біркісідей ат салысып, еңбегімен ауыл тарихында аты қалды.

Тарасова Лидия-1923 жылыВологольская облысының Череповецкий ауданы Хадуюский селосында дуниегекелген. 1941 жылы мамыр айында соғысқа"санитарный" бөлімінде командирдің орынбасары болып талай жыл жұмыс аткарған. 1945 жылытуған eлiнe оралады, 1949 жылы Ақсуат ауылынажұбайымен көшіпкеліп, шопан болған. Лидия апаауылымыздың соғысқа аттанған азаматы Әбенов Сейтханатаның жұбайы. (Айтылған естеліктер аналардыңөз аузынанжазылып алынған жәнеқысқаша кітап бетінетүсірілген.)

Өлке ақыны Нұрахметов Асқар ағаның тылдағы ауыр тағдырлар туралы мына бip өлең шумақтары сақталып қалыпты.

Сұрапыл соғыс жылдарда,

Еңбек еткен тылдарда.

Білектерін сыбанып,

Келіншектер-қыздар да.

Батыста күркіреп зеңбірек,

Оқ боратып тұрғанда.

Тыныш жатқан елiнiң,

Басына күн туғанда.

Нұрбек, Ақан, Мағрипа,

Бiбiш, Кәмеш, Ығиза,

Соқа айдап, жер жыртып,

Егін салған қырларға.

Қабырғасы қатпаған,

Бойжеткендер, бозбала.

Оянып таңмен бойжеткен,

Кулпаш, Зия, Тлеулес,

Еңбек еткен жан сала.

Дина, Манат, Бижамал,

Балди, Сақан, Нүркамал,

Қайныш, Бүбіжан,

Ұлболсын,

Осылардыңқолынан,

Бітпеген жұмыс

қалмайды.

Шаңтасқа атты пар айдап,

Атқан таңға карайлап.

Сағила, Жамал,Жаңылхан,

Қырманда астық бастырған.

Желдет қабай-қабайлап,

Қаралып қойды күзетіп.

Маялап шөпті шапқанды,

“Майдан үшін бәpi" деп,

Тылға тегіс аттанды.

Шәден Бақтияр келіні,

Ұйықтамай түнде ic тігіп,

Аттыратын ақ таңын.

Алтынғазы, Бәтіш апамыз,

Жұмылдырып жастарды,

Басшылык жұмысатқарды.

Тылда еңбек тынбайды,

Ешкіқарап тұрмайды.

Баки, Пану, Айымбас,

Орақпен орып бидайды.

Нүкеш, Сакен, Нагима,

Артынан жүріп баулайды.

Қанипа, Шолпан, Нұржікен,

Білектері талмайды.

Уақайқызы Бижамал,

Құсайынкеліні Нүркамал,

Ұшыратын қызылдап,

Болдыратын аттар да.

Күн шыққанда шыбындап,

Жалынды сол жастардан.

Қырманда тынбасасқақән,

Қырман басын басқарған,

Баяхмет қызы Адасқан.

Есепшілікқызметатқарған,

"Керуен басы” атанған,

Қайынкамал, Жаңылхан,

Пану менен Қадиша.

Кейде тиеп арбалап,

Қыста жүріп шаналап.

Жалғызтөбе, Тұғылға,

Тапсырыс алып майданға.

Атын жазып колхоздың,

Желбіретті жалауын,

Жүріп барып талай күн,

Түн қатып астық апарған.

Epлiгі үшін тылдағы,

Сталиннен хат алған.

Соғыс жылдары Ойшілік ауылының әйелдері мен жастарынан құрылған еңбекшілер тылдағы шаруашылық өндipiciнде осылайша еңбек етті. Олардың тылдағы epліктері мен еңбектері соғыс тарихында мәңгі сақталып қалды.

Динара АХМЕТОВА,

педагогика ғылымдарының магистрі, Alikhan Bokeikhan University тарих ғылымдарының PhD докторанты,

Семей қаласы.

Күршім ауданы

Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оңжағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар.

Алтай Күршім не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтаймен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал, күн жылт етсе төрт түлік мал қарағайлы Қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны.

Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған, ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі- алтай жазы тау еркесі- киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалына сайран етіп жатқаны... .

Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы, 1928 жыл.

(Алматы, Жібек жолы баспа үйі, 2003 жыл)

 

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысың аумағы соңғы жүз жылда талай әкімшілік-аумақтық реформаны бастан өткізді. Алтай-Күршім, Нарым, Бұқтырма уезінің Тимофеев болысының бір бөлігінен, Зайсан уезінің Дарственное, Нарым болыстарынан, Өскемен уезінің Бөкен болыстарының бір бөлігінен 1928 жылы «жинақталып» құралған Күршім ауданы Семей округінің 23 ауданының бірі болып  бекіді.Округтік орталығы Семей қаласы, ал әкімшілік орталығы болып Кұмаш ауылы белгіленді.

Омар болыстың басқаруы кезінде, 1898 жылы Құмаш атты татар саудагері осы жерде дүкендер, қоймалар, саман үйлер салып жаңадан қаланған мекен саудагер атымен «Кумашкино» аталды. Күршім ауылы орналасқан жердің тарихи атауы «Ақарал» (кейбір деректерде Қарашілік).

1965 жылы Құмаш аулы Күршім селосы болып өзгертілді

ҚР Президентінің 1997 жылдың 23 мамырындағы Жарлығымен Марқакөл ауданының жері Күршім ауданымен біріктіріліп,  Күршім ауданы  деп атала бастады. Жер көлемі  23,2 мың шаршы километр.

Әкімшілік орталығы Күршім ауылы облыс орталығынан және ең жақын темір жол станциясы «Защитадан» 218 километр қашықта орналасқан Ауданның аумағы 23,2 шаршы километрге тең. Ауданның әкімшілік-территориялық құрылымы 12 ауылдық округ немесе 61 ауылдық елді мекеннен тұрады. Аудан халқы 40,2 адамды құрайды, тығыздығы – 1 шаршы километрге 1,7 адамнан келеді.

Аудан Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Климаты шұғыл континентті. Қыста аяз 0-ден төмен 50 градусқа дейін жетсе, ал жазда термометр бағанасы, керісінше, 50 градусқа дейін көтеріледі.

Тамылжыған табиғат аң мен құстың, дәрілік шөптер мен ағаш түрлерінің мәңгілік ордасындай Марқакөл туралы аңыз көп. Азу таудан әрі асып, Мәрмәр таудан қиялай өтсеңіз көз жасындай мөлдіреп атақты Марқакөл жатыр. 

1976 жылы Қазақстан Алтайында 71400 га аумақты қамтитын Марқакөл Мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.

·

Күршім өңірі бағзы заманнан бері өмір сүрген көшпелі қауымның ата-мекені болды Археологиялық зерттеулер барысында ауданда 183 археологиялық жәдігер анықталды. Мысалы, Бурабай маңындағы жәдігерлер 54 қорғаннан тұратын, ұзыннан ұзақ созылған қорғандар тобын құрайды, ал Түлкіне шоқысының петроглифтері немесе Нарбота шатқалының, Қалжыр өзені аңғарының, Қарасеңгір тауының петроглифтері тәрізді жартасқа салынған бейнелер 1,5-2 шақырым жерге дейін созылып жатқан көне ата-бабаларымыздың тұрағы екені сөзсіз.

XVIII ғасырда өмір сүрген  Қабанбай, Бөгенбай сияқты батырлардың үзеңгілес досы Көкжарлы Көкжал Барақ батыр , Танаш, Күркебай сияқты ел қорғаған батырлар осы өңірдің тумалары.

 

 

Ұлы Отан соғысында ерекше көзге түсіп, Кеңес Одағы батыры атағын алған Василий  Бунтовских , Павел Журба  есімдері  ел есінде мәңгі сақталмақ.   

Күршім,Марқа өңірі таланттарға бай. Досхан Жолжақсынов,   режиссерлар Марат Сақатов, Тоқтаубек Әлдиев, әртіс Уәйіс Сұлтанғазин, әншілер  Келденбай ӨлмесековДауыл Хайруллин, философ, әдебиеттанушы, сыншы Сәбетқазы Ақатай, ақын А. Егеубаев, жазушы Асқар Алтай, Тұрысбек Сәукетаев, КСРО Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев сияқты жерлестерін мақтан тұтады.

 

Интернет-ресурстар:

Күршім аудын әкімінің ресми сайты

Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаментінің сайты

ШҚ басты сайты 

Шығыс Қазақстандағы әдемі көлге саяхат (Марқакөл) 

Библиография:

Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.

Боздақтар=Книга памяти [Текст] : 1941-45 ж.Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығына арналады = Посвящается 50-летию Победы в ВОВ 1941-1945г. / . - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998 - Т.3 : Шығыс Қазақстан облысы=Восточно-Казахстанская область. - 728 с. - ISBN 5-89800-106-9. - ISBN 5-89800-063-1 : 250.00 тен.

Кітапбаев Б. Шежіре [Мәтін] / Кітапбаев Б. - Алматы : Қайнар, 1994

Кітапбаев Б. Шежіре [Мәтін]. 2-ші бөлім : Тоғыз таңбалы Найман, 1994. - 275 б.

Ыбыраев Ж. Алтай шұғыласы [Мәтін] / Ыбыраев Ж. - Алматы : Қазақстан, 1976. - 192 б.

Ыбыраев Ж. От жүректі чекистер [Мәтін] / Ыбыраев Ж. - Алматы : Қазақстан, 1978. - 167 б.

Әділет жолында [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы соттарының құрылғанына 70 жыл / ред. басқарған Б. Д. Мақұлбеков ; ред. В. П. Алексеева. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2009. - 242 б.

Шығыс Қазақстан табиғаты [Фотоальбом] / суретші. Н. Бегун. - Өскемен : Рекламная компания Позитив, 2010. - 139 б

Сәбеков, Асылбек. Атадан ұл туса игі... [Электрондық ресурс] : [Ұзақ жылдар басшылық қызметте болған А. Сәбеков тұтас бір дәуірдің портретін жасауға ұмтылған. Зайсан, Күршім аудандарының өсу- өркендеу жолына тоқталады. ] / А. Сәбеков. - Өскемен : Медиа -Альянс, 2005. - 266 б. с.

Ары қарай...

Тарбағатай ауданы

   
Тарбағатай ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Ақжар ауылында әкімшілік орталығы бар Зайсан уезінің Тарбағатай, Нор-Зайсан және Нарым болыстарының бөліктерінен құрылды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК бекіткен). 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен аудан құрамына таратылған Ақсуат ауданының аумағы кірді. Әкімшілік орталығы Ақжар ауылынан Ақсуат ауылына көшірілді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының ЕлтаңбасыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы N 865 Қаулысына сәйкес, Тарбағатай ауданының шекаралары өзгерді: Шілікті ауылдық округінің аумағы Зайсан ауданына көшті.

4 мамыр 2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тарбағатай ауданының құрамынан орталығы Ақсуатта орналасқан Ақсуат ауданы бөлініп, Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақжар ауылына көшірілді.
Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, ауданы – 23,7 мың шм2. Қала тұрғындарының саны – 41 596 адамды құрайды. Ауданда 17 ауылдық округ бар, 60 елді мекен бар. Ауданның климаты күрт континенталды.
Тарбағатай ауданының аумағы – 2 373 190 га құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында – 1 110 182 га, өнеркәсіптік мақсатта – 23 760 га, резервтік жер учаскелері – 572 872 га. Ауданның өндіріс бағыты – ауыл шаруашылығы, негізгі бағыты – мал шаруашылығы.
Аудан ауылшаруашылық жерлерінің үлкен массивтеріне бай. Бұл жоғары өнімді шабындықтар мен жайылымдар. Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және өңдеумен айналысады.
Ауданның фаунасы бай және алуан түрлі. Мұнда қасқырлар, түлкілер, қарсақтар, борсықтар, суырлар, сілеусіндер, қояндар, арқарлар, тиіндер, аюлар және кеміргіштердің, бауырымен жорғалауыштардың көптеген түрлері мекендейді. Арқар және елік сияқты тұяқтыларды, сондай-ақ «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген кейбір басқа жануарлардың түрлерін сақтау мақсатында 1968 жылы Зайсан ойпатының оңтүстік-батысында Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастырылды. Қорық аумағында бор дәуіріндегі динозаврлардың қалдықтарынан табылған «Алаулаған адырлар» табиғи ескерткіші орналасқан.Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының географиялық аумағы
Бұл аймақтар біздің дәуірімізге дейін көшпенділер мекендеген. Бұған Маңырақ пен Тарбағатай жоталарының арасында орналасқан Шілікті алқабындағы қорғандар дәлел. 1960 жылы «Алтын оба» алтын қорғанынан белгілі Ленинград ғалымы С. Черниковтың жетекшілігімен археологиялық экспедиция жалпы салмағы 100,5 г болатын 524 алтын затты тапқан. 2003 жылы Патша (Шілікті) алқабының ең үлкен қорғанының түбінде ең үлкен және ең бай жерлеу орнын қазды.
Ауданның көрікті жерлерінің бірі – ашық сұр граниттен жасалған Бөрітастаған жартасы. Шығыстан батысқа қарай созылған, оның айналасында шақырым жер, ал биіктігі шамамен – 19 метр. Жартастың оңтүстік жағы толығымен дерлік мөлдір, ал солтүстігінде жартастың басына көтерілу үшін жиектері мен жұмсақ жиектері бар.
Жер атауының топонимикасын түсіндірудің бірнеше нұсқалары бар. Тарбағатай сөзі екі түркі сөзінен тұрады: «тарбаған» (суыр), «тай» (тау), бұл «суырлары көп тау» дегенді білдіреді (Қазақстан топонимикасы: энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2010).
Бұл топонимнің екінші мағынасы: Тарбағатай қалмақ сөзінен шыққан· «Тарбаға-Сугрлы» (А. Ислямов· «Топонимика Восточного Казахстана» - Алматы, 2003). Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданының аумағында Тарбағатай өзені, Абай облысының Аягөз ауданында Тарбағатай ауылы бар.
Тарбағатай ауданының өткені мен бүгіні туралы А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының баспа және электрондық ресурстарынан таба аласыздар.

Әдебиеттер тізімі - Список литературы

Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы [Мәтін]. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 136 б.

Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.

Әшірбаев Б. Тарбағатай таулары [Мәтін] : Ән жинағы / Әшірбаев Б. - Семей : СемейПечать, 1998. - 39 б.

Егізбаева М. Қ. XIX-XX  ғасыр басындағы Тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу) [Мәтін] : тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін  алу үшін дайындалған  диссертацияның авторефераты / Егізбаева М. Қ. - Алматы : [б. ж.], 2007. - 26 б.

Қазақстан таулары [Мәтін] : Мектеп жасындағы балаларға арн. - Алматы : Аруна, 2003. - 11 б.

Құнафиянов Қ. Өткен күнде белгі бар [Мәтін] : Деректі повесть / Құнафиянов Қ. - Өскемен : Б.ж., 1997. - 177 б.

Құнафьянов Қ. Өткен күнде белгі бар [Мәтін]. 2-ші кітап, 2000. - 125 б.

Овод Т. Тарбағатайдың қызыл тау қырандары [Мәтін] / Овод Т. // Революция от жалынында. - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959

Таңғажайып жер= Земля очарования = Land of fascination [Мәтін] : [альбом]. - [Өскемен] : [б. ж.], 2006. - 203 б.

Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно - Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен; б. ж. : [б. ж.], 2006. - 254 б.

Шығыс Қазақстан [Мәтін]. - Алматы : Золотая книга, 2009. - 60 б.

Омаров, Ғани Қалиханұлы. Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы) [Мәтін] : тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Ғ. Қ. Омаров. - Алматы : [б. ж.], 2010. - 25 б.

Мәселұлы Ә. Тұлға [Электрондық  ресурс] : Өлеңдер, балладалар, дастандар / Ә. Мәселұлы. - Алматы : [б. ж.], 2010. - 238 б. с.

Қасымұлы, Түгелбек. Алпыс үш жасар жиһанкез [Мәтін] : [атақты веломарафоншы Түгелбек Қасымұлы туралы]  / Т. Қасымұлы, Х. Сәтиев // Семей таңы. - 2009. - 29 қаңтар.- Б.11.

Сұлтанбекова А. Интернационалист ардагерлер [Мәтін] / А. Сұлтанбекова // Тарбағатай. - 2009. - 14 ақпан.- Б.5.

Көпшікбаева Ш. Ауғанстан ақиқаты немесе 9-ротаның шындығы [Мәтін] / Ш. Көпшікбаева // Тарбағатай. - 2009. - 14 ақпан.- Б.5.

Жанахметұлы А. Тарбағатай байлығы мол [Мәтін] : [Тарбағатай ауданының қазба байлықтары жайлы] / А. Жанахметұлы // Дидар. - 1993. - 31 тамыз.- Б.

Есенбақ Ж. Суырлытауда суырлар құрып барады [Мәтін] / Ж. Есенбақ // Егемен Қазақстан. - 1992. - 5 қыркүйек.- Б.

Қайырбаев Ә. Ақын мұрасы [Мәтін] / Ә. Қайырбаев // Дидар. - 1991. - 8 қаңтар.- Б.

Елубай, Оңдасын. Түлеген Тарбағатай [Мәтін] : [Тарбағатай ауылының бүгінгі тынысы] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2009. - 3 шілде.- Б.6.

Темір дәуірінің тылсымдары [Мәтін] /  !o200f.pft: FILE NOT FOUND!  // Алтын орда. - 2009. - 13-19 тамыз.- Б.3.

Садықов, Серікбосын. Тарбағатай баурайындағы "Қоңыртау" көшпенділерінің мұралары [Мәтін] / С. Садықов // Жұлдыз. - 2009. - 10 қазан.- Б.3.

Ақашев Е. Ұлттық ірі тұлға [Мәтін] : [Қаныш Имантайұлының туғанына 100 жыл толуына орай] / Ақашев Е. // Тарбағатай нұры. - 1999. -  18 сәуір.- Б.

Ақжасар Қ. Тарбағатайдың тас мүсіндері [Текст] / Ақжасар Қ. // Дидар. - 2006. -  11 наурыз.- Б.2

Ақжасаров Қ. Тананың мұрағаты-тарихтың ұлағаты [Текст] / Ақжасаров Қ. // Тарбағатай нұры. - 2003. -   11 қазан.- Б.2

Ақсуат пен Ақжар [Текст] // Егемен Қазақстан. - 2005. -  29 маусым.- Б.7

Алтай - Тарбағатай өңірінің күйшілік өнері [Мәтін] // Музыка әлемінде= В мире музыки. - 2006. - №4.- Б.8-9.

Әмірғазина Г. Тарбағатай мәдениеті-ғасырлар тоғысында [Мәтін] : [Мәдениетті қолдау жылына байланысты іс-шаралар ] / Әмірғазина Г. // Тарбағатай нұры. - 2000. - 12ақпан.- Б.

Балшабеков Х. Тілек [Мәтін] : [Тарбағатай ауданының 70 жылдық мерейтойына орай] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1998. - 2 қазан.- Б.

Берікбол М. Алтайдан Тарбағатайға дейін [Мәтін] / Берікбол М. // Жас алаш. - 2004. -  15 маусым.- Б.5

Егізбаев Қ. Ауданға 70 жыл толады [Мәтін] : [Ақсуат ауылының құрылу тарихынан] / Егізбаев Қ. // Семей таңы. - 1997. - 28 қазан.- Б. ; Тарбағатай нұры. - 1998.; 10 қазан

Егізбаев Қ. Қазақ тарихындағы кесек тұлға [Мәтін] : [Тарбағатай өңірінен шыққан, ұлт тәуелсіздігі үшін кұрескен, "Үш жүз"-дің көсемі К.Төгісов жайында] / Егізбаев Қ. // Тарбағатай нұры. - 1998. - 11,18 желтоқсан.- Б.

Есенбақ Ж. Суырлытауда суырлар құрып барады [Мәтін] / Есенбақ Ж. // Егемен Қазақстан. - 1992. -  5 қыркүйек.- Б.

Ибрагимов Ф. Есте қалар есімдер Ақсуаттың [Мәтін] / Ибрагимов Ф. // Тарбағатай нұры. - 2000. - 20маусым.- Б.

Иманов М. Алтын ұям-мектебім [Мәтін] : [Тарбағатай ауд. Покровка (қазіргі Маңырақ) мектебінің ашылғанына 75 жыл] / Иманов М. // Тарбағатай нұры. - 1998. - 22,29 мамыр.- Б.

Иманов М. Аудан тарихы жайында бірер сөз [Мәтін] : [Тарбағатай ауданына 70 жыл] / Иманов М. // Тарбағатай нұры. - 1998. - 26 маусым.- Б.

Исмурзина Р. Зайсан барда Тұғыл жасай береді [Мәтін] / Исмурзина Р. // Дидар. - 2004. -  27қаңтар.- Б.3

Қарасаев Ғ. Тарбағатай топырағының абзал азаматы [Мәтін] : [Қазақтың көрнекті ағартушы-демократы, революционер К.Төгісов туралы] / Қарасаев Ғ. // Тарбағатай нұры. - 1994. - 14 шілде.- Б.

Тарбағатай мемлекеттік зоологиялық қорықшасы [Мәтін] // Тарбағатай нұры. - 1998. -  5 маусым

Қанафин Н. Атақты емші Ырғызбай еді... [Мәтін] :  [XIX ғасырда өмір сүрген Ы. Досқанұлы жайлы естелік] / Н. Қанафин // Денсаулық сақтау . - 1992. - № 3-4.- Б.14-15.

Ақмолда, Бақыт. Шығысқа жол ашқан Шорға шайқасы [Мәтін] / Б. Ақмолда // Дидар. - 2010. - 11 қараша.- Б.7.

Қарымсақұлы, Жеткербайұлы. Ақжар өңірінің тарихы [Мәтін] / Ж. Қарымсақұлы // Ертіс өңір. - 2011. - 27 сәуір.- Б.18.

Қарымсақов Ж. Ақжар өңірінің тарихы [Мәтін] / Ж. Қарымсақов // Ертіс өңір. - 2011. - 21 қыркүйек.- Б.13,19.

Егізбаева М. ХІХ-ХХ ғ. басындағы Тарбағатай өңірі қазақтарының киімі [Мәтін] / Егізбаева М. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая . - 2007. - № 1. -  С. 128-131 б.- Библиогр.: 14 атау.

Елубай О. Түлеген түрленген Тарбағатай [Мәтін] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2011. - 29 шілде (№ 333/336). - 6

Ахметова, Уәзипа. Қарғыба өңірінің тарихы [мәтін] / У. Ахметова // Қазақ тарихы. - 2012. - №1.- Б.58-60

Асқаров , Еркінбек. Таңғажайып Тарбағатай: Потанинді таңғалдырған өлке [Мәтін] / Е. Асқаров  // Дидар. - 2012. - 30 наурыз.- Б.12.

Қосымша әдебиеттерді Өлкетану кітапханасынан және Электронды каталогтан қараңыз.
Барлық сұрақтар бойынша Анықтама қызметіне хабарласыңыз.

1941 жылдың наурыз айында Шыршық қаласындағы 194 атқыштар дивизиясының құрамында қызмет еткен бір топ офицерлер мен сержанттар Өскеменге келіп, бекініске орналастырылды. Олардың алдына жаңа бөлімшелер құру міндеті қойылды. Келгендердің барлығы бөлімшелердегі  әртүрлі лауазымдарға тағайындалды.

1941 жылдың сәуірінде олардың қатары жан-жақтан әскерге шақырылғандармен толықтырыла бастады. Сөйтіп, 238 атқыштар дивизиясының 405 атқыштар полкі құрылды. Мамыр айында салтанатты түрде полк туы тапсырылды. Сол ту күні бүгін Мәскеудегі Қорғаныс Министрлігінің  мұражайында сақталған. Семей мен Аягөзден орын ауыстырғандар келіп қосылып, тағы ба басқа бөлімдер құрыла басталы. Дивизия штабы Семей қаласында орналасты.

Шығыс Қазақстанда жасақталған дивизияның құрамының негізін жергілікті қазақтар мен снайперлер арасында қазақ қыздары құрады.  Шілде айынан 15 тамызға дейін дивизия өте үлкен әскери  дайындықта болды. 15 тамызда бас штабтың ұйғарымымен дивизия Иран шекарасына, стратегиялық маңызы бар пункттерге бақылау жасауға  жіберіледі. Көп ұзамай Термез қаласында әскери дайындықтарын жалғастырады.

1941 жылдың қыркүйек айының аяғында дивизия Батыс майданға келіп түседі. Тула қаласының маңында Щекино - Ясная Полянада қорғаныс шебіне орналасады. Жау Мәскеуге қарай майдан шебін бұзуға ұмтылған еді.  Алексин қаласының түбінде дивизия алғаш рет майданға кіреді. Кескілескен ұрыста жау күшінің артықтықшылығына қарамастан дивизия шепті ұстап тұрды. Тек 6 - желтоқсан күні Бас қолбасшының бұйрығымен Батыс майданы жаппай шабуылға шықты.  1942 жылдың желтоқсан-қаңтар айларында дивизия 260 шақырым алға жүріп, жау әскеріне үлкен шығын әкелді. Осы уақыт ішінде Алексин, Недельное қалаларын азат етіп, Юхнов қаласына жақын келді. Мәскеу түбінде жауға қатты тойтарыс беріп, ерлік көрсеткені үшін, 238-атқыштар дивизиясына 30-Гвардиялық атағы берілді. Ал 405 атқыштар полкі 90 Гвардиялық Полк болып қайта құрылды. Мәскеуді қорғауға қатысқан бес дивизия Қазақстанда жасақталса, оның екеуі әйгілі 316 Панфилов дивизиясы мен осы 238 атқыштар дивизиясы болатын.

1985 жылы Ұлы Отан соғысының 40 жылдық мерекесіне орай  30-Гвардиялық  Дивизияның тірі қалған  жауынгерлері Өскемен қаласына жиналды. 1985 жылы 9 мамырда шақырылған қонақтардың, қала жұртшылығының  қатысуымен салтанатты түрде қаланың бір көшесіне 30 Гвардиялық Дивизияның аты берілді.Көше атауы келешек ұрпақтарға аға буын өкілдерінің ерлігі мен даңқты жолдары туралы сыр шертетін болады.


М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений